«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша
2025-2026 оқу жылының 09-20/02 аралығында
физика, математика, информатика пәндерінен
«Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты онкүндікті өткізуі туралы
ЕСЕБІ
«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша 2025-2026 оқу жылының 9-20/02 аралығында физика, математика, информатика пәндерінен «Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты онкүндікті өтеді.
Мақсаты: Оқушылардың математика, физика және информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауын шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғылыми білімді өмірмен байланыстыра білуге үйрету.
https://www.instagram.com/reel/DUar_H-iLcr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DUfdpOTDLfv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша 2025–2026 оқу жылының 09–20 ақпан аралығында математика, информатика, физика пәндерінен «Әлемнің ғажап үш тірегі» атты онкүндіктің ашылуы өтті. Ашылу барысында «МИФ: Ойлау лабиринті» ақпараттық стенді ұйымдастырылып, логикалық есептер, ребустар мен викториналық сұрақтар ұсынылды. Сондай-ақ «МИФ-квест» аясында мектеп дәліздерінде орналасқан станциялар арқылы оқушылар математика, информатика және физика пәндері бойынша тапсырмаларды орындап, келесі нүктелерге өтіп отырды.
https://www.instagram.com/reel/DUiYB_7jIoe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
10 ақпан күні МИФ онкүндігінің жоспарына сай 7-сынып оқушыларымен «Ұлттық ойын — физика заңымен» тақырыбында ұлттық ойындар арқылы интерактивті жарыс сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар арқан тарту, асық ату, садақ ату сияқты ұлттық ойындарды ойнай отырып, күш, қозғалыс, энергия ұғымдарын тәжірибе жүзінде түсіндірді. Жарыс сабақ оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DUlHbnMiGZ1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Математика, информатика, физика апталығының жоспарына сәйкес 8-сынып оқушыларымен «Математикалық шың» атты тақырыпта сайыс сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырыптарды қайталау, есеп шығару дағдыларын бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың тез ойлау, топпен жұмыс істеу және қиындықтан жол табу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Математикаға деген қызығушылықты арттыру, бәсекеге қабілеттілікке тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/DU0GGuwjEYu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Математика, информатика, физика апталығының жоспарына сәйкес 12 ақпан күні 6 сынып оқушыларға «Сан аралықтары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сан аралықтарының түрлерін таныстыру, оларды координаталық түзуде кескіндеуді және тиісті символикаларды (жақшалар, нүктелер) дұрыс қолдануды үйрету. Оқушылардың теңсіздіктер мен сан аралықтары арасындағы байланысты түсінуін қамтамасыз ету.
https://www.instagram.com/p/DUs2k2MjEdE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Математика, информатика, физика апталығының жоспарына сәйкес 13 ақпан күні 9–11 сынып оқушылары арасында «Күш – білімде, ептілік – физикада» тақырыбында интеллектуалды сайыс сабақ ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және пәндер арасындағы байланысты көрсету болды.
Сайыс барысында физикалық құбылыстар математикалық есептеулермен және логикалық тапсырмалармен ұштастырылып, қатысушылар өз білімдерін жан-жақты көрсете білді. Оқушылар 4 негізгі бағыт бойынша бақ сынасты:
– «Тұрмыстағы физика» – күнделікті өмірдегі физикалық құбылыстарды түсіндіру;
– «Тәжірибелер» – тәжірибе жасау және нәтижесін талдау;
– «Логика» – ойлау жылдамдығы мен тапқырлыққа арналған тапсырмалар;
– «Формулалар» – есеп шығару және негізгі заңдылықтарды қолдану.
Сайыс жоғары деңгейде өтіп, оқушылар белсенділік танытты. Нәтижесінде қатысушылар өз білімдерін тереңдетіп қана қоймай, пәнге деген қызығушылықтарын арттырды. Жеңімпаздар марапатталып, белсенді оқушыларға алғыс білдірілді.
https://www.instagram.com/reel/DUsQELUjKzT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
16 ақпан күні математика, информатика және физика апталығы аясында «Не? Қайда? Қашан?» атты мұғалімдер мен оқушылар арасында интеллектуалды сайысы өткізілді.
Сайыс интеллектуалды ойын форматында ұйымдастырылды. Онда математикалық жұмбақтар, физикалық заңдылықтар мен ақпараттық технологияларға негізделген қызықты сұрақтар қойылды.
Мұғалімдер құрамасы және оқушылар тобы болып екіге бөлінді.
Сұрақтар тек оқулық көлемінде емес, күнделікті өмірмен байланысты және логикалық астармен дайындалды.
Ойын тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөліссе, оқушылар заманауи білімдерін көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/DU3AXTGCPDw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Математика, информатика, физика апталығының жоспарына сәйкес 17 ақпан күні 5-6 сынып оқушылар аралығында «Пифагор мұрагерлері» атты сайыс сабақ өтті. Математикалық сайыс сабағының мақсаты тек есеп шығару емес, оқушылардың пәнге деген құштарлығын ояту және командалық жұмыс дағдыларын дамыту болып табылады.
https://www.instagram.com/p/DU3AwZ8jP0i/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Математика, информатика, физика апталығының жоспарына сәйкес 18 ақпан күні 9-сынып оқушыларымен физика пәнінен «Еркін электромагниттік тербелістер» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында:
* Тербелмелі контурдың жұмыс істеу принципін зерттедік.
* Конденсатор мен катушка арасындағы энергияның «алмасу» процесін бақыладық.
* Атақты Томсон формуласымен есептер шығарып, теориялық білімімізді бекіттік.
Оқушылар физикалық құбылыстарды механикалық тербелістермен салыстыра отырып, тақырыпты терең меңгерді.
https://www.instagram.com/p/DU5rEJGjJMK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Математика, информатика, физика апталығының жоспарына сәйкес 19 ақпан күні 7, 8, 9 сынып оқушыларымен «Компьютерлік сауаттылық - заман талабы» атты информатикалық білім сайысы өтті. Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін (алгоритмдеу, компьютер құрылғылары, цифрлық қауіпсіздік) жүйелеу және практикада қолдану дағдыларын тексеру.
https://www.instagram.com/p/DU8J-XBjCSi/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де 2025–2026 оқу жылының 20 ақпанында математика, физика және информатика пәндеріне арналған «Әлемнің ғажап үш тірегі» атты онкүндік қорытындыланды. Шара аясында апталыққа белсене атсалысқан 7–11 сынып оқушылары арнайы мадақтама қағаздарымен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/DU-krI2DCZQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Физика, математика мұғалімі Смагулова Б.Г.
Математика, информатика мұғалімі Смаилова А.Х.
Математика мұғалімі Смагулова Ж.А.