«Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің
Ғылымдар жобалар апталықтың мәліметі
12-19.05.2025ж
12 мамыр күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Болашақ ғалымдар ізденіс жолында» апталығы басталды. ӘБ жетекшілер жиында оқушыларды жоспармен таныстырды, оқушылар қызықты сұрақтарға жауаптарын іздеп жазды.
https://www.instagram.com/p/DJjLGQQs5OZ/?utm_source=ig_web_copy_link
13 мамыр күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Болашақ ғалымдар ізденіс жолында» апталығының жоспарына сәйкес «Сәкен Сейфуллиннің туғанына - 130 жыл: ақын өмірінің ел тарихындағы алар орны» тақырыбында 8 сынып оқушысы Жүніс Балнұр жобаны қорғады. 15 қазанда 2024 жылы қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ақын және жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің дүниеге келгеніне 130 жыл толады. Оның өмірі мен шығармашылығы ел тарихында өшпес із қалдырмау осы мақсатында Жүніс Балнұр жоба жасады. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Қуанышова Д.О.
https://www.instagram.com/p/DJlXEEEsQyc/?utm_source=ig_web_copy_link
14 мамыр күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Болашақ ғалымдар ізденіс жолында» апталығының жоспарына сәйкес «Мен зерттеушімін» тақырыбында даярлық сынып оқушысы Ғосман Нұрхан жобаны қорғады.
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс тамақтануы үшін сүт және сүт өнімдерінің маңыздылығын ашу.
Тапсырмалар:
сүт және сүт өнімдері туралы білімдерін кеңейту.
сүт және сүт өнімдерінің балалар ағзасы үшін маңызы туралы түсінік беру, сүттің адам өміріндегі рөлін анықтау.
мектеп жасына дейінгі балалардың дұрыс тамақтануға саналы көзқарасын қалыптастыру.
ғылыми-зерттеу қызметіне танымдық қызығушылықты, жаңа нәрселерді білуге деген құштарлықты дамыту.
зерттеу дағдыларын қалыптастыру (энциклопедиялардан және басқа да әдебиеттерден, ересектермен қарым-қатынастан, теледидарлық бағдарламалардан және т.б. ақпарат іздеу).
ұжымда жұмыс істей білуге, ақпаратпен бөлісуге, бірлескен тәжірибелік- эксперименттік іс-шараларға қатысуға тәрбиелеу.
Балалардың сүт және сүт өнімдерін тұтынуының ағзаның дамуы үшін маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуге көмектесу.
Жетекшісі даярлық мұғалімі Рахимжанова Н.Г.
https://www.instagram.com/p/DJn-snPMsMA/?utm_source=ig_web_copy_link
15 мамыр күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Болашақ ғалымдар ізденіс жолында» апталығының жоспарына сәйкес «Мәңгілік субұрқақ» тақырыбында 7 сынып оқушысы Дүйсенбай Нұрсауле жобаны қорғады.
Мақсаттар:
Герон субұрқағының жұмыс үлгісін құрастырыңыз және Герон субұрқағы мәңгілік қозғалыс машинасы бола алатынын анықтаңыз.
Тапсырмалар:
1. Осы мәселе бойынша әртүрлі ақпарат көздерін зерттеуді және өңдеуді таңдау;
2.Субұрқақтың тарихымен танысу;
3.Герон субұрқағының жұмыс істеу принципін зерттеу;
4. Алынған білім негізінде Герон субұрқағының үлгісін құрастыру;
5.Білімді жалпылау және Герон субұрқағы қай жерде қолданылатынын анықтау.
Жетекшісі АӘТД жетекшісі Смаилов М.С.
https://www.instagram.com/p/DJrHBDjMZEd/?utm_source=ig_web_copy_link
16 мамыр күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Болашақ ғалымдар ізденіс жолында» апталығының жоспарына сәйкес «Мен болашақ мұғаліммін!» тақырыбында 8 сынып оқушысы Самат Балым жобаны қорғады.
«Менің мақсатым - оқушыны жақсы іске қанаттандыра алатындай мұғалім болу. Бұл сөздерден не түюге болады? Мұғалім - психолог, мұғалім - педагог, мұғалім - ізденуші, мұғалім - шығармашылықты үзбей қолданатын тұлға. Ең бастысы мұғалім - мектептің жүрегі. Ал, жүрексіз адамның өмір сүре алмайтыны секілді, мұғалімсіз еліміздің болашағы дамымайды.
Мұғалімнің жетістігі - оқушысының өмірдің бір белесін бағындырғанын көру. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, болашақта өз ісімді шынымен жоғары дәрежеге жеткізетін, кәсіби құзыретті, білімді, оқушылар үлгі тұтатын заманауи мұғалім боламын деген сенімдемін!»
Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Альжанова Ш.Ш.
https://www.instagram.com/p/DJtLd6sM_s1/?utm_source=ig_web_copy_link
19 мамыр күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Болашақ ғалымдар ізденіс жолында» апталығы аяқталды. ӘБ жетекшілер жиында жоба қорғаған оқушыларды марапаттады.