«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі
Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
АНЫҚТАМА №10
Іс шаралардың атауы Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Дарынды балалардың жетістіктерінің қорытындысы: оқушы портфолиосы»
Мерзімдері 16.05.2025
Жауаптылар Ахметова Шахаризада Аскаровна ОЖМ
Ссылка: https://www.instagram.com/p/DJtL8zkMZsE/?utm_source=ig_web_copy_link
Өткізген іс-шараның нәтижелері: Нысаналы мектептер жобасы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 16.06.2025 күні «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де «Дарынды балалардың жетістіктерінің қорытындысы: оқушы портфолиосы» тақырыбында оқу ісінің меңгерушісі Ахметова Ш.А. дөңгелек үстел өткізді.
Тақырыбы: Портфолио – оқушы жетістігі
Мақсаты: Баланың білім алу процесін көрнекі түрде көрсету, маңызды білім алу нәтижелерінің жалпы «бейнесін» көру, ауқымды білім беру кеңістігінде баланың жеке ілгерілеуінің бақылауын қамтамасыз ету, білімдері мен біліктілерін практикада қолдану, қабілеттерін демонстрациялау.
Міндеттері:
Оқушылардың жоғары оқу ынтасын қолдау;
Білімі мен білігін бейімдеу;
Білім алуын дараландыру;
Шығармашылық келбетін қалыптастыру.
ІІ. Негізгі бөлім.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі атап көрсетілген.
«Оқушы портфолиосы - оқушының барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның білім - біліктілігінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы» деген анықтама берілуде. Оқушы портфолиосы - оқушының жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері. Ең алдымен оқушы портфолиосының түрлеріне тоқталайық:
1. Сыртқы беті.
2. Визитка (резюме, портрет). Портфолионың иесі туралы ақпарат.
3. Пән бойынша оқушы жетістігі (ББД):
3. 1 Баланың жекежетістіктер парағы;
3. 2 Алға жылжуды көрсететін графиктері;
3. 3 Бақылау, тест жұмыстары;
3. 4 Оқитын курстары;
3. 5 Пән бойынша олимпиада, сайыстарға қатысы.
4. Негізгі құзіреттіліктерінің қалыптасуы:
4. 1 Оқу - зерттеу әрекеті (жобалау жұмыстары, рефераттар, шығармашылығы);
4. 2 Қоғамдық шығармашылық әрекеті.
5. Оқушының жетістіктері.
6. Оқушы жетістігіне берілген өзіндік бақылау, қоғамның (мұғалімдер, ата - аналар, т. б.) бағалауы.
Қорытынды.
Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудың, шығармашылық, пәндік апталықтар, жобалар, үйірмелердің маңызы зор. Ал осындай шаралардың нәтижелерін оқушылар мен педагогтар портфолио арқылы безендіріп ұсынса шығармашылыққа қол жеткіздік деуге болады.
Директордың орынбасары Ахметова Ш.А.