Хаттама №1
Өткізілген күн: 4.09.2018ж Басталуы: 1600 Аяқталуы: 1700 Қатысқан ата – аналар саны: 39
Күн тәртібінде:
Тыңдалды:
І. Мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі аудандық оқу бөлімінен келген нұсқау хат мазмұнымен таныстырды. Мектептегі тұрмысы нашар отбасындағы балалар, жартылай жетім балалар мүддесін қорғау мақсатында қамқорлық кеңесін құру қажеттілігін туындағанын мәлімдеді. Қамқорлық кеңесі құрамын анықтау туралы ұсыныс жасалды.
ІІ. Екінші мәселе бойынша мектеп директоры мектептің ішкі тәртібі туралы айтты. Сабақтан тыс уақытта балаларды мектеп ішіндегі үйірме жұмыстарына қатыстыруларын ескертті. Қазіргі уақытта «түнгі қала балалары» атты рейддтің жүріп жатқанын, бұл балалар өмірінің қауіпсіздігінің алдын алу үшін ата – аналар, ұстаздар тарапынан бақылау күшейтілу керектігі айтылды.
ІІІ. Басқа да мәселелер бойынша оқу ісінің меңгерушісі Саменова К.К ата – аналар сұрақтарына жауап беріп, әртүрлі мәселелер қарастырылды.
Қаулы
Қамқорлық кеңесі мына үлгіде бекітілсін: Реймова Г.М – қамқорлық кеңесінің төрайымы
Хатшысы: Жакупова Л.К
Хатшысы: Жакупова Л.К
Қамқоршылық кеңес
№3 ХАТТАМАСЫ
«30» «қаңтар» 2019 жыл Жамбыл ауылы
Қатысқандар: 29
Басталуы: 1600
Аяқталуы: 1700
Күн тәртібі:
Тыңдалды:
Реймова Г.М: «Жамбыл орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығында қамқорлық кеңесінде атқарған жұмыстары, білім беру қызметін ұсыну сапасы жөнінде айтып өтті.
Сергазина Ш.Е: 2018-2019 оқу жылының тамыз айында «Мектепке жол» акциясы өткізілгендігін, акцияның негізгі мақсатын айтты. Биылғы оқу жылында мектепте оқитын оқушылар саны анықталып, олардың тұрмыстық жағдайларымен танысып, барлық оқушылардың тегін оқулықтармен қамтамасыз етілгендігін, акция барысында Жамбыл орта мектебінде оқитын жартылай жетім оқушыға мектеп формасын, мектеп сөмкесімен қоса оқу құралдарын қамтамасыз етіп өз үлестерін Мектеп ұжымы қосқандығы айтылды. Қайырымдылық акциясының жалғасын табатындығын хабарлады.Сөйлеу:Сағынбекова М.А мектеп ішіндегі атқарылған жұмыстармен танысып, өз пірікін білдірді. Жағдайы төмен, аз қамтылған оқушылар, ата-анасы жоқ, жартылай жетім балаларымызды қорғау барлық мүмкіншілігі бар адамдардың қолынан келетін жұмыс екенін айтып өтті. Яғни, қайырымдылық көмектің көп болуын қолдады. Жағдайы жоғары санаттағы азаматтардың қол ұшын берулерін өтінді.Ата-ана тарапынан сөз сөйлеген Ж.С.Смагулова қамқорлық акциясының көп өтуін қолдады. Сол мақсатта оқушыларды білім алу үшін мектептің техникалық базасын көбейтуді сұрады. Ата-ана ретінде оқушылардың әлеуметтік жағдайын да атап өтті. Осы оқу жылында өтетін «Қамқорлық» акциясында жәрмеңке ұйымдастыруымызды өтінді.
Шешім: «Жамбыл орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2018 – 2019 оқу жылының І жарты жылдығында атқарған жұмыстары, білім беру қызметін ұсыну сапасы және қайырымдылық көмектің жұмсалуы туралы есебі қанағаттанарлық деп танылсын.
ҚК төрағасы_______________________ Реймова Г.М
Хатшы________________________ Жакупова Л.К
Хаттама №2
«Жамбыл орта мектебі» ММ
2018-2019 оқу жылы
20.12.2018 жыл
Басталуы 1530 Аяқталуы: 1630
Күн тәртібінде: 1. Мектептегі мерекелік іс-шараларға қатысу, көмек көрсету.
2. Жетім,жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен, аз
қамтылған жанұяның балаларының тұрмыс жағдайымен танысу.
қатысқандар -7 қатыспағандар – 2
Тыңдалды: Отырысты қамқоршылық кеңесінің төрағасы Г.М.Реймова ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті.
1-мәселе бойынша кеңес мүшесі Ғ.А.Қабылтаева сөз алды. Мектептегі келе жатқан мерекелік іс-шара жаңа жылдық шырша мерекесі.Осы іс-шараға орай кеңес мүшелерінің ақылдасуымен көмек көрсетілсе. Оқушыларға жалпы мектепке деген ойымыз бар.Осы ойымды сіздер құптайды деген ойдамын. Безендендіру жұмыстары және Аяз Атаның қоржынына қаржылай көмек көрсетілсе. Сонымен бірге жетім, жартылай жетім, аз қамтылған оқушыларға көмектер көрсетсек.
Осы мәселеге байланысты Б.А.Дюсекеев сөз сөйледі, мектеп шыршасына сыйлықты ата – аналар өздері көмек көрсетіп, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысамыз. Ендігі кезекте осы мектепке де көмек ұйымдастырсақ нұр үстіне нұр болар еді.
2-мәселе бойынша Жетім,жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен, аз қамтылған жанұяның балаларының тұрмыс жағдайымен таныссақ. Сондай отбасылар ауылымызда бар. Сол отбасыларға көмек көрсетілсе қалай ойлайсыздар.Сіздердің пікірлеріңіз маңызды, себебі сіздер қамқоршылық кеңесінің мүшелерісіздер.
Ұсыныс: 1. Шырша мерекесіне безендендіру жұмыстарына қаржылай көмек
көрсетілсін.
2.Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен, аз қамтылған жанұяның балаларының тұрмыс жағдайымен танысу қаңтар айының аяғына жоспарлансын.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Г.М.Реймова
Хатшысы: Л.Қ.Жакупова