Қарияларға бас иеміз
Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер.
Барысы:
І.Кіріспе сөз:
А) Келген қонақтарды қарсы алу.
ІІ. Негізгі бөлім:
Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;
Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;
С) Концерттік бағдарлама.
ІІІ. Қорытынды.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай әкелер!
«Қарияларға бас иеміз» атты бүгінгі мерекемізді мектебіміздің директоры Меруерт Оразалықызының сөзімен ашуға рұқсат етіңіздер.
Мұғалім: Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір-бір дастан.
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер. Міне, бүгін 1 қазан қарттар күні. Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Ән «Ата ананы тыңдаймыз»
Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше тақпақтар бөліміне құлақ түрелік.
1-оқушы. Мейірімі мол әженің
Жүрегі жылы қолы кең
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы жолы кең
2-оқушы. Әжем менің мейірімді
Сыйлайды үлкен - кішілер
Әжеге деген пейілімді
Әжесі барлар түсінер
3-оқушы : Кеше ол да дәл сендей
Қарт болғанын ұмытпа
Кәрілікті қалар байқамай
Қарттардың көңілін суытпа
Алмастың тақпағы
4-оқушы Құлыным деп айналған
Мейірімі мол әжем
Әрқашанда қалтада
Тәттілері көп әжем
5-оқушы Аман болсын басыңыз
Ағармасын шашыңыз
Шөбере сүйіп әліде
Жүзге жетсін жасыңыз
Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
«Шімән апаның биі» Ұлдардың орындауында
Мұғалім: Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
Аталар – асқар таудай қорғанымыз,
Аналар – саясы мол орманымыз.
Қызығын ұрпағыңның көре берші
Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.
Көрініс «Қарт пен немере»
Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.
Әке-шешесі:
-Балам, неістеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы. .
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел-бақытты ел.
6- оқушы. Ата салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
7-оқушы Қайырымды қасиетті
Ең ардақты ақ әжем,
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетепес ақ әжем
Аман- есен жүріңізші,
Бар тілегім, сол әжем!
8- оқушы Сүйсінер ісің көп болса,
Батаға жарып өсесің.
-Көп жаса, балам! – дегізсең,
Қарттыққа сенде жетесің.
9-оқушы Қартаю деген әр қалай
Қартаяр әркім әртүрлі
Кәрілікті қалар байқамай
Қарттардың көңілін суытпа
10-оқушы Менің әжем ақ әжем,
Ақ жаулықты жан әжем!
Ақыл айтқан дана әжем,
Ертегісі дара әжем
11-оқушы Анама да ақылсың,
Әкеме де ақылсың
Немереңе жақынсың
Көп жасашы ата менен әжешім.
Мұғалім: Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген,
тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Ия, ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына
үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?
Ән: «Сағындым әже»
Би «Көңілді күн» қыздардың орындауында
Мұғлім:Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар
Концертіміздің келісі бөлімі әр сыныптың құттықтауларына береміз.
1 сынып «Қошақаным»
2 сынып
3сынып
4 сынып «Күй» Мархат, мәнерлеп өлең оқу Адина
6 -7 сынып «Би»
8сынып «Заманауй оқушы» ысқақ
9 сынып «Айтыс өнері» ысқақ
Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады
Құрметті қонақтар, сіздердің уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.