План и отчет о проведении декады по предметам казахский язык и литература на тему «Казахский язык и литература в эпоху ИИ» по КГУ «ОШ села Жамбыл» в период с 9 по 20 ноября 2026–2027 учебного года.

«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша

2026-2027 оқу жылының 9-20/11аралығында

қазақ тілі және әдебиеті пәндерінен

«ЖИ дәуіріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» атты онкүндікті өткізуі туралы

ЕСЕБІ

9-20 қараша аралығында Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде "ЖИ дәуіріндегі қазақ тілі мен әдебиеті " онкүндігінің ашылуы өтті. Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жасанды интеллект құралдарын сауатты әрі тиімді қолдануды үйрету.

https://www.instagram.com/reel/DfhFX5dIrf8/?utm_source=ig_web_copy_link&dlrf=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

Аптаның екінші күні 9-сынып оқушылары арасында «Атадан қалған асыл сөз» тақырыбында мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін, тапқырлығын, есте сақтау қабілетін және шешендік өнерін дамытып, жетілдіру.

https://www.instagram.com/reel/DfjmBdLI983/?utm_source=ig_web_copy_link&mdxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 9-сынып оқушылары арасында жоғары деңгейде ұйымдастырылған «Тіл зерттеуші» атты жоба қорғау сайысы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты:

Оқушылардың ана тілінің байлығын, тілдік құрылымын, сөздердің шығу тегі мен қолданыс ерекшеліктерін терең түсінуіне жағдай жасау, сонымен қатар олардың алғашқы ғылыми-зерттеушілік дағдыларын қалыптастырып, шығармашылық әлеуетін шыңдау. Шара барысында 9-сынып оқушысы Самат Нарқыз өз зерттеу жұмысын сәтті қорғап, тіл білімінің түрлі қырларына үңілді. Оқушылардың ізденімпаздығы мен тілдің тарихына деген қызығушылығы олардың жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетті. Мұндай ғылыми жобалар жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау мен шешендік қабілеттерін дамытуға мол мүмкіндік береді.

https://www.instagram.com/reel/Dfl64pAoRpg/?utm_source=ig_web_copy_link&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігіне орай Абай және Мақатаев өлеңдерін мәнерлеп оқу шарасы өтті. Мәнерлеп оқу — бұл өнер, мақсаты — осы өнердің құдіретімен қазақтың бай сөз өнерін, оның тереңдігін, сұлулығын және рухани құндылықтарын тыңдаушының жүрегіне, санасына мәңгілік ұялату.

https://www.instagram.com/reel/Dfot8FRInnS/?utm_source=ig_web_copy_link&obrf=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігіне орай «Жүз кітап — бір әлем» атты шара өтті. Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, заманауи интерактивті форматта жұмыс істеуге баулу.

https://www.instagram.com/p/DfrLg1EoD39/?utm_source=ig_web_copy_link&rpxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

«Менің туған тілім — қазақ тілі!» атты керемет флешмоб өтті!  Бүгін, 16 қараша күні, мектебіміздің 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Менің туған тілім — қазақ тілі!» тақырыбында ерекше флешмоб ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — ана тіліміздің мәртебесін көтеру, оқушылардың туған тілге деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру. 10-сынып оқушылары өздерінің белсенділігін, өнері мен ұйымшылдығын жоғары деңгейде көрсете білді! Ана тіліміздің тұғыры қашанда биік болсын!

https://www.instagram.com/reel/DfzHKhIoCy9/?utm_source=ig_web_copy_link&rpxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде «ЖИ қазақ тілі мен әдебиеті» онкүндігіне орай 17 қарашада "Заманауи медиа және ана тілі" атты сұрақ-жауап айдары өтті. Мақсаты: Жасанды интеллект, әлеуметтік желілер, блогтар, подкасттар мен мультимедиялық платформалар заманында қазақ тілінің дұрыс, әрі әсерлі қолданылуын насихаттау.

https://www.instagram.com/reel/Df1vIIqo9-B/?utm_source=ig_web_copy_link&xtok=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де 2026–2027 оқу жылының 9–20 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен «ЖИ дәуіріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» атты онкүндік өтуде. Осы онкүндік аясында 18 қараша күні 9–10 сынып оқушыларының қатысуымен «Бір сахна — мың сыр» атты тағылымды шағын қойылым ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты — көркем әдебиет туындыларын сахналау арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін, актерлік шеберлігін дамыту және ұлттық құндылықтарды заманауи көзқараспен ұштастыру. Жас өнерпаздар кейіпкерлердің жан дүниесін терең ашып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сахна мәдениеті мен әдебиетке деген сүйіспеншілікті паш еткен оқушыларымызға шығармашылық табыс тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/Df4XnloIyFR/?utm_source=ig_web_copy_link

«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де 2026–2027 оқу жылының 9–20 қараша аралығында «ЖИ дәуіріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» атты онкүндік өтуде!

Бүгін — 19 қараша күні онкүндік аясында 10 сынып оқушылары «Заманауи медиа және ана тілі» тақырыбында бейнеролик немесе подкаст түсіру жұмыстарына кірісті!

Жасанды интеллект заманында ана тілімізді заманауи форматтарда насихаттап, тың идеялармен бөлісіп жатқан 10 сынып оқушыларына сәттілік тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/Df7Dl6-ILaH/?utm_source=ig_web_copy_link&evlk=MzRlODBiNWFlZA==&avpt=MzRlODBiNWFlZA==

«Ана тілі – жүрегімнің түкпірінде!» 2026–2027 оқу жылының 9–20 қараша аралығында «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де қазақ тілі және әдебиеті пәндерінен «ЖИ дәуіріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» тақырыбындағы онкүндік сәтті өтті.

Бүгін, 20 қараша күні, 5–11 сынып оқушыларының қатысуымен онкүндіктің салтанатты жабылу кеші ұйымдастырылды! Іс-шара барысында оқушылар ана тілінің құдіреті мен байлығын жырға қосып, заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін ұлттық құндылықтармен ұштастыра білетіндерін көрсетті. Кеш соңында онкүндік аясында белсенділік танытқан үздік оқушылар мен жеңімпаздар марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/Df9BxKYIZMa/?utm_source=ig_web_copy_link&hvrq=MzRlODBiNWFlZA==&avpt=MzRlODBiNWFlZA==

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Куанышова Д.О