«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебі 5-17 қыркүйек аралығында өткен ҚР халқының тілдері күніне арналған іс-шаралардың өтуі туралы мәлімет

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебі

5-17 қыркүйек аралығында өткен

 ҚР халқының тілдері күніне арналған іс-шаралардың

 өтуі туралы мәлімет

 

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде Қазақстанда қыркүйек айының 5-і – Қазақстан халқының тілдері күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке халқымыздың рухани бірлігін, ел ішіндегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың достығын нығайтуға бағытталған. Сондықтан бүгінгі ашылу салтанаты – еліміздің басты құндылығы – тілге деген құрметтің белгісі. Бұл шараны қазақ тілі әдебиет мұғалімі Қуанышова Д.О. онкүндіктің жоспарымен таныстырып, тақырыпқа сай стенд шығарылды.

https://www.instagram.com/p/DON5IT8DJz8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=M2JxMTE2YnBkZDht

https://www.instagram.com/reel/DOVWqayjPsP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MXBpaW0xNjBkdnptag==

8 қыркүйек күні жоспар бойынша 3-4 сынып оқушыларымен тіл мерекесіне орай «Тілдер мерекесі» атты тақырыпта сурет көрмесі өтті.

Мақсаты: Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениеттерінің әралуандығын көрсету, жас суретшілерді қолдау және патриоттық сезімді нығайту.

Көрмеге қойылған суреттерде Қазақстандағы түрлі ұлттардың салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, табиғаты және тілдерге деген құрметі бейнеленді. Әр суреттің жанында автордың аты-жөні мен жұмысқа берілген атауы жазылған тақташа ілінді. Көрме өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар мен ұстаздар суреттерді тамашалап, олардың мазмұны мен орындалу шеберлігі туралы пікір алмасты. Әсіресе, ұлттық нақыштағы туындылар мен Қазақстанның әсем табиғатын бейнелеген суреттер көпшіліктің назарын аударды.

Көрме барысында арнайы әзірленген сауалнамаларға сәйкес, келушілердің 90%-ы көрменің танымдық және тәрбиелік маңызы зор екенін айтып, ризашылықтарын білдірді. Жауапты орыс тілі және әдебиет мұғалімі Ахметова Ш.А.

https://www.instagram.com/p/DOVolaejA3G/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=cDZicmQ0aTY2ZGJi

9 қыркүйек күні тілдер апталығы аясында 8-сынып оқушыларына ағылшын тілі пәнінен «Полиглот» тақырыбында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – оқушылардың тілдік білімдерін кеңейту, сөздік қорын байыту, шет тілдеріне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және топпен жұмыс жасауға үйрету болды. Сабақ жақсы деңгейде өтті. Оқушылар сабақта белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысып, өз білімдерін еркін көрсете алды. Өткізген ағылшын мұғалімі Қаныбек А.Қ.

https://www.instagram.com/p/DOaqwFrDLbI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=YzlpcjFwajgzZjNt

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылдың 10 қыркүйек күні 6-сынып оқушыларымен «Ұлттық киімдер – ұлт айнасы» тақырыбында сән көрсетілімі өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ұлттық құндылықтарға баулу, қазақ халқының киім мәдениетімен таныстыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру және көпұлтты еліміздің салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу болды.

Сән көрсетілімі барысында оқушылар қазақтың ұлттық киім үлгілерін сахнаға киіп шығып, олардың шығу тарихы мен ерекшеліктерін таныстырды. Әрбір киімнің әсемдігі мен мән-мағынасы туралы мағлұмат беріліп, ұлттық мәдениетіміздің байлығы паш етілді. Жауапты: физика математика мұғалімі Смагулова Б.Г.

https://www.instagram.com/reel/DOaaKc7iCY4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=cDg2a2Q5MDAxbWFy

11 қыркүйек күні «Менің тілім – менің мақтанышым» атты қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Қуанышова Д.О. 9 сынып оқушыларға эссе жазғызды. Әр халықтың баға жетпес қазынасы – оның тілі. Тіл – ұлттың жүрегі, рухани байлығы, тарихы мен мәдениетінің айнасы. Қазақ халқы үшін де туған тіл – ең асыл мұра, ата-бабамыздан жеткен қасиетті аманат. Осыған байланысты тіл мерекесіне орай жоғарғы сынып оқушыларының ат салысуымен эссе, шығарма байқауы өтті.

https://www.instagram.com/p/DOqt1RPjLKH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=ZTByeHUxOGFsYWVh

12 қыркүйек жоспарға сәйкес дене шынықтыру мұғалімі Аубакиров А.Д. «Тіл мерекесіне – салауатты өмір» атты 5-6 сынып аралығында ұлттық ойындарды өткізді. Тоғызқұмалақ ойыны – қазақ халқының ұлттық зияткерлік (ақыл-ой) ойыны. Ол мыңдаған жылдар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін сақталған. Тоғызқұмалақты кейде "қазақтың шахматы" деп те атайды. Осы мақсатты тілдер мерекесіне орай 5-6 сынып оқушыларымен тоғызқұмалақ ойыны өтті. Ойын өте қызықты, тартымды өтті.

https://www.instagram.com/p/DOf7LwUDIjL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=OTB6YjFkejV2anNj

15 қыркүйек күні химия мұғалімі Смагулова Ж.А. "Ынтымақ пен достық" тақырыбында 9 сынып оқушыларымен флешмоб өткізді. Флешмобтың мақсаты – жастар арасында достық пен ынтымақты дәріптеу, бір-біріне құрметпен қарауға, бірлікке шақыру.

https://www.instagram.com/reel/DOn5vWbCKzz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=dnpjcW9td2JseXFv

16 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі «Мемлекеттік тіл – ел мәрбебесі» атты марапаттау өткізді. Тілдер мерекесіне белсенді қатысқан үшін 8 сынып оқушысы Дүйсенбай Нұрсауле және 9 сынып оқушылары Жүніс Балнұр, Козанбаева Айгерим, Құлке Нұрсұлу, Реймова Гүлдана, Самат Балым, Таукел Нұрсая марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DOsDhrkCEgE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=czVrcmo5aW9wODQw

 

 

Мектеп директоры                                           Дюсекеева М.О.

 

Әдістемелік бірлестік жетекшісі                    Қуанышова Д.О.


Текст