2024-2025 оқу жылы бойынша
«Жамбыл ауыының ЖОББМ» КММ-де
Жазғы мектеп өткізу туралы ақпарат
26-30 мамыр 2025 жыл
26 мамыр «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де 1-4 сынып бастауыш аралығында оқушыларының білім олқылықтарын толтыру мақсатында "Жазғы мектеп" ұйымдастырылды. 26-30 мамыр аралығында бастауыш сыныптардың Жазғы мектеп өтеді, ал 5-8, 10 сыныптарға 25-29 тамыз аралығында болады.
Пән мұғалімдері оқу жылының соңына дейін 64 оқушыларының білімінде олқылықтар бар-жоғын анықтау үшін кіру тестілеуін алды. Осылайша 1-8, 10 сынып аралығындағы 42 оқушының тізімі жасалды. 1 сыныпта - 4 оқушы, 2 сыныпта - 5 оқушы, 3 сыныпта - 3 оқушы, 4 сыныпта - 5 оқушы, 5 сыныпта - 7 оқушы, 6 сыныпта - 3 оқушы, 7 сыныпта - 6 оқушы, 8 сыныпта - 6 оқушы, 10 сыныпта – 3 оқушы. Осы тізімі бойынша ата-аналардың жиналысы өткізілді. Барлық ата-ана өтініштерін жазып берді. Мектеп меңгерушісі сабақ кестесін жасады. Кесте бойынша "Жазғы мектеп" өз жұмысын 1-8, 10 сыныптар үшін сағат 9.00-де бастайды. Кестеге осы пәндер кіргізілді: математика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарих, дүние тарих, химия, физика, география және биология. Күніне әр сыныпта төрт сабақ өтеді. Мұғалімдер сабақтарды жоспарлауды әзірледі, мектеп директорымен бекітілді. Бірінші күні барлық оқушылар жүз пайыз мектепке келді. Сабақтар дәстүрлі емес жағдайда өтті. Бұл логикалық тапсырмалар, викториналар, ойындар және т. б.
26 мамыр күні бастауыштарда сабақ өтті. Биыл Жазғы мектепке бастауыш 1-4 сынып аралығында 17 оқушы қатысты. Сабақ өткізген бастауыш сынып мұғалімдер: 1 сынып мұғалімі Смагулова Аягоз Сериковна, 2 сынып мұғалімі Кабылтаева Галия Абаевна, 3 сынып мұғалімі Кульмагамбетова Перизат Орынбаевна, 4 сынып мұғалімі Жакупова Ляззат Каиркельдиновна, жаратылыстану мұғалімі Дюсекеева Меруерт Оразалиевна. Өткізген сабақтар өз мақсатына жетті.
https://www.instagram.com/p/DKI-PsVCb1q/?utm_source=ig_web_copy_link
27 мамыр күні бастауыштарда Жазғы мектеп басталды. Сабақ өткізген бастауыш сынып мұғалімдер: 1 сынып мұғалімі Смагулова Аягоз Сериковна, 2 сынып мұғалімі Кабылтаева Галия Абаевна, 3 сынып мұғалімі Кульмагамбетова Перизат Орынбаевна, 4 сынып мұғалімі Жакупова Ляззат Каиркельдиновна, жаратылыстану мұғалімі Дюсекеева Меруерт Оразалиевна. Сабақтың мақсаттары өткізілген сабақтармен сәйкес болды.
https://www.instagram.com/p/DKJm57nshP7/?utm_source=ig_web_copy_link
28 мамыр күні бастауыштарда Жазғы мектеп өтті. Жазғы мектептің алғашқы күні балалар үшін өте мазмұнды, қызықты әрі пайдалы өтті. Оқушылар жаңа білім алып, белсенділік танытты, достарымен қарым-қатынас орнатып, шығармашылық қабілеттерін дамытты.
https://www.instagram.com/p/DKMByt1MzCK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
29 мамыр күні бастауыштарда Жазғы мектеп өтті. Жазғы мектеп бағдарламасына сәйкес пәндік бағыттағы қысқартылған, жеңілдетілген сабақтар өтті:
Сабақтар ойын түрінде өткізіліп, балалардың қызығушылығын арттырды.
https://www.instagram.com/p/DKO-MUTs1aM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
30 мамыркүні бастауыштарда Жазғы мектеп өтті. Жазғы мектеп аясында Абай оқуларын өткізу туралы ақпарат.
Мақсаты: Қазақтың ұлы ағартушысы, ақын және философ Абай Құнанбаевтың шығармашылығын дәріптеу, білім алушыларда рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, туған мәдениетке, тілге және әдебиетке деген қызығушылықты дамыту.
Оқушылар Абай мұрасын зерттеуге жоғары қызығушылық танытты, шығармашылық қабілеттерін, шешендік қабілеттерін және командада жұмыс істеу қабілетін көрсетті. Іс-шара патриоттық сезімнің қалыптасуына, ұлттық мәдениет пен ана тіліне деген құрметке ықпал етті.
https://www.instagram.com/p/DKRSQVcMNRx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==