Отчет о проведенной декаде химии, биологии и географии по КГУ "ООШ села Жамбыл" с 01-12 декабря 2025 года

«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша

2025-2026 оқу жылының 01-12/12 аралығында

химия, география, биология пәнінен

«Жаратылыстану өмірді тану, табиғаттың сырын табу»

атты онкүндікті өткізуі туралы

ЕСЕБІ

1 желтоқсан күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Жаратылыстану – өмірді тану, табиғаттың сырын табу» тақырыбында мектепте химия, биология, география пәндері бойынша онкүндік өз жұмысын бастады.
🎯 Онкүндіктің мақсаты:
– Оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру;
– Теориялық білімдерін тәжірибе арқылы дамыту;
– Ғылыми ойлау қабілетін, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру;
– Табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу;

https://www.instagram.com/reel/DRthMsPCAgm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Химия, биология, география онкүндігінің екінші күні жоспарға сай 8 сынып оқушыларымен "Сиқырлы, қызықты химия тәжірибелері өткізілді.

🎯 Мақсаты:

✅ Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру

✅ Теориялық білімді тәжірибе арқылы дәлелдеу

✅ химиялық реакция ұғымын практикада көрсету

✅ Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту

https://www.instagram.com/reel/DRwT6myCFUp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Химия, биология, география онкүндігінің жоспары бойынша 10-11 сынып оқушыларымен "Қызықты биология" сайыс сабағы өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру
Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін, ой-өрісін байқау әрі кеңейту, көшбасшылыққа ұмтылдыру

https://www.instagram.com/p/DRzEuScDC8A/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DRzFB6ZCCcA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

4 желтоқсан күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де химия, биология, география онкүндігіне орай 5-6 сыныптарда "Жаратылыстану – қызықты ғылым" атты жарыс өтті.  Мақсаты: Оқушылардың табиғи ғылымдарға деген қызығушылығын арттыру.

https://www.instagram.com/p/DR12cBZDF6H/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

5 желтоқсан күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де химия, биология, география онкүндігіне орай 8 сыныптарда "Тапқыр достар" атты ойын сабағы өткізілді. 

Мақсаты:

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Оқушылардың география пәні бойынша білім деңгейлерін тексеру.

Ой-өрісін байқау әрі кеңейту.

https://www.instagram.com/reel/DR4AGzdiAC7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Химия, биология, география онкүндігінің жоспары бойынша 9 сынып оқушыларымен "Әлемді биология арқылы таны" дөңгелек үстелі өткізілді.
Мақсаты:
Биологиядан алған білім деңгейлерін анықтау. Пәнге кызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерун дамыту. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/reel/DR_3HSOiFJN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Химия, биология, география онкүндігінің 7 желтоқсан күні жоспарға сай 9 сынып окушыларымен "Химиялық сөзжұмбақ" тақырыбында  қызықты ойын сабағы өтті.

Бүгін сабақта оқушылар химиялық терминдерді сөзжұмбақ ойыны арқылы қайталады.

Бұл әдіс оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

🎯 Мақсаты:

✅ Химиялық ұғымдарды бекіту

✅ Ойлау қабілетін дамыту

✅ Топпен жұмыс жасау

https://www.instagram.com/reel/DSCb0OCiCXd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Химия, биология, география онкүндігінің жоспары бойынша 10-11 сынып оқушыларымен “Карталарды сәйкестендіру” интерактивті сабағы өтті. Мақсаты: Оқушылардың әртүрлі тақырыптық карталарда (физикалық, саяси, экономикалық және т.б.) берілген ақпараттарды салыстыру, талдау және өзара сәйкестендіру арқылы географиялық заңдылықтар мен өзара байланыстарды анықтау дағдыларын қалыптастыру.

https://www.instagram.com/reel/DSE8UWgiJ82/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Химия, биология, география онкүндігінің жоспары бойынша 7 сынып оқушыларымен "Жас географтар" сайыс сабағы өткізілді.

Мақсаты:
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың география пәні бойынша білім деңгейлерін, ой-өрісін байқау әрі кеңейту, көшбасшылыққа ұмтылдыру.

https://www.instagram.com/reel/DSHokT6DL3x/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Химия, биология, география онкүндігі бойынша «Жаратылыстану- ғылымдардың патшалығы» тақырыбында 8 сынып оқушыларымен ойын сабақ өткізілді. Сабақта жаратылыстану пәнндерін біріктіпіп  оқушылар рольдік ойын арқылы білім деңгейлерін кеңейтті.

Мақсаты: жаратылыстану ғылымдарына қызығушылықты арттыру. Оқушылардың география, биология, химия пәндері бойынша білім деңгейлерін анықтау.  Ой-өрісін байқау әрі кеңейту.

https://www.instagram.com/reel/DSKAVblCNie/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Химия мұғалімі Смагулова Жанаргуль Аубакировна

Биология мен география мұғалімі Сундетова Нурай Талаповна