Жамбыл ауылының ЖОББ мектебі
2-15 қыркүйек аралығында өткен
ҚР халқының тілдері күніне арналған іс-шаралардың
өтуі туралы мәлімет
1 күн Мектепте «Тіл – татулық тірегі » айдарымен тіл мерекесінің ашылуына мен стенд шығарылды. Ұйымдастырылған шарада халықтың тәуелсіздігінің басты белгісі-оның тілі, ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі екендігі насихатталды. Тәлім-тәрбие, өнер, мәдениет, ғылым, техника тіл арқылы меңгерлетіні назар аударылды. Бұл шараны қазақ тілі әдебиет мұғалімі Қуанышова Д.О .Онкүндіктің жоспарымен таныстырып, тақырыпқа сай стенд шығарылды.
https://www.instagram.com/p/DdT_RwfjNh/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
3 қыркүйек күні жоспар бойынша 9 сынып оқушыларымен тіл мерекесіне орай «Ана тілім ардағым» атты тақырыппенүш тілде мәнерлеп оқу өткізілід.
https://www.instagram.com/reel/Dc-hngSoLVx/?stkn=c3ptMmJ1Ym9hazF0
Апталықтың келесі күнінде ««Тіліміз бір-тілегіміз ортақ» атты тақырыпта Смағұлова Б.Г 7 сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен орайластырылған Тілдер мерекесінің маңызын түсіндіру; ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, елдегі халықтар достығы мен ауызбіршілігін дәріптеу; патриоттық сезімдерін ұштау.
https://www.instagram.com/reel/Dc-kBrDIUo6/?stkn=cXhyZG5kdGYwOWl1
4 күн ««Тіл білгірі» атты тақырыпта 7 сынып оқушыларымен зияткерлік ойын өткізді. Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Оқушылардың орыс тілі бойынша алған білімдерін (лексика, фонетика, фразеология, грамматика) жүйелеу және тексеру; үш тілділік саясатын насихаттау.
https://www.instagram.com/p/Dc-fiY2jFW1/?stkn=MWJ3Nm03OHRya3hyZw==
5 күні «Тіл жәнеи цифрлық білім» атты тақырыпта шығармашылық байқау өткізді
Тіл –ұлттың соғатын жүрегі, өшпес рухы!Қазақстан халқының тілдері күніне орай заманауи жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін пайдалана отырып, арнайы бейнеролик дайындалды. Болашақ пен заманауи технология тілді ұмыту үшін емес, оны бұрынғыдан да айшықты ете түсу үшін қызмет етуі тиіс!
https://www.instagram.com/reel/DdBu2tpIFGx/?stkn=MWhvYWI1MTJob3Q3NA==
10 сынып оқушыларымен «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты челлендж өтті.
Тіл – мемлекеттің басты тұғыры, ұлттың жаны. Еліміздің еңсесі биік болуы – ана тіліміздің тұғыры берік болуымен тікелей байланысты. Мемлекеттік тілде сөйлеу, оны қадірлеу – біздің азаматтық парызымыз.
https://www.instagram.com/reel/DdEQJB-oUV7/?stkn=MWt3YXU4czhsdDlycA==https://www.instagram.com/reel/DdEQJB-oUV7/?stkn=MWt3YXU4czhsdDlycA==
10/09 күні «Үш тіл –үш әлем» атты сайыс сабақ өтті. Оған ағылшын тілі мұғалімі Қаныбек А жауапты болды. Тілдер апталығы аясында 5-сынып оқушыларымен ағылшын тілінен “Around the World: Language Adventure” атты танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру және әртүрлі елдер мен тілдер туралы білімдерін кеңейту.Оқушылар белсенді қатысып, топпен жұмыс жасау және ағылшын тілінде білімдерін қолдану дағдыларын көрсетті. Сайыс тартымды әрі көңілді өтті.
https://www.instagram.com/p/DdGqsRGEdi-/?stkn=MTlnMnVoMXE1amkyMg==
11/09 күні «Ұлт ұстазы- Ахмет Байтқрсынов» атты тақырыппен бастауыш сынып мұғалімі Қабылтаева Ғ.А 4 сыныппен танымдық сабақ ұйымдастырды. Игі шара барысында оқушылар мақал-мәтел жарысы мен «Білгеніңмен бөліс» интеллектуалды ойындарына белсене қатысты. Балалар Ахмет Байтұрсыновтың қазақ балаларына арнап алғашқы әліппені жасаған Ұлт ұстазы екенін зор қуанышпен, мақтанышпен айтып бөлісті. Осындай тартымды тапсырмалар арқылы оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен білімге деген құштарлығы арта түсті.
https://www.instagram.com/p/DdIyuZjEcGH/?stkn=MW4wbXJtd3FoaXBicg==
14/09 күні «Сөз мерген» атты тақырыппен тарих пәнінің мұғалімі Нәзірхан Е 9сынып оқушыларымен пікірталас өткізді. Мақсаты:
Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметі мен жауапкершілігін арттыру, қазақ тілінің қоғамдағы маңызы мен мәртебесін талқылау арқылы өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізу дағдыларын қалыптастыру. Пікірталас барысында түрлі көзқарастарды тыңдап, пікірді құрметтеуге, сыни ойлауға және тіл жанашыры болуға тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/DdRlcd_DJ8D/?stkn=MW9ranBhMDMycmI2NA==
Жоспардың соңғы күнінде мектеп кітапханашысы Сүндетова Н.Т «Кітап- тілдің қызынасы» атты тақырыппен кітап көрмесін ұйымдастырды. Бүгін кітапханамызда оқушылардың қатысуымен ерекше кітап көрмесі өтті!
Кітап – адам баласының ақыл-ой қазынасы, ғасырдан ғасырға мұра болып келе жатқан сарқылмас бұлақ. Осы орайда ұйымдастырылған көрме жас оқырмандардың рухани кемелденіп, кітапқа деген махаббатын оятуды көздейді.
Шара барысында оқушылар сөрелерден өздеріне ұнаған қызықты әдебиеттерді таңдап, білім мен өнердің шексіз әлеміне саяхат жасады.
Кітап оқып, білімімізді бірге көтерейік!
https://www.instagram.com/p/DdTvN-6jP1K/?stkn=MTF6ODEyem1wZHczNw==https://www.instagram.com/p/DdTvN-6jP1K/?stkn=MTF6ODEyem1wZHczNw==
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Куанышова Д.О