
«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша
2026-2027 оқу жылының 28.09-09.10 аралығында
көркем еңбек, музыка, дене тәрбие және АӘТД пәндерінен
«Креативті оқып және шымыр дене» атты онкүндікті өткізуі туралы
ЕСЕБІ
Тақырыбы: «Креативті оқып және шымыр дене» онкүндігі басталды! Мәтіні: «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-нде көркем еңбек, музыка, дене тәрбиесі және АӘТД пәндерінің біріктірілген «Креативті оқып және шымыр дене» атты онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті!
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды онкүндіктің жоспарымен таныстыру, эстетикалық талғамын, шығармашылық идеяларын және салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру.
Ашылу салтанатында пән мұғалімдері алдағы 10 күнде өтетін сайыстар, ашық сабақтар мен спорттық жарыстар турал мәлімет беріп, оқушыларға сәттілік тіледі. Барша оқушыларды белсене қатысуға шақырамыз!
Өткізілген күні: 28.09
Қамтылған сыныптар: 2–11 сыныптар
Жауапты мұғалімдер: Смаилов М.С., Смагулова А.С., Ысқақ Е.Ж., Түйебай Б.С.
https://www.instagram.com/p/Dd1C8NZEVrm/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/Dd6nTLEohjF/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/Dd6mTkFIDM1/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
Тақырыбы: «Жас сарбаз» — болашақ отан қорғаушылар сайысқа түсті!
Мәтіні: Онкүндік аясында 10–11 сынып оқушылары арасында «Жас сарбаз» әскери-жаттығу эстафетасы жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылар бойында әскери-патриоттық сезімді қалыптастыру, АӘТД пәнінен алған білімдерін іс жүзінде шыңдау, шапшаңдық пен ептілікті дамыту.
Қатысушылар нормативаларды орындап, саптық дайындық пен ептіліктерін көрсетті. Төзімділік пен достық рухы салтанат құрған тартысты эстафетада оқушылар шыңдалған шеберліктерін дәлелдеді!
Өткізілген күні: 29.09
Қамтылған сыныптар: 10–11 сыныптар
Жауапты мұғалім: Ысқақ Е.Ж.
https://www.instagram.com/p/Dd3cpE5kVMF/?utm_source=ig_web_copy_link
Тақырыбы: «Өз рекордыңды жаңарт» — сергектік пен жылдамдық жарысы!
Мәтіні: 6–7 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру пәні бойынша «Өз рекордыңды жаңарт» атты тартысты эстафеталық жарыс өтті.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, дене шынықтыру дағдыларын арттыру, сергектікке және жеке рекордына жетуге ұмтылдыру.
Оқушылар түрлі спорттық кезеңдерден өтіп, өз араларында ең шапшаң әрі шымыр тоатарды анықтады. Жарыс өте көңілді әрі тартысты өтті!
Өткізілген күні: 30.09
Қамтылған сыныптар: 6–7 сыныптар
Жауапты мұғалім: Түйебай Б.С.
https://www.instagram.com/reel/Dd6lQvpIkx7/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
1 қазан күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде эстетикалық бағыттағы онкүндік аясында 7-сынып оқушыларына арналған «Қазақстанның заманауи суретшілері» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. Шараны көркем еңбек пәнінің мұғалімі М.С.Смаилов өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды отандық заманауи бейнелеу өнері өкілдерінің шығармашылығымен таныстыру, олардың эстетикалық талғамы мен шығармашылық сурет салу қабілеттерін дамыту.
Сабақ барысында оқушылар еліміздің танымал суретшілерінің туындыларын талдап, өздерінің де практикалық туындыларын ұсынды. Өнерге деген сүйіспеншіліктерін шығармашылық жұмыстары арқылы көрсете білді.
https://www.instagram.com/p/Dd8WNWykQuW/?utm_source=ig_web_copy_link
2 қазан күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде эстетикалық бағыттағы онкүндігі аясында оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында Смагулова А.С «Музыкалық караоке» атты музыкалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті әндерін таңдап, караоке арқылы орындады. Ән айту кезінде оқушылар өздерінің вокалдық қабілеттерін көрсетіп, орындау шеберліктерін шыңдады. Сонымен қатар оқушылар бір-бірінің өнерін тыңдап, қолдау көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй қалыптастырды.
https://www.instagram.com/p/Dd_CneuEV-V/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде өткізіліп жатқан эстетикалық бағыттағы онкүндік шеңберінде 5 қазан күні 10–11 сыныптар арасында «Шеп пен сап» тақырыбында саптық дайындық және әндер сайысы өтті. Жауапты ұйымдастырушы — дене тәрбиесі мұғалімі Ысқақ Е.Ж.
Мақсаты: Оқушыларды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың саптық дайындық пен әскери-іс тәртібі дағдыларын қалыптастыру, саптық әндер арқылы ұйымшылдық пен сергектікті, отансүйгіштік қасиеттерді дамыту және сыныпаралық достық пен ауызбіршілікті нығайту.
https://www.instagram.com/reel/DeHSr6hoCJn/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде өткізіліп жатқан эстетикалық бағыттағы онкүндік шеңберінде 6 қазан күні 5–6 сыныптар арасында «Алтын күз сыйлары» тақырыбында оқушылардың жасаған қол өнер көрмесі өтті. Жауапты ұйымдастырушы — көркем еңбек мұғалімі Смаилов М.С.
Мақсаты:
Оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін және қолөнерге деген қызығушылығын арттыру;
Жыл мезгілінің сұлулығын, күз байлығын сезіндіру, табиғи материалдарды тиімді пайдалану арқылы шеберліктерін шыңдау;
Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, ұқыптылық пен еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру.
Көрмеге оқушылардың табиғи материалдардан жасаған ерекше мүсіндері, композициялары мен суреттері қойылды. Әрбір жұмыс оқушылардың шексіз қиялы мен еңбекқорлығын айқын көрсетті.
https://www.instagram.com/p/DeJwWwUDGgV/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
Тақырыбы: «Музыка білгірлері» — интеллектуалды-музыкалық сайыс
Мәтіні: 6-сынып оқушылары арасында «Музыка білгірлері» атты музыкалық танымдық сайыс өтті.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың музыка теориясы мен тарихы бойынша білімдерін тексеру, тапқырлығы мен топтық жұмыс дағдыларын дамыту.
Сайыс барысында оқушылар күйлер мен әндердің авторларын тапты, музыкалық аспаптар мен жанрларды ажыратып, өз білімділіктерін көрсетті. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті.
5-сынып оқушыларымен «Музыка білгірлері» тақырыбында танымдық-музыкалық сабақ өткізілді. Сабақты Смагулова А.С. ұйымдастырып өткізді.
Сабақ барысында оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, музыкалық сауаттылығын қалыптастыру және өнерге деген сүйіспеншілігін дамыту мақсатында түрлі тапсырмалар орындалды. Оқушылар «Ойлан тап», «Әуенді аяқта», «Ән құра», «Төртінші артық» сияқты қызықты ойындар мен тапсырмаларға белсенді қатысты.
Оқушылар музыкалық аспаптарды ажыратып, суреттер арқылы музыкалық шығармалар мен әуендерді танып, өз білімдерін ортаға салды. Топтық және жеке жұмыстар барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірін тыңдау және бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын көрсетті.
Сабақ қызықты әрі әсерлі өтіп, оқушылардың музыка пәніне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.
https://www.instagram.com/p/DeO1LMLEZkS/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
«Волейбол жұлдыздары» жарысы
Тақырыбы: «Волейбол жұлдыздары» — спорттық бәсеке!
Мәтіні: 8–11 сынып оқушылары арасында «Волейбол жұлдыздары» мектепішілік волейбол жарысы өтті.
Іс-шараның мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол ойынының техникасын жетілдіру, достық пен ұжымдық ауызбіршілікті нығайту.
Ойын барысында әр команда жоғары дайындық пен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Тартысты өткен матчтардың нәтижесінде үздік командалар анықталды.
Өткізілген күні: 08.10
Қамтылған сыныптар: 8–11 сыныптар
Жауапты мұғалім: Түйебай Б.С.
https://www.instagram.com/p/DeOKQkXjBJe/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
Тақырыбы: «Креативті оқып және шымыр дене» онкүндігі мәресіне жетті!
Мәтіні: Мектебімізде «Креативті оқып және шымыр дене» атты көркем еңбек, музыка, дене тәрбиесі және АӘТД пәндері онкүндігінің жабылу рәсімі өтті!
Іс-шараның мақсаты: Онкүндік қорытындысын шығару, белсенді қатысқан және жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен сыныптарды марапаттау.
10 күн бойы өзін әр қырынан көрсеткен оқушыларымыз бен жеңімпаздарға мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер атынан грамоталар мен алғыс хаттар табысталды. Білім мен өнерді, спортты ұштастырған барлық оқушылармызға алда да үлкен табыстар тілейміз!
Өткізілген күні: 09.10
Қамтылған сыныптар: 2–11 сыныптар
Жауапты мұғалімдер: Смаилов М.С., Смагулова А.С., Ысқақ Е.Ж., Түйебай Б.С.
https://www.instagram.com/p/DeQ8q0zEfb9/?utm_source=ig_web_copy_link