«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша 2025-2026 оқу жылының 01-10/04 аралығында «Педагогикалық үміттер - 2026» атты «Жас маман» онкүндікті өткізуі туралы ЕСЕБІ

«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша

2025-2026 оқу жылының 01-10/04 аралығында

 «Педагогикалық үміттер - 2026» атты «Жас маман» онкүндікті өткізуі туралы

ЕСЕБІ

 

2026 жылдың 1-10 сәуірінде Жамбыл ауылының мектебінде жас мамандардың «Педагогикалық үміттер – 2026» атты кәсіби онкүндігі ұйымдастырылады.

https://www.instagram.com/reel/DWjTyARiHbJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

01.04.2026 Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде «Педагогикалық үміттер – 2026» атты жас мамандар онкүндігі  ашылды. Онкүндік барысында жас педагогтардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, олардың әдістемелік дайындығын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/DWltfUsiONs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Ал сіз 4 тоқсаннан бастап точно не істейсіз?» Видео-интервью

https://www.instagram.com/reel/DWl_705CHNX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Жас маман онкүндігі» аясында “Болашақ агенті” пәнаралық квест өткізілді. Квест оқушылардың тек теориялық білімін ғана емес, сонымен қатар оны практикада қолдану мүмкіндігін көрсетті. Пәнаралық интеграция (биология мен информатиканың, тарих пен тілдердің байланысы) оқушылардың қызығушылығын оятып, креативті ойлауға жол ашты.

https://www.instagram.com/reel/DWmKUtliMdC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Масштаб детективтері» тақырыбында пәнаралық сабақ өткізудің негізгі мақсаты — оқушыларға бұл ұғымның тек математикалық ереже емес, күнделікті өмірде және басқа да ғылым салаларында қолданылатын маңызды құрал екенін көрсету.

https://www.instagram.com/p/DWoMRYODNT1/?utm_source=ig_web_copy_link

“Жас мамандар” онкүндігі аясында “Тарих сөйлейді қазақ тілімен” пәнаралық сабағы өткізілді. Онкүндік барысында оқушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, тарих пен қазақ тілінің тығыз байланысын тереңірек түсінді. Әсіресе, тарихи деректерді қазақ тілінде талдау, ой бөлісу дағдылары дамыды.

https://www.instagram.com/reel/DWqkXbjCHZ_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебімізде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және заманауи оқыту әдістерін меңгеру мақсатында «Жас мамандар» апталығына сәйкес Digital teacher: Шексіз мұғалімдер мүмкіндіктері тренингі ұйымдастырылды. Тренингке пән мұғалімдері белсенді түрде қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындап, топтық жұмыстарға қатысты. Тренингтің негізгі бағыты – оқытудағы жаңа тәсілдерді тиімді қолдану, оқушылармен кері байланысты жақсарту және сабақ сапасын арттыру болды.

https://www.instagram.com/reel/DWy38IQCJuy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебімізде “Жас мамандар” онкүндігі апталығына сәйкес “Әдеби кейіпкерлер әлемі” тақырыбында оқушылармен сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында қатысушылар шығармалардағы кейіпкерлерді танып, олардың ерекшеліктерін сипаттап, түрлі тапсырмалар орындады. Іс-шара оқушылардың әдеби білімін тереңдетуге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.

https://www.instagram.com/p/DW1G2lJDLAT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Жас мамандар онкүндігі жоспары бойынша “Digital Human:Ағза жүйелерінің 3D картасы» тақырыбында пәнаралық  сабақ өткізілді. Мақсаты — оқушылардың адам ағзасының жүйелері (жүрек, қаңқа, тері) туралы теориялық білімдерін цифрлық технологиялар (3D модельдеу, HTML квест, ЖИ) арқылы тереңдету. Сабақ соңында оқушылардың 3D модельдерді талдау және ЖИ ақпаратын сараптау дағдыларының артуы бұл мақсаттың толық орындалғанын көрсетті.

https://www.instagram.com/reel/DW3kHwECP51/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде “Жас мамандар” онкүндігі аясында “Өз құқығыңды біл, буллингтен қорған” тақырыбында сот отырысының көрінісі өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мектеп ортасындағы буллингтің алдын алу және оның құқықтық салдары туралы түсінік қалыптастыру.

Бұл көрініс оқушыларға «құрдастар қысымы» мен «қылмыс» арасындағы шекараны нақты түсінуге мүмкіндік берді. Шара соңында әрбір оқушының қауіпсіз ортада білім алуға құқығы бар екені және кез келген зорлық-зомбылыққа «төзімсіздік» таныту қажеттігі баса айтылды.

Оқушылар құқық қорғау жүйесінің жұмысымен танысып, шешім қабылдау кезіндегі әділдік пен жауапкершілік принциптерін меңгерді.

https://www.instagram.com/reel/DW6pt2vCHuU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

“Педагогикалық үміттер – 2026” Жас мамандар онкүндігі өз мәресіне жетті. Бұл күндер біз үшін жай ғана іс-шаралар тізбегі емес, кәсіби шеберлікті шыңдаудың, өзара тәжірибе алмасудың және жаңа белестерді бағындырудың үлкен мектебі болды. Онкүндік жабылуына белесене қатысқан оқушылар марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/DW8wL9BiAS9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Жас маман мұғалімдер: Смаилова А.Х., Қаныбек А.Қ., Нәзірхан Е., Нурмаш Н.А., Сундетова Н.Т.

 

 

 

 

 


Текст