" />
«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша
2025-2026 оқу жылының 15-26/12 аралығында
«Сынып жетекші – жүрекке жол бастаушы»
атты онкүндікті өткізуі туралы
ЕСЕБІ
15 желтоқсан күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де сынып жетекшілер он күндігінің ашылуына орай "Сынып жетекші - жүрекке жол бастаушы" тақырыбында іс-шараның ашылуы өтті.
Мақсаты: Мұғалім еңбегін бағалау, құрмет көрсету;
Оқушылардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Сынып жетекші мен оқушылар арасындағы байланысты нығайту.
Іс-шара 1-2 сынып оқушыларының арасында танымдық ойындар, сұрақ - жауап, сергіту сәттері, логикалық тапсырмалар форматында өткізілді.
Оқушылар белсенділік танытты. Апталықтың рухани маңызы зор болды.
https://www.instagram.com/reel/DSSdeBtCJPn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Желтоқсанның 17-сі күні, сынып жетекшілер онкүндігіне орай, 3-4 сынып оқушыларымен “Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы” тақырыбында сайыс сабақ өтті.
Мақсаты: “Сөз мәйегі-мақал” дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
https://www.instagram.com/p/DSXKnWHjCdI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18 желтоқсан күні жоспар бойынша сынып жетекшілер онкүндігіне байланысты 5-сыныппен “Атын атап, затын әкел” тренд сабағы өткізілді.
Ойынның мақсаты: Балалардың өз есімін тануын және есімі мен зат арасындағы байланысты табу қабілетін дамыту. Ойлау, қиялдау және шығармашылық белсенділігін арттыру, сөздік қорын молайту. Сонымен қатар балаларды өз ойын еркін жеткізуге, таңдау жасауға, бір-бірін тыңдауға және топ алдында сөйлеуге үйрету.
https://www.instagram.com/reel/DSZ5maIDBx_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Желтоқсанның 19-сы күні сынып жетекшілер онкүндігі аясында 6-сынып оқушыларымен «Көңілді сынып» тақырыбында қызықты әрі мазмұнды тәрбие сағаты өткізілді.
"Эмоцияны қайталаңыз" ойынының мақсаты - балаларды адамдардың эмоцияларының әртүрлі көріністерімен таныстыру.
Ойынның міндеттері:
баланың әлеуметтік және эмоционалдық саласын қалыптастыру;
топтық қатынастарды дамыту, талдауға үйрету, балалардың шығармашылық қиялын дамыту;
эмоциялар мен сезімдерді саналы түрде білдіру, эмоционалды өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту;
басқалармен достық қарым-қатынас орнату.
https://www.instagram.com/reel/DSb9SqwiPIN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Желтоқсанның 22-сі күні сынып жетекшілер онкүндігі аясында 7-сынып оқушыларымен «Білім аралы» тақырыбында қызықты квест өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін ойын арқылы арттыру, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту және алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету. Квест барысында оқушылардың топпен жұмыс жасау, өзара ынтымақтастық, жауапкершілік пен белсенділік дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын ояту көзделеді. Сонымен қатар, өз ойын еркін жеткізуге, тез әрі дұрыс шешім қабылдауға баулу мақсат етіледі.
https://www.instagram.com/p/DSkD138jDyv/?utm_source=ig_web_copy_link
23 желтоқсан күні «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де сынып жетекшілерінің онкүндігі аясында 8-сынып оқушыларымен «Мен ең болмағанда...» атты тренинг өтті. Шараның мақсаты — оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру және сөйлемді аяқтау арқылы ішкі толғаныстарымен бөлісуіне жағдай жасау.
https://www.instagram.com/reel/DSmnlMODG8O/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==
"Жамбыл ауылының ЖОББ мектебі" КММ-де сынып жетекшілер онкүндігінің сегізінші күні "Сыныбыммен мақтанамын" атты интервью өтті.
Мақсаты – оқушылардың бір-біріне деген құрметін арттыру, сынып бірлігін нығайту және жетістіктерін насихаттау. Сыныбыммен мақтанам ❤
Бұл сынып – бірліктің, сыйластықтың және білімге деген құштарлықтың айқын үлгісі.
Әр оқушым – жеке тұлға, ал бәрі бірге – үлкен жетістік.
Сынып жетекшісі үшін шәкіртінің табысы – ең үлкен мақтаныш.
https://www.instagram.com/reel/DSoyT9tCJ59/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
25 желтоқсан сынып жетекшісі онкүндігіне орай «Жамбыл ауылының ЖОББ мектебі» КММ-де өткен «Ұстазым, мені таны!».
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Мұғалім мен оқушы арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, оқушының тұлғалық ерекшеліктерін ашу және ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани байланысты жаңа деңгейге көтеру.
https://www.instagram.com/reel/DSrzv2YCBTr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
26 желтоқсан сынып жетекшісі онкүндігіне орай «Жамбыл ауылының ЖОББ мектебі» КММ-де өткен «Ұстаздарға мың алғыс!».
Бұл шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар қауымына құрмет көрсету, оқушылар бойындағы мейірімділік пен ізеттілік құндылықтарын дамыту.
Оқушылар ұстаздарға арнап жылы лебіздерін білдіріп, ән шырқап, би биледі. Ұстаз мәртебесін ұлықтайтын өлең-шумақтары оқылды.
Онкүндік аясында сынып жетекшілері өздерінің тәрбие жұмысындағы үздік әдіс-тәсілдерін көрсетіп, оқушылармен тығыз байланыс орната білді.
https://www.instagram.com/reel/DSu4m3ciBAV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сынып жетекшілер ұжымы