Тақырыбы:«Химия және денсаулық»
Мақсаты:
Білімділік: химия пәні бойынша жан-жақты терең білім беру;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, оқушылардың танымдық білімдерін тереңдетіп, теориямен байланыстыра отырып, мәдениетті де, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, іскерлік қасиеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Тәрбиелік: ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу. «Тәуелсіздіктің туы – білімді ұрпақ қолында» дегендей, алдымызда тұрған дені сау, рухы биік, ой – өрісі кең, болашағы айқын жеке тұлғаны білімді азамат етіп шығару өз қолымызда.
Түрі: Брейн- ринг ойыны
Жүргізуші:
Көруге бұл сайысқа жиылғандар,
Д. И. Менделеевке құрметпенен сиынғандар.
Қош келдіңіздер, бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар! деп
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біздің бүгінгі интеллектуалдық брейн – ринг ойынына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымыз мынандай кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру.
2. «Ойлы болсаң, озып көр»
3. Ғалымдар тоғысында
4. Химиялық жұмбақтар
5. Химия және денсаулық
6. «Иә» және «жоқ»
Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар
түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысты бастамас бұрын
әділқазыларымызды сайлап алайық.
«1»
Саменова К.К.
«2»
Садықова А.Т.
«3»
Шарымов Т.И.
Сайысқа алты адамнан құралған екі топ қатысады. Олар 9 сынып пен 10 сынып оқушылары
«Сайысымыздың беташарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қолсоғып қостайық», - деп,
Кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.
1 кезең
таныстыру
Жақсы, ойыншыларымызбен таныс болдық.
Енді ойын шартымен таныстырып өтейік. Мен
сіздерге сұраққоямын. Сіздер сұрақты аяғынадейін тындайсындар да жауап дайын
болса жетонды көтересіздер. 1 минут ішінде кім бірінші көтереді сол каманда
жауап береді топ басшысы кім жауап беретінің айтады. Әр сұрақты ойлануға 1
минут беріледі. Жауаптарыңыз дұрыс болса,тобынызға 1 ұпай аласыз. Ал,егер
қателессеңдер , бұл сұраққа жауап беруге қарсы топ мүмкіндік алады.
Ойын шарты түсінікті болса,бастайық! Іске сәт!
2 кезең «Ойлы болсаң, озып көр»
Әр топ өз білімімен ұпай жинайды
Сұрақтар:
1.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ
бөлшегі.(атом)
2. Сүйекті қаптайтын элемент? (кальций)
3.Химиялық таңбаның алдына қойылатын
цифр.(коэффициент)
4. Денесінде қышқылбар жәндік? (құмырсқа)
5. Оң зарядты ион (катион)
6. «Бақшаңкөз» ауруын тудыратын элемент (Йод)
7. Электртерістілігі ең төмен элемент (Цезий)
8. Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл?
(тұзқышқылы)
9.Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл.(Йод)
10.Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент.(S)
11.Күкірт қышқылының формуласы.(Н2SO4)
12.Сұйық металл.(сынап)
13.1А топ элементтері басқаша қалай аталады
(негіздер)
14. Екі газдан алатын ең қажетті сұйық зат (Н2О)
15. Сөндірілмеген әк ( кальций оксиді)
16. Электртерістігі ең жоғары элемент (Фтор)
17. Топырақты құнарландыратын элемент (азот)
18. Сүт қанты (лактоза)
19. Футбол терминінде кездесетін элемент
(гольми)
20. Мыстың табиғи қосылысы (малахит)
3 кезең–Ғалымдар тоғысында:
1. Атом-молекулалық теория негізінсалушы (М.В.
Ломоносов)
2. Электролиттік диссоциациялану теориясын
ұсынған ғалым (С.Аррениус)
3. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін
ұсынған ғалым (Д.И.Менделеев)
4. «Туған жердің қара тасын мақтан ете алмаған
адам бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес». Бұлқайғалымныңсөзі? (Қ.Сатпаев)
5. «Табиғатта болатын күллі өзгерістердің мәні
мынадай: бірденеден қанша кемісе, басқасына соншама қосылады, яғни бір жерде
біраз материал азайса, басқа жерде ол сонша көбейеді» деген тұжырымдаманы
айтқан ғалым кім? Ол заң қалай аталатынеді? ( М.В.Ломоносов. Зат массасының
сақталу заңы)
6. Бірінші рет сутекті таза
күйінде алған кім? (Г. Кавендиш)
7. Иодты қай жылы, кім ашты? ( 1811 ж.
Крутуа)
8. Фторды қай жылы, кім
ашты? (1886ж. Муассан)
9. Хлорды қай жылы, кім
ашты? (1774 ж. Шееле
1.
10. Бұл ғалым өзінің ешқандай арнайы мамандығы болмасада,жоғары дәрежедегі
қабілетінің арқасында химия,физика,техникалы ғылымдарды жеңіл игерген. Сонымен
қатар оған медицина,тарих,философия,әдебиет ғылымдарыда таныс болды.Ол алты
Европа елдерінің тілінде сөйлей білген және 93 заводты меңігерген.Өз өмірінде
бұл кісі 350 ашылулардың патентінің иегері болған. Бұл кім? (Альфред Нобель)
4
кезең-Химиялық жұмбақтар:
1.
Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады. (қорғасын – свинец - плюмбум)
2. Күмістей түсі жылтыр, өзі
сұйық,
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық
Қандай зат: құрал жасар соны құйып? (сынап – ртуть -
гидраргирум)
3. Ел іші ...... бесік (алтын – золото - аурум)
4. Батыр майданда шыңдалады, ....қайнауда шыңдалады (темір- железо - феррум)
5.
Өзім газбын менімен демаласың,
Жоқ болсам ауа
жетпей қиналасың. (оттек, кислород, оксигениум)
6.
Осы затпен
ескі үйді аластайды,
Түсіне қарасаң
алтынға ұқсайды. (күкірт, сера, сульфур)
7.
Ең жеңіл
элемент саналады,
Периодтық жүйе осыдан бастау алады. (сутек,
водород,гидрогениум)
8.
Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді
Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. (күміс, серебро,
аргентиум)
9.
Өзі жылтыр күмістей
Жұмсақтығы тағы бар
Жеңілдігін ескерсең
Пайдаланар жері табылар. (алюминий, алюминиум)
5 кезең - Химия және денсаулық:
1. Адам ағзасында 4 г темір болады. Оның 65
пайызы қайда болады? (қанның гемоглобинде)
2. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка
түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі
өңдейді. Бұл қай дәрі? (белсендірленген көмір)
3.Бұл заттың 0,9% - дық ертіндісі физиологиялық
ерітінді деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қантамырына
құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады. Бұл заттың
химиялық атауы қандай? (натрий хлориді)
4.Аммиак суда жақсы еритін өткір иісті газ . Оны
суда әртүрлі мөлшерде ерітуге болады. Құрамында 3-10 пайыз аммиак бар ерітінді
халық арасында қалай аталады? (мүсәтір спирті)
5.Бұл элементке кейбір омыртқасыздар-
былқылдақденелілер мен буынаяқтылар бай болады. XIX ғасырдың өзінде ұлулардың
көгілдір қанын зерттегенде ,ғалымдар қанның көгілдір болуы осы элементке
байланысты екенін дәлелдеді. Ол қай элемент деп ойлайсыздар? ( мыс)
6.«Күлдіргіш газ», оның 20% оттегі мен қоспасын
медицинада жансыздандырғыш ретінде қолданады. (N2O)
7.Адам организмінде қай элементтің жетіспеуі тіс
кариесіне әкеліп соғады. (Фтор)
8. Сүйекті қаптайтын элемент
(Кальций)
9. Қарын сөлінің құрамындағы
қышқыл. (Тұз қышқылы)
10. Теңіз орамжапырағы –
ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент (Йод)
11.Қай галоген бактерияларды
өлтіріп, денсаулықты қорғайды (хлор)
12. Өмір мен ойдың элементі
(фосфор)
6 кезең–«Иә» және «жоқ»
1-ші топқа.
1.
Мүсәтір спирті аммиактың судағы ерітіндісі ма? «Иә»
2.
Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма? «Жоқ»
3.
Судан екі есе жеңіл металл Калий ма? «Жоқ»
4.
Фосфор өмір мен ой элементі деп атала ма? «Иа»
5.
Элементтің таңбаларын ұсынған Аррениус па? «Жоқ»
6.
Топ бойынша жоғардан төмен қарай бейметалдық қасиет арта
ма? «Жоқ»
7.
Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиетті аллотропия
деп атала ма? «Иа»
8.
Электр шамдарының жіңішке сымдарын вольфрамнан жасай ма?
«Иа»
9.
Натрий тұздары жалынды сары түске бояй алама? «Иа»
10.
Сілтілік
металдарға темір жата ма? «Жоқ»
2-ші топқа.
1.
Электролиттік диссоциация терориясын ашқан ғалым Аррениус
па? «Иә»
2.
Кремний қышқылдарының тұздары карбонаттар деп аталама?
«Жоқ»
3.
Алғашқы көмекке
пайдаланылатын бейметалл иод па? «Иә»
4.
Азот молекуласы полюссіз коваленті байланыс түзе ма? «Иә»
5.
Заттар және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым
Физика ғылымы ма? «Жоқ»
6.
Химия ғылымың тарихында ұлы алтын заң ашқан Менделеев па?
«Иә»
7.
Зат массасының сақталу заңын ашқан ірі орыс ғалымы
Ломоносов па? «Иә»
8.
Ең қиын балқитын металл алтын ба? «Жоқ»
9.
Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент мырыш
па? «Иә»
10.
Темекі құрамына кіретін улы зат никотин ба? «Иә»