«Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің
орыс тілі және әдебиет сабақтары бойынша бес күндік
апталықтың мәліметі
11-15.11.2024ж
11 қараша күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Русский язык богат и выразителен» орыс тілі және әдебиет пәндерінің апталығы басталды. Шахаризада Асқарқыз жиында оқушыларды жоспармен таныстырды, сұрақ-жауап ойын өткізді, фойеде стенд жасалды, оқушылар қызықты сұрақтарға жауаптарын іздеп жазды. Жауапты орыс тілі мұғалім Ахметова Ш.А.
https://www.instagram.com/p/DCOTzZeCQ45/?igsh=ZDR5M3B5ZmZ6ZmEx
12 қараша күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де апталықтың жоспарына сәйкес орыс тілі және әдебиет мұғалім Ахметова Ш.А. «Тысяча слов на русском языке» 7-10 сыныптарға челлендж өткізді. Барлық 7-10 сынып оқушылар постерлерге орысша сөздерді жазды. Ең көп сөз жазған 7, 9 сынып оқушылары.
https://www.instagram.com/p/DCRFrdKCg8a/?igsh=MXE2b2ZhbWVmZzdyMg==
13 қараша күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де апталықтың жоспарына сәйкес орыс тілі және әдебиет мұғалім Ахметова Ш.А. «Самая лучшая тетрадь по русскому языку» орыс пәнінен 2-4 сыныптар аралығында ең ұқыпты дәптер конкурсын өткізді. Ең ұқыпты дәптерге орын берілді: 1 орын алғын оқушылар Құлке Айару 4 сынып, Серік Мейірбан 4 сынып, Дюсекеев Рамазан 4 сынып, 2 орын алғандар Козанбаев Мұхаммед 4 сынып, Ибрагим Нұргүл 4 сынып, Таукел Айару 2 сынып, 3 орын алғандар Қадырбек Иманали 2 сынып, Джайқ Зере 3 сынып, Иркен Ернұр 2 сынып. Құттықтаймыз!
https://www.instagram.com/p/DCTqkgXizei/?igsh=MWU2cjEycGd1dDFlYQ==
14 қараша күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де апталықтың жоспарына сәйкес орыс тілі және әдебиет мұғалім Ахметова Ш.А. «В мире русской сказки» сурет көрмесін өткізді. Сурет көрмесіне 5-6 сынып оқушылары қатысты. 1 орын алғандар: Бақыт Айдын 5 сынып, Рүстембек Ахметжан 5 сынып, Джайқ Жансезім 5 сынып, 2 орынға ие болғандар: Төлеубай Мұқан 5 сынып, Құлке Айзере 6 сынып, Ақылбаев Бекарыс 6 сынып, 3 орынды алды: Сағынбеков Айткен 6 сынып, Төлеубай Шұғыла 5 сынып, Асхат Нұрәлі 5 сынып. Құттықтаймыз!
https://www.instagram.com/p/DCW4DNJCniy/?igsh=MXBtem53NWxwOGxlZA==
15 қараша күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де апталықтың жоспарына сәйкес орыс тілі және әдебиет мұғалім Ахметова Ш.А. «Кем быть?» орыс тілі және әдебиет пәнінен 5 сыныпқа ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты: сұрақтарға негізделген мәтіннің негізгі идеясын анықтау; иллюстрациялар, комикстер негізінде мәлімдемелер жасау. 5 сынып оқушылар барлығы ашық сабаққа жақсы белсенді қатысты. Мұғалім сабақта презентацияны қолданды, жазушы В.Маяковский туралы өмір баянымен таныстырды, оқушылар "Кем быть?" тақпағын кезекпен мәнерлеп оқыды, мұғалімнің сұрақтарына жауап берді, кластермен жұмыс жасады, интерактивті тақтада мұғалім оқушыларға сәйкестендіру ойынынды ойнатты, додекаэдрді пайдананып оқушыларға мамандықтармен кәсіби сөздермен таныстырды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.
https://www.instagram.com/p/DCYcdgXCuC3/?igsh=cGN5bGxtY3BnejI3
Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Ахметова Ш.А.