«Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің
сынып жетекшілер апталықтың мәліметі
25.11-06.12.2024ж
25 қараша күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де «Сыныптағы көшбасшылық міндет емес, шексіз шығармашылық» тақырыбында сынып жетекшілер апталығы басталды. Ахметова Ш.А. жиында оқушыларды жоспармен таныстырды. Жауапты 1-10 сынып жетекшілер.
https://www.instagram.com/p/DCyJfA2CWYP/?igsh=MWtyMnBhaWhnNjF6bA==
26 қараша күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де сынып жетекшілер апталығының жоспарына сәйкес дене шынықтыру мұғалім Аубакиров А.Д. 8 сыныппен «Дені саудың - тәні сау» тақырыбында жарыс өткізді. Жарыс екі командадан болды. Әр команда спорттық тапсырмаларды жасады. Жеңіп шыққан команданы 1, 2 орын диплом қағазымен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/DC1f8UoiA7T/?igsh=MWxrZHNkdGVuMmUyNg==
27 қараша күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де сынып жетекшілер апталығының жоспарына сәйкес 2; 4 сыныптардың сынып жетекшісі Қабылтаева Ғ.А. «Кітап — асыл қазына» тәрбие сағатың өткізді. 2; 4 сынып оқушылары сол күнде кітапханадан кітап алып, ертегілерді оқыды.
https://www.instagram.com/p/DC39Z0Aijq/?img_index=10&igsh=aWw3MTBqdDFvNWh3
28 қараша күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де сынып жетекшілер апталығының жоспарына сәйкес 9-10 сыныптарға Альжанова Ш.Ш. «Мамадықтар әлемі» сайыс өткізді. 9-10 сынып оқушылар барлыңы сайысқа белсенді қатысты. «Менің болашақ мамандығым» деген тақырыпқа ойларын салып өз пікірлерін білдірді.
https://www.instagram.com/p/DC6cirhCiXo/?igsh=NzdhaWY4anlzb25m
29 қараша күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де сынып жетекшілер апталығының жоспарына сәйкес 3 сынып жетекшісі Құлмағамбетова П.О. «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойын өткізді. Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу. 3 сынып оқушылары жақсы қатысты, достық жеңді!
https://www.instagram.com/p/DC8_qprig83/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2 желтоқсан "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де сынып жетекшілер апталығының жоспарына сәйкес 1 сыныптың сынып жетекшісі Смагулова А.С. «Ойын арқылы оқимыз» ойын өткізді. Ойын мазмұны – бұл бала адами қарым-қатынаста ең бастысы ретінде көбейтетін нәрсе. Ойынның мазмұны баланың адамдардың қарым-қатынасы мен іс-әрекетіне азды-көпті терең енуін білдіреді. Ол адамның мінез–құлқының тек сыртқы жағын - адамның немен және қалай әрекет ететінін, адамның басқа адамдарға деген қарым-қатынасын немесе адам әрекетінің мәнін ғана көрсете алады.
https://www.instagram.com/p/DDEvpvtiwQS/?img_index=1&igsh=MWthMmh6ZHB3aWdnNA==
"Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де сынып жетекшілер апталығының жоспарына сәйкес 3 желтоқсан күні 5 сыныптың сынып жетекшісі Смагулова Б.Г. «Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлері» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Ұлттық құндылықтардың бастауы – отбасы. Әке – отбасының тірегі болса, ана – берекесі демекші
отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады.
Тәрбие сағатының мақсаты:
дәстүр, отбасы, отбасылық құндылықтар және дәстүрлер деген не екенін білу.
-тәрбиеленушілердің отбасылық дәстүрлер туралы түсініктерін кеңейту;
-отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерге ұқыпты қарауды қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/DDGIWGiC9zm/?igsh=MXh4aTR1aGltbjJzaA==
4 желтоқсан "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де сынып жетекшілер апталығының жоспарына сәйкес 7 сынып оқушыларымен Смаилова А.Х. «Мектеп Кубогі» пікірсайыс өткізді. Мақсаты: сыни тұрғыдан ойлау, көпшілік алдында сөйлеу және қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.
5 желтоқсан "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де сынып жетекшілер апталығының жоспарына сәйкес 6 сынып оқушыларымен Қуанышова Д.О. «Тіл білгірі» сайыс сабақ өткізді. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. Өзге ұлттың тілін, әдебиетін, мәдениетін құрметтей білу сезімі дамыған дара тұлға даярлау.
https://www.instagram.com/p/DDNOLdTi46h/?igsh=bjlwNzZzczNncmNr
6 желтоқсан "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де сынып жетекшілер апталығының жоспарына сәйкес 9 сынып оқушыларымен Сундетова Н.Т. «Ең ақылды оқушы» сайыс өткізді.
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшандыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу. Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.
https://www.instagram.com/p/DDO0zN6iQLc/?igsh=dzNwam9kdWc4NXVo
6 желтоқсан "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де сынып жетекшілер апталығының жоспарына сәйкес сынып жетекшілердің арасында «Ең үздік сынып жетекшісі» байқауы өтті. Байқауға 1-10 сынып жетекшілер қатысты. 1 орын алды – 6 сынып жетекшісі Қуанышова Дария Оразғалиқызы, 2 орын алды – 5 сынып жетекшісі Смаилова Айнур Хазимуратовна. Құттықтаймыз!
https://www.instagram.com/reel/DDE_5SViHNz/?igsh=MW0wbmZoY3RpOGt0bA==
https://www.instagram.com/reel/DDOgaSWiuPc/?igsh=MWw2d3Mxcnp0bGpzdw==
Оқу ісінің меңгерушісі Ахметова Ш.А.