«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша 2025-2026 оқу жылының 10-21/11 аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәні «Ана тілім - асыл мұрам!» атты онкүндікті өткізуі туралы ЕСЕБІ

«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша

2025-2026 оқу жылының 10-21/11 аралығында

қазақ тілі мен әдебиет пәні

«Ана тілім - асыл мұрам!» атты онкүндікті өткізуі туралы

ЕСЕБІ

 

10-21 қараша аралығында Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде "Ана тілім - асыл қазынам" атты тақырыппен қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің ашылу рәсімі өтті. Тақырыпқа байланысты стенд шығарылып, тапсырмалар ұсынылды.
Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тіл мәдениетін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

https://www.instagram.com/reel/DQ36IhbCDyN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Қазақ тілі мен әдебиеттің онкүндіктің екінші күні 11 қараша Халық ұстазы – Ыбырай Алтынсаринге байланысты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты:
1.Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог - жазушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
2.Оқушыларды Ыбырайдың ағартушылық, педагогтік қызметін қадірлеуге, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
3.Ыбырай шығармалары арқылы еңбекқорлыққа, адамгершілікке, білімге құштарлыққа баулу.
4.Қазақ халқының рухани мұрасын құрметтеуге, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру.
Кештің түрі: Әдеби кеш
Өткізу формасы:
Презентация, өлең оқу, көрініс қою,қызықты ойындар.

https://www.instagram.com/reel/DQ6Z524CGze/?utm_source=ig_web_copy_link

Онкүндіктің үшінші күніне орай «Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде рөлін толық атқарып жүр ме?» атты тақырыпта пікірталас сайысы өтті. Оған жоғарғы сынып оқушылары ат салысты.

Пікірталастың мақсаты:

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қазіргі жағдайын талқылау;

Тілдің қоғамдағы рөлін, қолданыс аясын жан-жақты сараптау;

Оқушылардың сыни ойлау, пікірталас мәдениетін дамыту;

Мемлекеттік тілге деген құрмет пен жауапкершілік сезімін арттыру;

Қазақ тілінің болашағы мен дамуына қатысты өз көзқарасын дәлелмен қорғауға үйрету.

https://www.instagram.com/reel/DQ9fpoqiGDR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Қазақтың бас ақыны, дара ақыны Абай Құнанбаевтын -180ж орай "Абай және шәкірт" атты тақырыппен 6-7-8-9 сынып оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаттары:

1. Сөйлеу мәдениетін дамыту: Оқушылардың дауыс ырғағы, екпін, тыныс алу арқылы мәтінді мәнерлеп жеткізу дағдыларын қалыптастыру. Абай шығармашылығын терең түсіну: Абайдың өлеңдеріндегі ой-пікір, философиялық мәнді, адамгершілік қағидаларын түсініп, оны дұрыс жеткізу.

Қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Тәукел Нұрсая 1 орын, Бақыт Еңлік 2 орын, Самат Балым 3 орын.

https://www.instagram.com/reel/DQ_XVggCFzd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

17.11.2025ж қазақ тілі мен әдебиет онкүндігінің жоспарына сәйкес «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-ден «Мақал-сөздің мәйегі» тақырыбында 6-8 сынып аралығында сайыс өтті.
Мақсаты: Мақал-мәтелдер арқылы адамгершілік, еңбекқорлық, бірлік, достық сияқты құндылықтарды насихаттау;
Тапқырлыққа, жылдам ойлауға баулу;
Мақалдың астарлы мағынасын түсініп, дұрыс қолдана білуге дағдыландыру.

https://www.instagram.com/reel/DRJuMusiK4p/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

18 қараша қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің жоспарына сай "Жұмбақтар әлемі" атты сайыс өтті. Мақсаты:
Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің бір түрі — жұмбақтармен таныстыру, оның тәрбиелік мәнін түсіндіру. Жұмбақ шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін, логикасын, тапқырлығын дамыту.

https://www.instagram.com/reel/DRMXPGFiNe1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

19 қараша қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің жоспарына сай"Тілім барда-халқым бар" атты тақырыппен шағын көрініс қойылды,сонымен қатар"Қазақ тілі-ұлттың рухы" атты айдармен 5-11сынып аралығында плакаттар сайысы өтті.Мақсаты: Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілге құрмет сезімін қалыптастыру;
Оқушылардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту;
Тілді насихаттауға бағытталған көркем, мазмұнды плакаттар әзірлеуге ынталандыру.

https://www.instagram.com/reel/DROlBHoCMlp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DRPVF-NCGm8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

20 қараша қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің жоспарына сай "Мұқағали - мәңгілік жыр" атты әндер кеші болды. Оған 6-7 сынып оқушылары ат салысты.

Мақсаты: Қазақ поэзиясының ақиығы Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, оның сөзіне жазылған әндердің құндылығын жас ұрпаққа таныту.

Оқушылардың ұлттық өнерге, поэзияға, ән өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Ән айту мәдениетін, сахналық шеберлікті, музыкалық қабілетті дамыту.

https://www.instagram.com/reel/DRSFonXiL4z/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында өткізілген іс-шаралар барысында белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау.

Мақсаты – олардың шығармашылығын, тілге деген құрметі мен қызығушылығын арттыру, қоғамдық белсенділігін көтермелеу, білім мен өнердегі жетістіктерін бағалау, үздік нәтижелер көрсеткен оқушылардың еңбегін көпшілік алдында мойындау.

https://www.instagram.com/p/DRUJGzkjOSa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Қуанышова Дария Оразгалиевна, Нурмаш Нұрсезім Амандыққызы.

 


Текст