«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бастауыш сыныптардың ата-аналарының кездесуі»

«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі

Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

АНЫҚТАМА №8

Іс шаралардың атауы Ашық есік күні

Тақырыбы: «Бастауыш сыныптардың ата-аналарының кездесуі»

Мерзімдері 28.03.2025

Жауаптылар Қабылтаева Ғ.А. бастауыш сынып мұғалімі

Ссылка: https://www.instagram.com/p/DHu1eFDIb6K/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Өткізген іс-шараның нәтижелері: Нысаналы мектептер жобасы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 28.03.2025 күні «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де «Бастауыш сыныптардың ата-аналарының кездесуі» тақырыбында Қабылтаева Ғ.А. бастауыш сынып мұғалімі ашық есік күнін өткізді. 

Мақсаты:

1. Ата – аналарды мектеппен байланысын қалыптастыру. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі қателіктердің алдын-алу;

2. Ата – анаға әрбір пән мұғалімдерімен жеке – жеке кездесуге, оқу және тәрбие жағдайларымен танысуға  мүмкіндік туғызу.

Шақырылған ата-аналарды бағдарламаға сәйкес іс-шараның барлық түріне, ашық сағаттары  мен  «Баланың бас ұстазы -   ата-ана»  тренингке қатыстырылды. Сонымен бірге ата-аналар мектеп асханасында күнделікті балаларға берілетін ыстық тамақпен таныстырылды және бастауыш сынып оқушылары ұйымдастырған  «Ата-анама мың алғыс» атты концерттік бағдарламасын тамашалап, балалар мен ұстаздарға алғыс айтты.

Бағдарламаға сай ашық сабақтар, шығармашылық-ғылыми көрмелер, мектеп жәрмеңекесі мен концерттік бағдарлама өткізілді. Ата-аналарға критериалды бағалау жүйесі туралы ақпараттандырып, кері байланыс берілді. Ата-ана баласының оқуына, жетістікке жетуіне үнемі қолдау көрсетіп отыру керек екені айтылды. Сабаққа  қатысқан ата-аналар, ұстаздар қауымының, сабақтарды жаңаша  әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген сәттері қатты қызықтырғанын атап өтті. Ашық есік күніне ашық сабақтарға қатысқан ата-аналар, Жакупова Ляззат Қайыркельдіқызының 4 сыныбында қазақ тілі пәнінен «Қарсы мәнді сын есім» тақырыбындағы сабағына  және Құлмағамбетова перизат Орынбайқызының қазақ тілі пәнінен 3 сыныбымен «Есептік және реттік сан есім» тақырыбындағы ашық сабағына қатысты. Оқушылардың  топпен, жұппен жұмыс істеп, белсенділік танытқанын көрген қонақтар  жаңа әдіс-тәсілдердің оқушының  сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруына әсер ететінін байқады.

        Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Шахаризада Асқарқызы осы күні, ата-аналарға «Критериалды бағалау ерекшеліктері»,  бағалау критерийлерінің негізінде білім  алушылардың оқу жетістіктері туралы  ақпарат берді. Ал, мектеп психологы Альжанова Шынар Шаймқызы  қонақтарға әр түрлі тренингтер  арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болатындығы туралы түсіндірді.

         Білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеп, ата-бабаларымыздан қалған мол рухани  ұлттық мұраны келешек ұрпақтың бойына дамыту –мектептегі ұстаздар қауымының басты  міндеті.

 

Директордың орынбасары Ахметова Ш.А.

 

Жаңартылған күні: 28.03.2025 11:48
Құрылған күні: 28.03.2025 11:51

Текст