«Жас биологтар» сайысы
Мақсаты: Білімді жүйелеп,ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып,танымдық қызығуын дамыту мақсатында оқушылардың ұжымдасып жұмыс жасауы, белсенділіктері артуы, жылдам қимылға, ұшқыр ойлауға дағдылануы.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
« Жас биологтар» атты 8,9- сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:
1-топ 8 сынып оқушылары
2-топ 9 сынып оқушылары
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
І кезең “Таныстыру”
ІІ кезең “Табалдырық”
ІІІ кезең “Сенесіз бе,Сенбейсіз бе?”
ІV кезең “Жол айрық”
V кезең “Бұл қандай ғылым?”
«8 сынып оқушылар»
1.Дәрумендерді ашқан ғалым?
2.Ағзаның ішкі ортасы негізгі үш сұйықтықтан тұрады.Қандай?
3.Иммунитет латынша?
4.Гиподинамия дегеніміз?
5.Қалқанша без бөлетін гормон?
6.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым саласы?
7.Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құрал?
8. Эритроциттер дегеніміз не?
9.Ересек адам қаңқасында қанша сүйек болады?
10. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым?
9 сынып оқушылар
1.Өзгергіштіктің түрлері?
2.Пластидтер неше топқа бөлінеді?
3.Жасуша құрамының ең көп бөлігі?
4.Жасуша теориясының негізін қалаған ғалымдар?
5.Ч.Дарвин қай жылы қай қалада дүниеге келген?
6.Сақтандырушы рең дегеніміз не?
7.Макроэволюция дегеніміз не?
8.Биологиялық прогресс дегеніміз не?
9.Антропология қандай ғылым?
10.Жасушаның құрамында қаншаға жуық химиялық элементтер болады?
ІІ кезең. Сенесіз бе,сенбейсізбе?
Сенесіз бе, сенбейсіз бе саңырауқұлақты зерттейтін ғылымды микология деп атайды.
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады.
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе дүниедегі ең биік ағаш – шырша
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе жануар жасушасында пластидтер кездеседі.
5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе бақаның миы 5 боліктен тұрады
Сенесіз бе, сенбейсіз бе тағамдарды бүлдіретін саңырауқұлақтарға мукорды жатқызады.
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе бүйрек зәр шығару мүшесі
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ағаштар 3-5 жыл жасайды.
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе картоптың отаны Қазақстан.
5.Сенесіз бе,сенбейсіз бе гликоген өсіидіктің қор заты
ІІІ кезең . «ЖОЛ АЙРЫҚ». Бұл сайыста 20 сөз оқылады да, сол сөздерді есте сақтап, параққа жазу ұсынылады. (қанша сөз жазылса сонша ұпай беріледі).
IV кезең Бұл қандай ғылым?
1.Микробиология
2.Ихтиология
3.Микология
4.Бриология
5.Генетика
6.Диетология
7.Орнитология
8.Биология
Сонымен бүгінгі «Үздік жас биологтар» сайысы өз мәресіне жетті.
Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз. Сау болыңыздар!