«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебі 7-14 сәуір аралығында өткен «Жаңа білімге жаңа көзқарас» тақырыбында бастауыш сынып апталығының мәліметі

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебі

7-14 сәуір аралығында өткен

«Жаңа білімге жаңа көзқарас» тақырыбында

бастауыш сынып апталығының мәліметі

 

7 сәуір күні мектепте «Жаңа білімге жаңа көзқарас» тақырыбында бастауыш сынып апталығының жоспарға сәйкес 0-4 сынып аралығында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты өткізілді. Бұл шараны бастауыш сынып мұғалімі Рахимжанова Н.Ғ. ұйымдастырды. Н.Ғосманқызы 0-4 сынып оқушыларға «Айдап сал»,  «Қарақұлақ», «Білектесу», «Кім түртті», «Бұғынай», «Көрші» атты ұлттық ойындарды ойнатты. Орын алған оқушыларда марапаттады. Апталықтың жоспарымен 0-4 сынып оқушыларды таныстырды.

http://sc0008.astrahanka.aqmoedu.kz/content/plan-nedeli-nachalynyh-klassov-s-7-po-14-aprelya-2025-goda-po-kgu-oosh

https://www.instagram.com/p/DIIh1_rI-Zf/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/DIJUnBNMFyT/?utm_source=ig_web_copy_link

Жамбыл ауылының ЖОББМ—де 2025 жылдың 8 сәуірінде бастауыш сынып апталығында  бастауыш сынып оқушылары арасында «Жамбылдың жұлдыздары»  байқауы өткізілді.

Байқау мақсаты: балаларды әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру және дауысымен, әнге, биге деген қабілеттерін шыңдау.

Оқушылардың байқауыға дайындық деңгейлері жан – жақты болды. Таңдаған әндері, киімнің үйлесімділігі, жүріс – тұрыс, қимылдары, өзі-өздерін сахнада ұстаулары сайма —сай. Байқау болғансын жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді дегендей, топты жарып 1 орынды Раяна, Нұргүл, Айару, Аянат деген бишілер иемденді. 2 орынды қанжығаларына тау халқының биін сомдап 3 сынып жігіттері Қайырхан, Төреш, Әлишер алды. Ал, 3 орынды «бауырларым» әнін айтып 2 сынып оқушысы Қадырбек Иманали иеленді. Әр қатысушыға тәтті шокалад таратылып, орын алған әр орынға доп сыйлыққа беріліп, диплом табысталды. Жұлдыздарың жарық,  асар асуларың биік болсын балапандар! Іс-шараны өткізген бастауыш сынып мұғалімі Қабылтаева Г.А.

https://www.instagram.com/p/DIMCqj_Mdf0/?utm_source=ig_web_copy_link

          9 сәуір күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде бастауыш сынып апталығына сәйкес 3-4 сынып оқушылардың арасында «Мақал-мәтелдерді жалғастыр» - ойыны өтті.

Мақсаты:

- оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту;

- мақал-мәтелдер формасының мағынасы мен кемелдігін, фольклордың екі жанрлық формасының ұқсастығы мен айырмашылығын үйрететін даналықты ашу.

Өткізген бастауыш сынып мұғалімі Дюсекеева М.О.

https://www.instagram.com/p/DIOVDwvskdN/?utm_source=ig_web_copy_link

10 сәуір күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде бастауыш сынып апталығына сәйкес 3-4 сынып оқушылардың арасында «Қызықты математика» атты викториналық сайыс өтті. Мақсаты: интелектуалдық ойындарға деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Оқу іс-әрекетінің әр саласынан білімдерін кеңейту. Балалардың ой-өрісін, қиялдарын дамытып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Сөздік қорын молайту. Сыйластыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Өткізген бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Л.Қ.

https://www.instagram.com/p/DITl5vWszem/?utm_source=ig_web_copy_link

11 сәуір күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде бастауыш сынып апталығына сәйкес 0-1 сынып оқушылардың арасында эстафеталық жарыс өтті. Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру. Өткізген бастауыш сынып мұғалімі Смагулова А.С.

https://www.instagram.com/p/DITlQmvsAm6/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/DITvGoGMgcK/?utm_source=ig_web_copy_link

14 сәуір күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде бастауыш сынып апталығына сәйкес 0-4 сынып оқушылардың арасында «Менің сүйікті ертегім» көрме мен Көркем жазу – сайысы өтті.

Мақсатыөзіңіздің сүйікті ертегілеріңізден эпизодтарды сызбалармен жеткізуге үйрету.

Сурет көрмесінен 1 орын алған 4 сынып оқушысы Құлке Айару, 2 орын – 1 сынып оқушысы Акылбаева Хадия, 3 орын – даярлық сынып оқушысы Құлке Күнсұлу.

Көркем жазудың мақсаты — дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық, тәрбиелік мәні зор.

Әдемі жазу — өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп жазуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар.

Көркем жазудан 1 орын алған 4 сынып оқушысы Құлке Айару, 2 орын 3 сынып оқушысы Шахмашова Аянат, 3 орынға ие болған 4 сынып оқушысы Әлибек Алмаз.

Өткізген бастауыш сынып мұғалімі Смагулова А.С.

https://www.instagram.com/p/DIbVoJcMaJe/?utm_source=ig_web_copy_link

 

 

Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Кульмагамбетова П.О.

 

Жаңартылған күні: 14.04.2025 18:37
Құрылған күні: 14.04.2025 18:37

Текст