Мейрам: Бүгін халықаралық авиация және ғарышкерлер күні Осыдан 56 жыл бұрынғы көктемнің керемет күнінде, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин болған еді. Жерден мыңдаған шақырым алыс ұшқан оның сапары дәл сол кезең үшін рекордтық көрсеткіш болды. Сапар 1 сағат 48 минутқа (108 минут) созылды. «Восток» кемесі 302 км биіктікте Жерді бір айналып шықты да, сағат 10-нан 55 минут өткенде, Саратов облысындағы Смеловка ауылына жақын маңға қонды. Осы аңызға айналған сапары үшін
ғарышкер Кеңес Одағы Батыры атағын алды. Оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар бойғы арман-тілегін жүзеге асырды. Осы оқиғадан кейін ғылыми-техникалық революцияға ерекше серпін беріліп, спутниктік телевидение, интернет, ауа-райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне
жол ашылды. Осы сағаттан бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке - ғарышкерлер күні болып белгіленді. 1968 жылы қарашада өткен Жалпы Халықаралық авиация федерациясының 61-конференциясының қаулысына сәйкес, дәл осы күнді Халықаралық авиация және
ғарышкерлер күні ретінде атап өту туралы шешім шығарылды. Бәрі қалай басталды? 1955 жылдың 12 ақпанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды.
Ақерке: "Байқоңыр" ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім қабылдады. 1957 жылдан бері "Байқоңыр" әлемдегі тұңғыш және көлемді айлақ болып келеді. 1957 жылдың 4 қазанында Ресей мемлекеті орбитаға алғашқы жасанды жер серігін ұшырды (Спутник-1). Ол орбитада 1957 жылдың 4 қазаны мен 1958 жылдың 4 қаңтары аралығында, яғни 92 күн болды. Осы аралықта Жерді 1400 рет айналып шығуға үлгерді. Әрбір айналымға 100 минуттай уақыт кетті. Осыдан кейін жер серігі Жер атмосферасында жанып кетті. Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу
уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған.
Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын
ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6
сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында
Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті. Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында
Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен
оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған
соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір
сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді
алып келді. Осы бір сәтті сапардан кейін мамандарда нық сенім пайда болып,
адамзат баласы ғарышты бағындыруға дайындыққа кірісіп кетті.
Қарақат: Адамдар
ғарышқа ұшуды армандайтын. Бiрақ ол қолдан келместей көрiнетiн. Ғарышқа 1961
жылы 12 сәуiр күнi тұңғыш рет Юрий Гагарин ұшты.
Қазақтан ғарышқа бiрiншi болып ұшқан - Тоқтар
Әубакiров. Бiз қазақ ғарышкерi Талғат Мұсабаевты да мақтан етемiз.
1991 жылы Тоқтар Әубакiров Қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты.
7тәулiк 22сағат, 12минут, 40секунд ғарыш кеңiстiгiнде болған Тоқтар Әубакiров
тұнғыш қазақ ғарышкерi атанды.
Касым Аманжолов «Ұшқыш болғым келедi»
Көңiлi – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, күнiмен аспанның
Әзiлдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келедi!
Ақүміт Күнге күлiп, күй тартқан,
Айға әнiн тыңдатқан,
Бақыт жырын жырласа,
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келедi!
Сара Мұздай болат киiнген,
Батпан қару үйiрген,
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлектей түйiлген
Ұшқыш болғым келедi!
Алиасқар:Қорықпаймын қиыннан,
Бойлап ғарыш сырына.
Көз жіберсем қиырдан,
Туған өлке қырына!
Сырын ашып ғарыштың,
Туған елдің бағына.
Құшағына даламның,
Ораламын тағы да!
Айым:Тұңғыш қазақ ғарышкерлерi.
Алыста туып өскен бала жатты
Зымырап көктi тiлiп бара жаттым.
Менiреу, мылқау әлем ортасына
Арманын алып келдiм адамзаттың,
Мен, адал азаматпын!
Ей, жарандар, қарандар
Космостан бар досқа!
Әлемге сәлемдi жолдаймын,
Тыныштықты, тыныштықты қорғаймын.
Жер - Ана, неткен көркем ыстық едiң,
Есiме Ұлы Отаным түстi менiң.
Жасампаз жұртым жебеп тұрған кезде
Қашанда батыл да - мен, күштi де - мен.
Есiме түстiң, елiм
Көңiлi бар халықтың көкте бүгiн,
Алыстан айбынды үнi жеттi елiмнiң,
Жар салар ‘тату бол’деп бар әлемге
Отанның бейбiтшiлiк кептерiмiн.
Әлемге жеткен үнiм.
Санел: Жазира бар ма
мына далама тең!
Ғарышқа сол даламды ала кетем.
Аспанның сәуiрдегi сан жолында
Ақ жолы Гагариннiн ала бөтен.
Дарын: Алыста туып
өскен бала жатты
Зымырап көктi тiлiп бара жаттым.
Менiреу, мылқау әлем ортасына
Арманын алып келдiм адамзаттың,
Мен, адал азаматпын!
Ей, жарандар, қарандар
Космостан бар досқа!
Әлемге сәлемдi жолдаймын,
Тыныштықты, тыныштықты қорғаймын.
Адина: Жер - Ана,
неткен көркем ыстық едiң,
Есiме Ұлы Отаным түстi менiң.
Жасампаз жұртым жебеп тұрған кезде
Қашанда батыл да - мен, күштi де - мен.
Есiме түстiң, елiм
Көңiлi бар халықтың көкте бүгiн,
Алыстан айбынды үнi жеттi елiмнiң,
Жар салар ‘тату бол’деп бар әлемге
Отанның бейбiтшiлiк кептерiмiн.
Әлемге жеткен үнiм.
Мархат:Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шаламын,
Мен ғарышкер боламын!
Саида:Сапарға енді ғажап тым,
Тоқтар тартты алысқа.
Туған ұлы Қазақтың,
Тұнғыш ұшты ғарышқа!
Бет түзеймін алысқа,
Бағытымнан аумаймын!
Шетсіз- шексіз ғарышқа,
Зымыранмен ұшамын!
Мархат: Тоқтар менен Талғат,
Ғарышқа ұшты самғап.
Ел мерейін өсірді,
Көк пен жерді жалғап.
Санел: Тоқтар менен
Талғат,
Ғарышқа ұшты самғап.
Өлең жазды ақыңдар
Екеуіне арнап.
Көк пен жерді жалғаған,
Космодром – Байқоңыр.
Кораблынен самғаған,
Космодром – Байқоңыр.
Адина: Қанаттылар
мекені,
Қазақ жері, Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім, Байқоңыр!
Мұғалім: Балалар, мына суретке назар аударыңдаршы, бұл суретте біздің Қазақстан Республикасының
тұнғыш ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев, тұнғыш ғарышқа
ұшып ғарыш саласында қызмет жасады. Балалар, ғарышкер болуды армандайтын бала
жоқ шығар? Ал ол үшін білімді, зерек, күш – қайраты мол азамат болып
өсулерің керек. Өйткені, ғарышқа кез келген адамды ұшыра бермейді. Сол
үшін оқуларыңды жақсы оқып, тәртіптерін жақсы болып Тоқтар ағаларың, Талғат
ағаларың сияқты Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болуларыңа тілектеспін.
Ән: «Атамекен»хор