" />
«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша 2025-2026 оқу жылының 08-19/12 аралығында «Жан әлемінің жаршысы - психолог» атты онкүндікті өткізуі туралы ЕСЕБІ

«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша

2025-2026 оқу жылының 08-19/12 аралығында

«Жан әлемінің жаршысы - психолог»

 атты онкүндікті өткізуі туралы

ЕСЕБІ

 

8 желтоқсан күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Жан әлемінің жаршысы - психолог» тақырыбында  психологтар онкүндігі басталды. «Көңіл-күй барометрі» тақырыбымен психолог мектепке келген оқушыларды ерекше қарсы алды. Шынар Шайымқызы  жиында оқушыларды жоспармен таныстырды, «Түрлі түсті күн» өткізді, ұраны «Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!», оқушылар қызықты сұрақтарға жауап берді. "Эмоциялар шеберханасы" тақырыбында ойын өткізді. Жауапты мектеп психологі Альжанова Ш.Ш.

https://www.instagram.com/p/DR_6YvtDIcl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

9 желтоқсан күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Жарқын болашақ күні» тақырыбында психологтар онкүндігіне сәйкес «Жарқын болашақ күні» өтті.
Ұраны: «Болашақ бүгінен басталады!». Шынар Шайымқызы 9-11 сыныптар аралығында "Кәсіптік бағдар беру тестілеуі" тақырыбында психологпен бірге жеке консультациялар мен топтық тестілер өткізді. 4 сынып оқушыларымен «Мамандықтар әлемі» тақырыбында тренинг өтті.

https://www.instagram.com/p/DSCi6vvjGAN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

10 желтоқсан күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Бақытты күн» тақырыбында психологтар онкүндігіне сәйкес «Бақытты күн» өтті. Ұраны: «Әрбір адам, өз бақытының жаршысы». Шынар Шайымқызы 10 -11 сынып оқушыларымен «Менің күшті жақтарым» тақырыбында тренинг өткізді.

https://www.instagram.com/p/DSE9cJ0jJXK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

11 желтоқсан күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Қарым-қатынас күні» тақырыбында психологтар онкүндігіне сәйкес «Қарым-қатынас күні» өтті. Ұраны: Қарым – қатынас, өмір атты тағамның ең қажетті тұздығы. Шынар Шайымқызы мектеп дәлізіне "Сенім поштасы" атты апта бойы жұмыс істейтін жасырын хаттар мен сұрақтарға арналған жәшік орнатты.6-11 сынып оқушыларымен «Ең ең ең ... оқушы» тақырыбында экспресс сауалнамасын өткізді.

https://www.instagram.com/p/DSHo2OdjBDe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

12 желтоқсан күні «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де  «Ынтымақтастық күні»  тақырыбында  психологтар онкүндігіне сәйкес  «Ынтымақтастық күні»  өтті. Ұраны: Алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер. Шынар Шаймқызы 2-5 сыныптар арасында «Біз және қарым-қатынас» (эмпатия және байланыс) және  «Жанжалдарды шешу өнері» тақырыбында рөлдік ойындар өткізілді.

https://www.instagram.com/p/DSKqNPuDOol/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

15 желтоқсан күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Түрлі түсті күн» тақырыбында психологтар онкүндігіне сәйкес «Түрлі түсті күн» өтті. Ұраны: "Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!" . Шынар Шаймқызы ұстаздар қауымымен "Психологиялық денсаулық" тақырыбында стресспен күресу және алдын-алу жаттығуларын жүргізді. "Тыныштық бұрышы" тақырыбымен арт-терапия элементтері (мандала бояу, тыныш музыка тыңдау) релаксациялық жаттығулар жүргізді.

https://www.instagram.com/p/DSSLxAuDKys/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

17 желтоқсан күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Бақытты күн» тақырыбында психологтар онкүндігіне сәйкес «Бақытты күн» өтті. Ұраны: «Әрбір адам, өз бақытының жаршысы» . Шынар Шаймқызы ұстаздар қауымымен "Психологиялық денсаулық" тақырыбында стресспен күресу және алдын-алу жаттығуларын жүргізді. "Өмірдегі қуаныш" дәрісі тақырыбымен мұғалімдерге күйзелісті басқару бойынша жұмыс жүргізілді.

https://www.instagram.com/p/DSXRC64DGzd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

19 желтоқсан күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Ынтымақтастық күні» тақырыбында психологтар онкүндігіне сәйкес «Ынтымақтастық күні» өтті.
Ұраны: "Алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер". Мектеп жиынында апта қорытындысы шығарылып, оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DSb7ZUrDL3X/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Педагог-психолог Альжанова Ш.Ш.

 


Текст