АНЫҚТАМА №3
Іс шаралардың атауы Тақырыптық әдістемелік кеңес
Тақырыбы: «Рухани-адамгершілік тәрбие бойынша балалармен жұмыста әртүрлі формалар мен әдістерді қолдану»
Мерзімдері 22.11.2024
Жауаптылар Жакупова Л.Қ. ТЖМ
Ссылка: https://www.instagram.com/p/DCq64FviSkS/?igsh=bnZveDM2ejlvdXhx
Өткізген іс-шараның нәтижелері: Нысаналы мектептер жобасы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 2024-2025 оқу жылының басында «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ-де «Рухани-адамгершілік тәрбие бойынша балалармен жұмыста әртүрлі формалар мен әдістерді қолдану» тақырыбында әдістемелік кеңес өткізген туралы анықтама.
Тақырыбы: «Рухани-адамгершілік тәрбие бойынша балалармен жұмыста әртүрлі формалар мен әдістерді қолдану»
Тұлғаны рухани –адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Тәрбиенің жалпы негізі рухани-азаматтық құндылықтары болуы керек. Рухани-азаматтық құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал педагогтің басты мақсаты - өзіндік рухани-азаматтық құндылықтарын тұлғаның бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, рухани адамгершілік әдетке, азаматтық мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Рухани-адамгершіліктің негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
«Адамгершілік» — адам бойындағы «ізгілік», «сыйластық», «инабаттылық», «кісілік» сөздерімен мәндес. Халықтық педагогикада адамның жағымды мінез – құлықтарын осы ұғымдардан таратады. Мінез – құлық пен қарым- қатынастағы келесі әрекеттерді атап өтуге болады: адамды сыйлау, ар- ұятын сақтау, мейірімділік таныту, кішіпейілділік көрсету т.б.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарына негізделеді.
-Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу – тәрбие үрдісінде адамның рухани мәдениетін қалыптастыру.
— Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
— Салт – дәстүрлер негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани – адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу.
Халқымыздың ғасырлар бойы ұлан- байтақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда ерлігімен көріне білген батырлары мен қолбасшыларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын ойлаған шешен — даналарын мақтан еткен. Отанымызды қорғау, шежіреге толы тарихын білу, тілі мен дәстүрін сақтау, зерттеу – азаматтық борышымыз. Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері Әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Дәстүрлі сабақтың басында қолднылатын ұйымдастыру кезеңі сияқты тәрбиеші «Шаттық шеңберін» тиімді қолдану арқылы сабақтың көтеріңкі, тартымды, жағымды көңіл-күйді қалыптастырып және балалардың бірлігін ұйымдастыруына қол жеткізеді.
Директордың орынбасары Ахметова Ш.А.