«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінің химия, биология, география апталығының есебі 21-30/04/2025

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінің

химия, биология, география апталығының есебі

21-30/04/2025

 

21 сәуір күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде «Жаратылыстану пәндерінің әлемінде» апталықтың ашылуы өтті. Смагулова Ж.А. оқушыларды жоспармен таныстырды. Бұл апталықтың мақсаты - химия және биология, география пәндеріне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту. Биология пәнінің мұғалімі Н.Т.Сундетова лездемеде панельде сканворд ойынын өткізді. Химия пәнінің мұғалімі Ж.А.Смагулова менделеев элементтері бойынша тапсырма берді. 5 сынып оқушылар өлең айтты. Барлық оқушылар лездемеге белсенді қатысты.

https://www.instagram.com/p/DIsvFrRs_M9/?utm_source=ig_web_copy_link

22 сәуір күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде химия, биология, география апталығының жоспарына сәйкес «Керемет, таңғажайып химиялық реакциялар» 7-8 сынып оқушыларының арасында химия мұғалімі Смагулова Ж.А. тәжірибелік жұмыс өткізді. Эксперимент – бұл білім алушыларды химия ғылымына қызықтыруға мүмкіндік беретін, теориялық білімді тәжірибеде қолдану қабілетін дамытушы химиялық заттар және олардың айналулары туралы білім көзі. Химиялық эксперимент химиялық білімді меңгертуде жетістікке жетудің қажетті жағдайы ғана емес, сонымен бірге ол химиялық өндіріс технологиясын түсінуге көмектеседі, жасөспірімдердің пәнге деген қызығушылығын қалыптастырады, бақылаушылық, өз бетінше жұмыс жасау және зерттеушілік қабілеттерінің дамуына, теориялық білімін пайдалана отырып, бақылаған құбылысын түсіндіре білу, себеп-салдар байланысын орната білу білігінің дамуына әсер етеді. Сондай-ақ химиялық эксперимент тұлғаның жалпы тәрбиесіне және жан-жақты дамуына септігін тигізеді.

https://www.instagram.com/p/DIvX0AmxohR/?utm_source=ig_web_copy_link

23 сәуір күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде химия, биология, география апталығының жоспарына сәйкес «Табиғатты аялайық» 5-6 сынып оқушыларының арасында жаратылыстану мұғалімі Дюсекеева М.О. сурет көрмесін өткізді.

https://www.instagram.com/p/DIyO9jqs12Y/?utm_source=ig_web_copy_link

24 сәуір күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде химия, биология, география апталығының жоспарына сәйкес «Биохимиялық ойын» 9-10 сынып оқушыларының арасында химия мұғалімі Смагулова Ж.А. сайыс сабақ өткізді.

Мақсаты: оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге үйрету, биология, химия пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

https://www.instagram.com/p/DI0f9S2MaTO/?utm_source=ig_web_copy_link

25 сәуір күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде химия, биология, география апталығының жоспарына сәйкес «Muscle Strength» 7, 8, 9 сынып оқушыларының арасында биология мұғалімі Сундетова Н.Т. спорттық ойын өткізді.

https://www.instagram.com/p/DI3tEV4MICN/?utm_source=ig_web_copy_link

28 сәуір күні "Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ-де химия, биология, география апталығында  мектеп оқушыларымен "Evolution cup" - биологиялық дебат сайысы өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып жан жақты ойы мен көзқарастарын дамыту, өз беттерімен ізденуге, жалпы шығармашылық белсенділігін көрсетті. Өткізген биология мұғалімі Сундетова Н.Т.

https://www.instagram.com/p/DI_dEghMfEI/?utm_source=ig_web_copy_link

29 сәуір күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде химия, биология, география апталығының жоспарына сәйкес «Қызықты география» 7 сынып оқушыларға география мұғалімі Сундетова Н.Т. сайыс сабақ өткізді. Сайыстың мақсаты: 7 сынып оқушыларының география пәнінен алған білімдерін нығайтып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

https://www.instagram.com/p/DJB3STlM8F_/?utm_source=ig_web_copy_link

30 сәуір күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде химия, биология, география апталығының аяқталуы бойынша орын алған оқушылар мадақтама қағазымен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DJD19Gesgx4/?utm_source=ig_web_copy_link

 

 


Текст