«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша
2025-2026 оқу жылының 10-18/03 аралығында
АӘТД пәнінен
«Бүгінгі білім - ертеңгі қорғаныс» атты онкүндікті өткізуі туралы
ЕСЕБІ
10 наурыз күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде «Бүгінгі білім — ертеңгі қорғаныс» атты алғашқы әскери және технологиялық дайындық (АӘТД) пәні онкүндігінің ашылу өтті. Іс-шара барысында пән мұғалімі М.Смаилов онкүндіктің іс-шаралар жоспарын таныстырып, тақырыптық ақпараттық стендті көпшілік назарына ұсынды.
https://www.instagram.com/p/DVsrtGmDHH5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
11 наурыз күні Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Еліңді сүйсең тәртіпке кел, ұланым» атты ақпараттық көрме ұйымдастырылды. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні аясында өткен бұл шараға мұғалім М.Смаилов жетекшілік етті. Оқушылар пәнге қатысты мазмұнды материалдар дайындап, өз жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.
https://www.instagram.com/reel/DVu-bRtCOUT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
12 наурыз күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде АӘТД пәнінің мұғалімі М.С.Смаиловтың жетекшілігімен 10-сынып оқушылары арасында «Робототехника негіздері» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар роботтарды құрастыру және бөлшектеу жұмыстарына белсенді қатысып, жоғары деңгейде практикалық дағдыларын көрсетті.
https://www.instagram.com/p/DV0WEpQjF8T/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
13 наурыз күні Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушылары 10-11 сыныптар арасында «Спорт – денсаулық кепілі» атты волейбол турнирі өтті. Іс-шара оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/p/DV0SIMkjJwD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде өткен АӘТД апталығы аясында жоғары сынып оқушылары 7-11 сыныптар бақ сынасты. 16 наурызда өткен «Мен әскерде қызмет етуге дайынмын» атты сайыста оқушылар өздерінің әскери дайындықтары мен спорттық шеберліктерін паш етті. Шараның мақсаты – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, физикалық төзімділігін шыңдау және әскери борышқа деген құрметін арттыру.
https://www.instagram.com/p/DV9BN6VDExs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
17 наурыз күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде АӘТД апталығы аясында 9-11 сынып оқушыларына арналған «Ой мен Ойын» атты интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Шара бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді.
https://www.instagram.com/p/DV-NbVlDKYX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18 ақпан күні Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Бүгінгі білім — ертеңгі қорғаныс» атты алғашқы әскери және технологиялық дайындық апталығы қорытындыланды. Он күндіктің жабылу салтанаты аясында белсенділік танытқан оқушылар мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
https://www.instagram.com/p/DWAt2gnDLUV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
АӘТД мұғалімі Смаилов Мирас Серикович