«Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің
математика, информатика, физика пәндері бойынша апталықтың мәліметі
13-22.01.2025ж
13 қаңтар күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» тақырыбында математика, информатика, физика пәндері бойынша апталығының жоспарына сәйкес ашылуы өтті, ақпараттық стенд шығарылып, оқушылар лездемеде жоспарымен таныстырылды.
https://www.instagram.com/reel/DEwUc8Uixxc/?igsh=c2hrbzU5aTNxc2xo
https://www.instagram.com/p/DEwUuqliCEb/?igsh=YXFramp2NjNxdWVl
14 қаңтар күні математика, информатика, физика апталығының екінші күні 7 сыныппен «Ақпарат және информатика» атты сайыс сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық өнерпаздық мүмкіндіктерін байқауы. Өткізген информатика мұғалімі Смаилова А.Х.
https://www.instagram.com/p/DE0MH5RCRRE/?igsh=Y3MxNnFoZHR2aGI5
15 қаңтар күні апталықтың үшінші күні "Математика - ғажайып әлемі" тақырыбында танымдық сабақ өтті. Мақсаты: оқушылардың меңгерген білімдерін тексеру, өз ойын ашық жеткізе білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өткізген математика мұғалімі Смағұлова Ж.А.
https://www.instagram.com/p/DE2IMWjCDc1/?utm_source=ig_web_copy_link
16 қаңтар күні «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» атты математика, физика, информатика апталықтың жоспарына сай 8 сыныпта физика сабағынан ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Сабақтың мақсаты: Электр кедергісі ұғымын қалыптастыру. Электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күштерінің тәуелділігін анықтау. Оқушылардың ой - өрісін, еркін сөйлеуін дамытып, формулаларды түрлендіре білуге үйрету. Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, формуланы есте сақтауына және пәнге деген қызығушылын арттыруға тәрбиелеу. Сабаққа оқушылар белсене қатысып, өз білімдерін көрсетіп, жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс жасап, сабаққа кері байланыс жасады.
https://www.instagram.com/p/DE4oovQiS0S/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Апталықтың бесінші күні 17 қаңтар 5 сыныппен "Қызықты математикаға саяхат" атты сайыс сабағы өтті. Мақсаты: оқушылардың матемака пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып оқыту.
https://www.instagram.com/reel/DE7Xb8_iq5V/?utm_source=ig_web_copy_link
Математика,физика, информатика апталығының 6-шы күні "Кім жүйрік" тақырыбында 6/7 сыныптар арасында математикалық жарыс сабақ өтті. Мақсаты: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау. оқушыларды жарыстыра отырып, оқушылардың білімін арттыру, математика сабағына қызығушылығын арттыру, оқушы бойындағы басқа да қабілетін аша білу, оқушының жан - жақты дамуына әсер ету. Өткізген: Смагулова Ж.А.
https://www.instagram.com/reel/DFC7PVeC95E/?utm_source=ig_web_copy_link
21 қаңтар күні «Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап!» атты физикадан 9-10 сынып оқушылар арасында зияткерлік сайыс сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ой - өрісін, еркін сөйлеуін дамыту.
Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, пәнге деген қызығушылын арттыруға тәрбиелеу.
Сабаққа оқушылар белсене қатысып, өз білімдерін көрсете білді.
https://www.instagram.com/p/DFFaToril0m/?utm_source=ig_web_copy_link
22 қаңтар күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «МИФ үздігі» тақырыбында математика, информатика, физика апталығының жабылу кеші өтті.
https://www.instagram.com/p/DFKScjBilhc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Физика, математика мұғалімі Смағұлова Б.Г.
Химия мұғалімі Смағұлова Ж.А.
Математика, информатика мұғалімі Смаилова А.Х.