Қазіргі таңда Жер бетіндегі бүкіл адам баласын ерекше толғандырып отырған ең басты мәселе – ғаламдық деңгейдегі экологиялық мәселелер болып отыр. Сондықтан да, әрбір мемлекет бұл мәселелерді негізгі мемлекеттік міндеттердің бірі деп қарастырады.
Осыған орай, елімізде қордаланған экологиялық жағдайларды жақсарту шараларына айрықша мән беріліп, 2007 жылдың барысында Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі туралы Заң қабылданды. Кодекс ұғымы бір жүйеге келтірілген заңдар мен ережелер жүйесінің біртұтас заңдастырылған жүйесі деген мағынаны білдіреді.
Міне, осы аталған мәселелерді жүзеге асыру мақсатында бүгін біз – экологияға арнап «Экосағат» іс-шарасын өткізгелі отырмыз.
Жалпы мектепішілік лездемеде оқушыларға «Қазақстан және экология» атты бейнекөрсетілім көрсетілді.
Бейнекөрсетілімнің жалпы мақсаты қазіргі кездегі өнеркәсіптің өркендеуі, халық санының артуы, тұрғындардың ірі қалалардың маңына шоғырлануы – экологиялық жағдайлардың күннен-күнге шиеленісе түсуіне әсер етуде. Әсіресе, ауа райының ғаламдық деңгейде жылынуы, озон қабатының жұқаруы, әлемдік мұхиттардың ластануы, тропикалық ормандардың қарқынды түрде қырқылуы, тірі организмдердің түр санының азаюы және тағы басқа жағдайлар бүкіл адамзатты алаңдатып отырғаны да ақиқат. Жер шарының көп аймақтарында ауыз судың тапшылығы шектен тыс құрғақшылық, өте күшті су тасқындары, сұрапыл дауылдар, орасан көлемдегі өрттердің бәрі де ғаламшардың ғаламдық деңгейде жылынуының әсерінен болуда деген пікір қалыптасып отыр. Ғалымдардың деректері бойынша 1990 жылдан бері 100 жыл ішінде Жер бетінің орташа жылдық температурасы 0,5 0 С- қа көтерілген болса, ал соңғы әрбір 10 жылда бұл көрсеткіш 0,30 С көтерілгені анықталды. Жер бетінде ғаламдық жылынуы дәл қазіргідей жалғаса беретін болса, осы ғасырдың ішінде ғаламшардағы орташа температуралық жағдай + 1 +50 с көтерілуі мүмкін деген деректер бар. Жер бетінің ғаламдық деңгейде жылынуына негізінен, өнеркәсіп орындарынан, жанармайды пайдаланатын көліктерден бөлінетін су буларының, көмірқышқыл газының, азот оксидінің, күкірт ангидридтерінің, метанның және тағы басқа улы қоспалардың әсері мол. Мұндай улы қоспалар жер бетінің атмосфера қабатында жылу энергиясының жинақталып, жер бетінің жаппай жылынуына әсер ететіні де белгілі екенін оқушыларға түсіндіріп өттік.
Әр сынып жетекші өзіне бекітілген іс-шараларды атқарды. Әр сыныпта танымдық сынып сағаттары өтілді.
Бастауыш сыныптарда «ЕГЕР ЖЕР АЛМА БОЛСА» танымдық сабағы өтті. Мұғалімдер оқушыларға азық өсіру үшін жарамды жердің жетіспеушілігі проблемасымен таныстыды. Жалпы сыныптық пікірталас барысында осы проблеманы шешу жолдарын оқушылармен талқылады.
2сынып оқушыларымен Құлмағамбетова П.О.
3 сынып оқушыларымен Жакупова Л.К.
1-4 сынып оқушыларымен Қабылтаева Ғ.А.
Жоғарғы сыныптарда «ЖЕРДІҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫ БАР» тақрыбында сынып сағаттары өтілді. Оқушыларды әлемдегі көмірқышқыл газ шығарындыларының өсуі проблемасымен таныстырды.
Жалпысыныптық пікірталас барысында осы проблеманы шешу жолдарын оқушылармен талқылады. Бейнекөрсетілімдер көрсетілді.
5-6 сынып оқушыларымен Әлжанова Ш.Ш.
7-8 сынып оқушыларымен Смагулова Ж.А.
9 сынып оқушыларымен Қуанышова Д.О.
Барлық оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен беліленген учаскеге ағаштар отырғызылып, сондай-ақ 9 сынып оқушыларына жүктелген іс-шара бойынша алаңға «Жастар жасыл алаңы» атау беріп өздерінің қ азықтарын қағып, «Табиғатты қорғайық, аялайық Барды — жоқты пайымдай баяндайық. Болашақта қызығын көру үшін Қатысса деп ойлаймыз барша халық!» деп өз ұрандарын айта отырып, барлық жиналған қауға флешмоб ұйымдастырды.
Қорыта келгенде, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері — оқушылардың табиғи ортадағы адам әрекетінен болып жатқан өзгерістерді көре білуі, сол табиғи ортаны қалпына келтіруге атсалысуы, оның сапалы болуын қамтамасыз етуін, оқушылардың табиғи ортаға жауапкершілік сезімдерін қалыптастырды.