«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КГУ "Средняя общеобразовательная школа села Жамбыл" 2020-2021 учебный год «Дети Казахстана-весна зовет!» сведения о дистанционных мероприятиях по организации качественного и безопасного отдыха учащихся в период весенних каникул

13.04.2021

Каникул күндеріндегі тәрбие жұмыстары тәрбие жұмысының негізгі бағыттары аясында жүзеге асырылды.

  1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.

2) Рухани-танымдық тәрбие.

3) Ұлттық тәрбие.

4) Отбасылық тәрбие.

5) Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

6) Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.

7) Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

8) Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Барлық іс-шараларды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып жүзеге асырылды.

20 наурыз –«Даналық пен білім күні». (Зияткерлік тәрбие).

Осы күнге байланысты 5 сынып оқушыларымен Джалилова М.С. "Наурыз мерекесі туралы не білеміз? атты викторинасын өткізді. Балалардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту мақсатында тақырыпқа байланысты викториналық сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға жауап алды.

           «Наурыз тойы мереке, салт дәстүрім береке» атты тақырыппен салт-дәстүрдің калейдоскопын даярлық сынып оқушыларымен Смагулова Ж.А. өткізді.

21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні» (Отбасылық тәрбие).

Бұл күні әр үйдің дастарханында ұлттық тағамдар самсап тұрады. Қазақ ас мәзіріндегі көптеген тағам түрлері әзірленеді. Ал, этнографтардың айтуынша, қазақта тағамның 200-ден аса түрі болған. "Қазақтың ұлттық тағамдары" атты бейнежазбаны 7 сынып оқушыларымен Құлке А.Г  ұйымдастырса, "Бауырсақ- PARTY"  аспаздық жәрмеңкесін 1 сынып оқушыларымен Смагулова А.С. ұйымдастырды.

Мақсаты: оқушыларды өздерінің төл мәдениеттерімен таныстыру, ұлттық тағамдардың тарихымен, дәстүрлі тағам түрлерімен таныстыру, ұлттық тағамдарға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу.

22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні» (Ұлттық тәрбие).

Құндылықтар жүйесін қалыптастыру  мақсатында ұлттық тәрбие бағытының шеңберінде мерекелік бейнеқұттықтауларды қашықтықтан әр сыныптың оқушылары жолдап желілерге жүктелді.

          23 наурыз – «Жоралғы күні» (Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие)     . Осы күні 7 сынып оқушыларымен Құлке А.Г. "Ұлттық мереке - ұрпаққа өнеге" атты тақырыппен қашықтықтан дәстүрлі сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Халқымыз Ұлы күнге балаған, жыл басы санаған жасампаз Наурыз – бірлік пен берекенің мейрамы туралы түсінік қалыптастыру.  Дастарханға ақ толатын, елімізге бақ қонатын осы арайлы мерекені халқымыз «Ұлыстың ұлы күні» – деп ұлықтаған. Күн мен түнді теңеген, іргемізді ізгілікке бөлеген Наурыз бүкіл адамзатқа шаттық сыйлайды. Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал-тарақ еккен, алыс кеткен ағайын қауышып, араз жандар татуласып, қайта табысқан. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, сол сұрақтарға оқушылар жауап берді.

Бұл күні әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер айшықталады. Ұмыт бола бастаған жоралғылар жаңғыртылады, ал барлары заман талабына сай дамытылады. Салт-дәстүрдің, ырым-тыйымдарың адам мен қоғам өміріндегі маңызы түсіндіру мақсатында 3 сынып оқушыларымен Құлмағамбетова П.О. "Ата дәстүр - асыл қазына" атты тақырыппен қашықтықтан дәстүрлі сабақ өткізді.

         24 наурыз - «Табиғат күні»  (Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

        Бұл күні экологиялық мәдениетті қалыптастыруға назар аудару. Осы күні 6 сынып оқушыларымен Әлжанова Ш.Ш. "Жердегі сенің ізің" атты тақырыппен қашықтықтан танымдық сабақ өткізсе, ал 2 сынып оқушыларымен Қабылтаева Г.А. "Біз табиғаттың досымыз" атты тақырыппен қашықтықтан ойын сабақ өткізді. Экологиялық тақырыптар бойынша жоғары сынып оқушыларының арасында жоба қорғау жұмысы ұйымдастырылды. Осы жоба бойынша 9 сынып оқушысы Оразалы Дина "Пластикалық бөтелкенің екінші өмірі" тақырыбы бойынша өз жобасын дайындады.

25 наурыз -  «Шымырлық пен шеберлік күні» Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру)

Дене тәрбиесі салауатты өмір салты, дене шынықтыру және спорт, физикалық жетілу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру мақсатында  ашық аспан астында серуендеу, табиғатта серуендеу, қазақ халқының ұлттық мәдени құндылықтарын сақтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын ұлттық ойын түрлері: асық ату, тоғызұмалақ, қазақ күресі жарыстары ұйымдастырылды.

26 наурыз – «Оқу және жазу мәдениетінің күні»  (Рухани-адамгершілік тәрбиесі)

Адамгершілік құндылықтар жүйесінің қалыптасуы кітап оқу кезеңінде болады. Сол себепті мектебіміздің кітапханашысы Қуанышова Д.О. «Үздік кітап блогері» тақырыбымен кітап оқу акциясын ұйымдастырды. «Қандай кітап оқыған күшті» тақырыбы бойынша 8 сынып оқушыларымен Байманов Б.Ж. қашықтықтан сұхбат сабағын өткізді. Оқушыларға тәрбиелік мәні зор кітаптарды оқуға ұсыныс білдірді.

27 наурыз – «Кино күні». (Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие). Кино оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің құралы болып табылады. Осыған байланысты әр сыныптың сынып жетекшілері онлайн фильм көруді ұсынып сілтемелерін чаттарына жіберді  және оны оқушыларымен талқылады. Тәрбиелік жағына көңіл бөлді. Ал даярлық сынып оқушылары өздерінің сүйікті мультфильмдердегі кейіпкерлерді суреттеп қағаз бетіне түсірді. Сынып жетекшісі: Смагулова Ж.А.

         28 наурыз – «Шығармашылық өнертабыстар күні» (Рухани-танымдық тәрбие).

           Осы күні «Біз жасаймыз ойлап табамыз» шығармашылық жұмысты 1 сынып оқушыларымен Смагулова А.С. ұйымдастырды. Оқушылар өз қолдарымен қағаздан, пластикалық бөтелкеден, пластилиннен, ағаштардан әр түрлі заттар жасап, шығармашылық жұмыстар жүргізді.

29 наурыз - «Мұражай  тарихы күні» (Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие)

Сынып жетекшіле өз сыныптарымен Қазақстан мұражайларына қашықтықтан видео-экскурсия жасап, сабақ өткізді.

30 наурыз – «Ата-аналармен бірге отбасылық қонақ бөлме – Үстел үсті ойындары күні» (Отбасы тәрбиесі).

Жақсы үстел үсті ойыны бүкіл отбасын біріктіреді, жақын адамдар бір-бірін жаңа жағынан танып, бірлігі жарасқан ұйымшыл отбасы болады. Үстел үсті ойындары әртүрлі дағдыларды дамытады. Біріншісі - әлеуметтік дағдылар. Екіншіден, үстел ойындары ұсақ моториканы және қимылдарды үйлестіруді тамаша дамытады. Үшінші артықшылық - шоғырлану мен зейінді дамытады Осы мақсатты сүйене отырып «Біз үйде ойнаймыз» атты отбасындағы үстел ойындарын 4 сынып оқушыларымен Жакупова Л.Қ. қашықтықтан ұйымдастырса, «Біздің отбасымыздың тамырлары мен қанаттары» отбасылық бейнероликтер дайындаудауды 10 сынып оқушыларына сынып жетекшісі Қуанышова Д.О. берген болатын. Барлық бейнероликтер мектептің сайттарына, интернет желілерге жүктелді.

31 наурыз «Жас блогерлер күні» (Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу)

Балалардың әдеби тілдегі білімдерін ауызша ғана емес, жазбаша сөйлеуде де практикалық қолдануға қосымша мүмкіндіктері пайдалну мақсатында «Менің алғашқы репортажым» тақырыбымен Жакупова Л.Қ. Джалилова М.С. 4-5 сынып оқушыларымен ұйымдастырды. Іс-шаралар оқушылардың коммуникативті және интеллектуалды қабілеттерін, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, балалардың бос уақытын әлеуметтендіруге бағытталған.

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі:              Смагулова Б.Г.

Просмотров: 279


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст