«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ахмет Байтурсунов - основоположних казахской литературы

10.12.2018

Тақырып:

Ахмет Байтұрсынов- қазақ әліпбиінің негізін қалаушы

Мұғалім: Құрметтi ұстаздар, оқушылар және

қонақтар! Бүгiн бiз қазақ халқының бiртуар ұлы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына

140 жыл толуына арналған еске алу кешіне жиналып отырмыз. Iрi ғалым-лингвист,

әдебиет зерттеушi, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазақ

халқы, елi үшiн еңбегi зор

Ақерке: Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған

ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, ірі ғалым-тілші, әдебиет

зерттеуші, тюрколог, дарынды-ақын аудармашы Ахмет Байтұрсынов

1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,

Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы

тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар

балаАхметтің жүрегіне өшпестей жара салады.

1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі

сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте

оқиды.

Қарақат:1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.

1905 жылы жер мәселесі, қазақтың өз жерін өзіне

қайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне

наразылығы үшін 1907 , 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен

қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.

Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін,

қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық

мысал" жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою - өрнек

әкелген "Маса" жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық,

гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.

Мейрам:Ұлағатты

ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туған тіл туралы өзекті мақалаларында: «Тіл -

адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. ...Біздің заманымыз -

жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман»

деп жазған екен. Шындығында, ол қазақ әліпбиін түзеп, түрлеудің, ана тілінде

оқулықтарды жазудың мәні зор екенін ғасыр басында қоғами ахуалмен байланыстыра

отырып, ауыр жүкті қолға алып, замандастарымен бірге ұлт тілінің келешегі үшін

күрескен кемеңгер.

Айым:А.Байтұрсынұлы

оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған.Ол

1911 жылдың өзінде;

                 Ызыңдап ұшқан мынау біздің

маса,

                 Сап-сары аяқтары ұзын маса.

                 Өзіне біткен түрі өзгерілмес,

                 Дегенмен қара я қызыл маса.

                Үстінде ұйықтағанның айнала

ұшып,

                 Қаққы жеп,қанаттары бұзылғанша.

                 Ұйқысын аз да болса бөлмес пе

екен,

                 Қоймастан құлағына ызыңдаса,- деп,білім-ғылымнан

кенже қалған,мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып

ызыңдап оятып,алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды.

 Алиасқар:Ғылыми еңбектері; «Оқу

құралы», «Сауат ашқыш», «Жаңа әліпби», «Әдебиет танытқыш», «Тіл-құрал», «Тіл

жұмсар»

Өлеңдері: «Сөз иесінен», «Ақын ініме», «Оқуға шақыру»,

«Қазақ халқы», «Екі шыбын»

Аудармалары: «Қырық мысал», «Шымшық пен көгершін», «Өгіз

бен бақа», «Қартайған арыстан» , «Қартайған түлкі», «Аққу, шортан һәм шаян».

Мұғалім: Ахмет

Байтұрсынов жайлы айтылған пікірлер:

Дина: Ахан

ашқан қазақ мектебі, Ахан түрлген ана тілі, Ахан салған әдебиеттегі елшілдік

ұраны – «Қырық мысал» , «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қазақ баласына

істеген еңбегі, өнер- білім саясат жолындағы қажымаған қайратын біз

ұмытпасақта, тарих ұмытпайтын істер болатын.

                                                                                                            

М.Әуезов

Эльмира: Екі

жинақ- «Қырық мысал» , «Маса»- қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен , идеялармен,

өрнектерімен байытты: «Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғатты, заман талаьына

сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам

жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болды»

                                                                                                        Рымғали Нұрғали

Ақбота: Сан

салалы А.Байтұрсынов туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған

тілдің әдеби нормсын жасады.Бірде бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір

цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі 

тапқан қисынды баламалармен «әдебиет танытқышты» жазып шықты.

                                                                                                                С.Мәуленов

Индира:

Ағартушы А.Байтұрсынов «Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады»

деген. Ұлы сөз! Егемен еліміздің тұлымды ұлы, бұрымды қызы деп сендер үшін

барлық жағдай жасалды. Ертеңгі күні қадірлі Қазақстаным, деген қасиетті ұғым

әрқайсыңның кеуделеріңде атой салып жатуы тиіс.

                                                                                                                  

Н.Назарбаев

Ахмет Байтұрсыновтың нақыл сөздері

Дина:Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы

қайтпаса.

Ақбота:Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса,

анықтап нық үйрету абзал.

 Айым:Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана

тілінде ғана оқуы керек.

Ақбота:Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де

 

 

 

 

 

келістіріп істейді.

Эльмира:Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді

суреттер болсын,

қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге, таныстыруға

болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді.

Дина:Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, мағына жағының күштілігімен

жағады.

Ақерке:Жақсы әліпби тілге шақ болу керек. Өлшенбей тігілген о жер бұ жер бойға

жуыспай, қолбырап, солбырап, тұрған кең киім сияқты артық әріптері көп әліпби

де қолайсыз. Бойыңды қысып, тәніңді құрыстырып тырыстырып тұрған тар киім

сияқты әрпі кем әліпби қолайсыз болады.

Мейрам:XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл

турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті.

Қарақат:Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдaғанынша, қиялдың меңзеуін

меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.

Алиасқар:Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.

Көрініс: «Қасқыр мен қозы» мысалынан

Автор:

Бұлаққа су iшуге келдi Қозы,

Жанында серiгi жоқ, жалғыз өзi.

«Бәрi жоқ, десең шығар, бөрiк астынан»,

Пәле мен қаза алыс па келсе кезi.

Қаңғырған тамақ iздеп бiр аш бөрi

Қозыға жетiп келдi жайнап көзi.

Жемекке кiнә қойып сол арада,

Жала ғып, мiне, Қасқыр айтқан сөзi:

Қасқыр: 

Балнұр

«Сен, Қозы, текке қарап жүре алмайсың,

Соқтықпа маған десем, тiл алмайсың.

Мойныңды қазiр жұлып алайын ба,

Суымды неге былғап, лайлайсың»

Қозы: 

Ақниет Р

«Қасқыр, тақсыр, тоқта азырақ

Тергеңiз кiнәм болса ғадiл бiрақ.

Iзiңiз жатқан жерден төмен келiп,

Iштiм мен жүз қадамдай қашығырақ.

Бұл жерден ең аз болса бiр жүз қадам,

Мүмкiн бе лайлауға осы арадан

Сiз түгiл, өзгеге жоқ қиянатым,

Не шара жеткен болса бүгiн қазам»

Қасқыр:

Бекер ме, менiң сөзiм

Бiлесiң жалғаншы деп кiмдi өзiң

Әкеңдi алдыңдағы танимысың

Балам, сен байқап қара, ашып көзiң

Осындай сөздер менi күйдiредi,

 

 

 

 

 

Десем де шыдайын-ақ етiп төзiм.

Есiмнен өле-өлгенше кете қалмас

Былтырғы осы арада сөккен сөзiң.

Қозы:

«Кезек бер бiразырақ сөзге, тақсыр

Келемiн жарты жасқа күзге, тақсыр

Жаралып дүниеге биыл келсем,

Тиемiн былтыр неғып, сiрә, тақсыр»

Қасқыр:

«Ол енше сен болмасаң, сенiң ағаң,

Ойларың менi жоймақ, келсе шамаң.

Ит болсын, қойшың болсын, қожаң болсын,

Жауыздық ойлайсыңдар бәрiң маған»

Қозы:

«Нансаңыз ағам да жоқ, iнiм де жоқ,

Уа, қайыры нашарлықтан мiнiм де жоқ.

Нақақтан менi тақсыр күйдiресiз,

Жауыздық сiзге ойлаған күнiм де жоқ».

Қасқыр:

«Ол саған әлде күйеу, әлде құда,

Сүймейдi қой атаулы менi жүдә..

Иә бөлең, иә жиенiң, иә нағашың,

Әйтеуiр, саған ұқсас едi о да.

Қой заты талай жәбiр бердi маған,

Соларын мен де iстеймiн ендi саған.

Кегiмдi қойдан алмай кiмнен алам

Тауыспа о деп, бұ деп сөздi оған».

Қозы:

«Тақсыр-ай, еш жазығым жоқ қой менiң,

Жәбiр қой бiреу үшiн күйдiргенiң»

Қасқыр:

«Үндеме! Жетер! Қазiр мұрсатым жоқ

Тұруға ақ-қараңды тергеп сенiң.

Алыпсың жаман әдет қарсыласып,

Сенiмен тұрам ба мен мылжыңдасып.

Айтайын, бiлгiң келсе, Қозым, саған,

Кiнәң сол- жегiм кеп тұр қарным ашып».

Автор:

«Шошиды Қозы байғұс құлқын танып,

Құтылар бiлгенменен онан нағып

Болсын ба Қозы жұмыс Қасекеңе,-

Жөнелдi иығына салып алып.

Орманға Қасқыр кеттi Қозыны алып,

Белгiлi етер iсi алып барып.

Осындай жазықсызды жазғыратын

Әр жерде күштiлер де бар ғой қалып.

 

 

 

 

 

 

 

Қасқырдың зорлық болды еткен iсi,

Ойлаймын – оны мақтар шықпас кiсi.

Нашарды талай адам талап жеп жүр,

Бөрiден артық деймiз оның несi».

Келесі кезекті

ақынның өлеңдеріне береміз 8- сынып оқушылары

 

Просмотров: 430


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст