«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің «Сөз өнері» атты апталығы бойынша мәліметі 03-12.02.2025ж

«Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің «Сөз өнері» атты апталығы бойынша мәліметі

03-12.02.2025ж

 

Жамбыл ауылының ЖООБ мектебінде 3/12.02.25ж аралығында "Сөз өнері" атты  айдармен қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуы болды. Іс-шарада сыныптар арасында викториналық сұрақтар қойылды.

 Мақсаты: оқушылардың өз ана тілінің қадір-қасиетін түсініп, тіл құдіретінің қымбат қазына екеніне көз жеткізу. Ана тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/p/DFmcwqtsXI4/?igsh=Ymk5ZzhpbjhoaTRt

Апталықтың екінші күніне сай 7-8 сынып оқушылары "Тілім менің-тірлігімнің айғағы" атты эссе жұмысы алынды. Жұмыстан ең жақсы деген үш орын іріктелді. 1 орын Дүйсенбай Нұрсауле, 2 орын Таукел Нұрсая, 3 орын Бақыт Еңлік.

Мақсаты: 1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 2. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу. 3.Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/p/DFpzqiPsbTa/?utm_source=ig_web_copy_link

05.02 күні "Сөз өнері" апталығы бойынша "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де 9-10 сынып оқушылары арасында Қызықты қазақ тілі әлемі (Интелектуалды сайыс) ұйымдастырылды.

Сайыстың мақсаты:

§ Оқушылардың білімдері мен біліктіліктері арқылы ой - өрістерін дамыту,

§ Ұшқырлық , ойлау қабілеттерін шыңдау.

§ Шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

сайыстың жоспары:

І кезең : «Тіл өнері»                                                                                                                        

ІІ кезең «Мықты болсаң тауып көр»                                                                                                                            

ІІІ кезең «Бәйге»                                                                                                                                                      

Ү кезең “Полиглот”                                                                                                                                                                                                                                                                                    

ІҮ тур «Алтын жұмбақ» сайыс жеңімпаздары марапатталды. Өткізген қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Альжанова Ш.Ш.

https://www.instagram.com/p/DFsUNVXMZht/?igsh=cTd6eHF2aDRtYWVv

6 ақпан күні "Әдебиет көшбасшысы " атты 5 сыныпта сайыс сабақ өтті. Сайыста сынып екі топқа бөлінді. Мақалдың жалғасын табу, жұмбақ шешу, полиглот сияқты кезеңдер болды. Сайыстың мақсаты:  шапшаңдылық, тапқырлық, алғырлық, әдебиет пен  қазақ тілінен білімдерін тереңдетіп, сүйіспеншіліктерін арттыру.

https://www.instagram.com/p/DFuS92pMz4u/?igsh=aG10bjUwaXppazVv

7 ақпан жаспарға сай "Тұғыры биік туған тіл " атты тақырыппен сыныптар арасында плакаттар мен қолөнер сайысы өтті. Ең таңдаулы жұмыстар анықталып, жүлделі орындар берілді. Оған 5-6-7-8-9 сыныптар ат салысты.

https://www.instagram.com/p/DFx3DJWsv_t/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

 

 

 

 

 

Жамбыл ауылының ЖООБ мектебінде 11 ақпан 9-10 сынып оқушылары арасында  қазақ әдебиетінен «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны өтті.

Мақсаты:  Оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, шешендігін шыңдауға үйрету. Жеңімпаздар марапатталды. Өткізген қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Альжанова Ш.Ш.

https://www.instagram.com/p/DF70e3asjvh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

12 ақпан күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде қазақ тілі жіне әдебиет мұғалімі Қуанышова Д.О. 5 сыныпқа аудандық семинарда ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы «Бос уақытты тиімді пайдалану». 5-сыныптың барлық оқушылары сабаққа белсенді қатысты, интерактивті панельмен жұмыс істеді, сабақтың тақырыбын толық түсініп, аша алды.

https://www.instagram.com/p/DF-bmPqsJBM/?utm_source=ig_web_copy_link

 

Жаңартылған күні: 12.02.2025 20:20
Құрылған күні: 13.02.2025 10:55

Текст