«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша
2025-2026 оқу жылының 12-23/01 аралығында
тарих, дүниежүзілік тарих, құқық пәндерінен
«Тарих – елдің шежіресі, құқық – елдің тірегі» атты онкүндікті өткізуі туралы
ЕСЕБІ
12 қаңтар күні «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша 2025-2026 оқу жылының 12-23/01 аралығында тарих, дүниежүзілік тарих, құқық пәндерінен «Тарих – елдің шежіресі, құқық – елдің тірегі» атты онкүндігінің ашылуы өтті.
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту, олардың тарихи санасын қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру.
https://www.instagram.com/p/DTZwXapDEL4/?igsh=OTUxbHNsdnUzMGpx
13 қаңтар күні «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша тарих, дүниежүзілік тарих, құқық пәндерінің онкүндігіне сәйкес 5-11сынып оқушыларымен «Әлемнің жеті кереметі» атты виртуалдық саяхат өтті.
Мақсаты: Оқушылар мен көрермендерге ежелгі дүние өркениеттері (Мысыр, Вавилон, Грекия, Рим) туралы терең мағлұмат беру.
Ежелгі заманғы инженерлік шешімдер мен архитектуралық стильдердің ерекшеліктерін көрсету.
Бұл ескерткіштердің әлем картасында қай жерде орналасқанын және олардың айналасындағы табиғи ортаны тану.
https://www.instagram.com/p/DTchwqfDLoG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
14 қаңтар күні «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша тарих, дүниежүзілік тарих, құқық пәндерінің онкүндігіне сәйкес 8-9 сынып оқушыларымен «Тарих және құқық: өзара байланыс пен маңыздылық» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Тарих пен құқық салаларының ажырамас байланысын ашу, мемлекет пен заңның даму кезеңдерін талдау және қатысушылардың құқықтық санасын тарихи сабақтастық негізінде қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелерді шешу көзделеді:
Қатысушыларға құқық нормаларының қоғам тарихымен бірге қалай өзгергенін түсіндіру арқылы олардың заңға деген құрметін нығайту.
Тарихшылар мен заңгерлер арасында пікір алмасу алаңын құрып, мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңдеріне жаңаша көзқараспен қарау.
Қатысушыларды тарихи деректерді заң тұрғысынан сараптауға, сыни ойлауға және өз ойын дәйекті жеткізуге баулу.
https://www.instagram.com/p/DTfUvJSjAoY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
15 қаңтар күні «Жамбыл ауылының ЖОБММ» КММ-де тарих, дүниежүзі тарихы және құқық пәндерінің онкүндігі аясында 5–6 сынып оқушыларымен «Тарихтың құпия кілті» атты жұмбақтар мен ребустар сайысы өткізілді.
Сайыс барысында оқушылар тарихи ұғымдар, тұлғалар, маңызды оқиғалар мен құқықтық терминдерге байланысты түрлі жұмбақтар мен ребустарды шешіп, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Ойын түрінде ұйымдастырылған бұл іс-шара оқушылардың белсенділігін арттырып, топпен жұмыс жасау, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырды.
Іс-шара қызықты әрі танымдық сипатта өтіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен тарихи танымын тереңдетуге ықпал етті.
Өткізген тарих пәні мұғалімі Нәзірхан Е.
https://www.instagram.com/p/DTsGY83DDmf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
16 қаңтар күні «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша тарих, дүниежүзілік тарих, құқық пәндерінің онкүндігіне сәйкес 10-11 сынып оқушыларымен ««Заң және Біз» (Ашық алаң)» атты интерактивті сабақ өтті.
Мақсаты: «Ашық алаң» форматы арқылы қоғамдағы құқықтық мәселелерді талқылау, өз ойын еркін жеткізу және заңды шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды сыйлайтын, әділ әрі жауапты азаматтық ұстанымы бар тұлға тәрбиелеу.
Оқушылар заңның қоғамдағы рөлін түсініп, күнделікті өмірде кездесетін заңды жағдаяттарға талдау жасауды үйренді. Бұл сабақ жоғары сынып оқушыларының болашақта мамандық таңдауына (заңгер, тарихшы, әлеуметтанушы) және әлеуметтенуіне оң ықпал етті.
https://www.instagram.com/p/DTkBjjjDCst/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
19 қаңтар күні «Жамбыл ауылының ЖОБММ» КММ-де тарих, дүниежүзі тарихы және құқық пәндері онкүндігі аясында 5–7 сынып оқушыларымен «Археологтың бір күні» атты танымдық ойын-сабақ өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар археолог мамандығының қыр-сырымен танысып, тарихи жәдігерлерді «зерттеу» арқылы өткен дәуірге саяхат жасады. Сабақты тарих пәні мұғалімі Нәзірхан Е. ұйымдастырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды.
https://www.instagram.com/p/DTu4C6IDCuZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
20 қаңтар күні «Жамбыл ауылының ЖОБММ» КММ-де тарих, дүниежүзі тарихы және құқық пәндері онкүндігі аясында 9–11 сынып оқушыларымен «Ұлы Жібек жолы: экономикалық пайда ма, әлде мәдени экспансия ма?» тақырыбында саяси дебат өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың сыни ойлауын дамыту, тарихи-экономикалық және мәдени үдерістерді талдай білу дағдыларын қалыптастыру, өз көзқарасын дәлелді түрде қорғауға және пікірталас мәдениетін меңгеруге үйрету.
Өткізген тарих пәні мұғалімі: Нәзірхан Е.
https://www.instagram.com/p/DTu4PetjD9j/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
21 қаңтар күні «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де тарих, дүниежүзі тарихы және құқықтану пәндерінің онкүндігі аясында 6–7 сынып оқушылары арасында «Билер соты» тақырыбында рөлдік ойын ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының дәстүрлі құқықтық жүйесімен танысып, би, талапкер, жауапкер сияқты рөлдерді сомдады. Ойын оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, әділ шешім қабылдау, өз ойын дәлелді жеткізу және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Іс-шараны тарих пәні мұғалімі Нәзірхан Е. өткізді.
https://www.instagram.com/reel/DT0RuHRiNHX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
22 қаңтар күні «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де тарих, дүниежізі тарихы және құқықтану пәндерінің онкүндігі аясында 8-9 сынып оқушылары арасында «Хан ордасын іздеу» атты тарихи-танымдық квест ойыны өтті.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихқа деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және топтық жұмыс арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.Ойын барысында оқушылар түрлі кезеңдерден өтіп, жұмбақтарды шешті және тарихи деректер негізінде «Хан ордасының» құпиясын ашты. Белсенділік танытқан жас тарихшылар жоғары білім деңгейін көрсетті! Өткізген тарих пәні мұғалімі Нәзірхан Е.
https://www.instagram.com/reel/DTxm7m3DL_p/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23 қаңтар күні «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де тарих, дүниежізі тарихы және құқықтану пәндерінің онкүндігі аясында 5-11 сынып оқушылары арасында «Тарих толқынында» шығармашылық жұмыстарды көрсету және марапаттау рәсімі» атты қорытынды сайыс (Бейне-байқау) өтті.
https://www.instagram.com/p/DT2LtQNDMn9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тарих пен құқық мұғалімі Нәзірхан Е.