«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша
2025-2026 оқу жылының 16-27/02 аралығында
музыка, көркем еңбек, бейнелеу өнері пәндерінен
«Өнер болса бойыңда, Жарқырар мәңгі жолыңда»
атты онкүндікті өткізуі туралы
ЕСЕБІ
«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де 2025-2026 оқу жылының жоспарына сәйкес, 16 ақпаннан бастап музыка, көркем еңбек және бейнелеу өнері пәндерінің «Өнер болса бойыңда, Жарқырар мәңгі жолыңда» атты онкүндігі салтанатты түрде ашылды. Аталған іс-шаралар апталығы 27 ақпанға дейін жалғаспақ.
https://www.instagram.com/reel/DU2_xs8CNVe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Өнер онкүндігінің екінші күні де ерекше оқиғаларға толы болды! ✨ 17 ақпан күні 1-сынып бүлдіршіндері «Музыкалық сиқырлы таяқша» ойынын ойнап, сиқырлы дыбыстар әлеміне саяхат жасады. Оқушылардың шырқаған әндері мен мың бұралған билері мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балалардың жүзіндегі күлкі — біз үшін ең үлкен жетістік!
https://www.instagram.com/reel/DU2-HrTDP6n/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де 2025-2026 оқу жылының 16-27 ақпан аралығында өтіп жатқан «Өнер болса бойыңда, Жарқырар мәңгі жолыңда» атты музыка, көркем еңбек және бейнелеу өнері пәндері онкүндігінің жоспарына сәйкес, 18 ақпан күні пән мұғалімі А.С.Смагулованың ұйымдастыруымен «Сиқырлы қапшық» атты 2 сыныпқа танымдық ойыны өткізілді.
«Сиқырлы қапшық» ойыны қызықты әрі танымдық сипатта өтті. Ойынның шарты бойынша:
Оқушылар кезекпен ортаға шығып, көздерін жұмып немесе қапшықтың ішіне қарамай, тек қолмен ұстап (сипап сезу арқылы) ондағы заттың не екенін анықтады.
Қапшықтың ішіне өнер және еңбек пәндеріне қажетті қайшы, желім (клей), қарындаш, өшіргіш, қылқалам сияқты заттар салынды.
Оқушылар затты сипап көру арқылы оның пішінін, қаттылығын немесе жұмсақтығын сезініп, атын дәл тапты. Сонымен қатар, табылған әр заттың (мысалы, қайшының немесе қарындаштың) өнердегі маңызы мен қолданылу ережелері туралы қысқаша мәлімет беріп өтті.
https://www.instagram.com/reel/DU8D2rbCJ0n/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-нің 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 19 ақпан күні 6-7 сынып оқушыларына арналған «Сымнан жасалған мүсін» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді. Оқушылар жұмсақ сымды қолдана отырып, түрлі жануарлардың бейнесін мүсіндеді.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қолөнер дағдыларын қалыптастыру және металмен (сыммен) жұмыс істеудің техникалық тәсілдерін меңгерту.
https://www.instagram.com/p/DU7yVnvDFVY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де өтіп жатқан музыка, көркем еңбек және бейнелеу өнері пәндерінің «Өнер болса бойыңда, Жарқырар мәңгі жолыңда» атты онкүндігі аясында 20 ақпан күні іс-шара өтті. Пән мұғалімі Ғ.А.Кабылтаеваның жетекшілігімен 3-сынып оқушыларына арналған «Оюлы бренд» атты танымдық сабақ ұйымдастырылып, онда ұлттық ою-өрнектерді заманауи дизайнда қолдану жолдары көрсетілді.
Өнер апталығының бесінші күні қатысушылардың қиялы мен шеберлігі ұштасқан нағыз шығармашылық алаңына айналды. Фетр материалын өңдеу арқылы олар қазақ оюының сәнін заманауи бұйымдармен үйлестіре білді. «Оюлы бренд» жобасы аясында дүниеге келген стильді аксессуарлар ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, қатысушылардың жоғары көркемдік деңгейін көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/DU-jfJsCPet/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де өнер пәндеріне (музыка, көркем еңбек, БӨ) арналған «Өнер болса бойыңда, Жарқырар мәңгі жолыңда» атты онкүндік жалғасуда. Осы апталық шеңберінде 2 ақпан күні 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Шаңырақ — күн бейнесі, кереге — ел бірлігі» тақырыбында танымдық шара ұйымдастырылды. Жиын 3 мектеп оқушылары қазақтың киіз үйінің құрылымы мен оның символдық мәні туралы баяндады.
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың киіз үйінің құрылысын, оның рухани мәнін түсіндіру; ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулу және өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
https://www.instagram.com/p/DVGVv8IDHtT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде өтіп жатқан «Өнер болса бойыңда, Жарқырар мәңгі жолыңда» онкүндігі аясында 24 ақпан күні П.О.Кульмағамбетова 4-сынып оқушыларына «Музыкалық аспаптар» атты танымдық презентация ұсынды. Шара барысында оқушылар аспаптар әлемімен тереңірек танысты.
Мақсаты: Оқушыларға музыкалық аспаптардың түрлерін (ішекті, үрмелі, соқпалы т.б.) ажырата білуді үйрету; өнер онкүндігі шеңберінде балалардың шығармашылық белсенділігін ояту және музыка өнері арқылы олардың рухани дүниесін байыту.
https://www.instagram.com/p/DVJPC3iDEL2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA=
Мектебімізде өтіп жатқан «Өнер болса бойыңда, Жарқырар мәңгі жолыңда» онкүндігі аясында 25 ақпан күні 9-сынып оқушыларына арналған «Шекелік — шіркеусіз сұлулық символы» атты танымдық шара өтті. Смаилов М.С. жетекшілігімен ұйымдастырылған бұл шарада қазақ халқының дәстүрлі зергерлік бұйымдарының мәнін ашатын бейнеролик көрсетіліп, талқыланды.
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық зергерлік бұйымы — шекеліктің тарихы мен көркемдік мәнін таныту. Заманауи медиа құралдары (видеоролик) арқылы жастардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық мәдени мұраға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
https://www.instagram.com/reel/DVK61XYCLG4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
26 ақпан күні мектебімізде жалғасып жатқан Өнер онкүндігі аясында 2-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Жас суретшінің алғашқы қадамы» атты көрме ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты:
Бастауыш сынып мұғалімі М.О.Дюсекееваның жетекшілігімен өткен бұл көрмеде оқушылар әлемді ашық түстермен бейнелеп, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.
https://www.instagram.com/p/DVN7XDjjBqV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де 2025-2026 оқу жылының жоспарына сәйкес, 16-27 ақпан аралығында өткен музыка, көркем еңбек және бейнелеу өнері пәндерінің «Өнер болса бойыңда, Жарқырар мәңгі жолыңда» атты онкүндігі қорытындыланды. Он күнге созылған шығармашылық апталығының салтанатты жабылу рәсімі өткізілді.
https://www.instagram.com/p/DVPrFtcCGRM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Көркем еңбек мұғалімі Смаилов М.С.
Бастауыш сынып мұғалімдері: Қульмағамбетова П.О., Қабылтаева Ғ.А., Смагулова А.С., Жакупова Л.Қ., Дюсекеева М.О.