«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жамбыл орта мектебінде өткен Наурыз мейрамының мәліметі.

26.03.2017

Шығыстың ғасырлар қойнауынан  келе жатқан ұлы мереке – Наурыз мейрамы  да келіп жетті. Бар табиғат еміреніп, жан – жануар түлеп, жапан дала жаңғыра бастағанда олармен бірге жасарып, бірге қуанған адам баласы ұлыстың ұлы күнін ақжарқын мерекеге айналдырған. Атап айтсақ Жамбыл ауылында дүбірлі той өтті десем артық айтпаған болармын. Ешбір адамның демеушілігінсіз  Жамбыл ауылының

тұрғыны Абдрахманов Мархат Теміржанұлының бастауымен және ауыл азаматтарының қолдауымен    үлкен мереке ұйымдастырылды. Әр ауыл азаматтарының шама шарқынша шығарған қаражатының арқасында үлкен той өтті.

Ата – бабамыздан мирас болған наурыз мейрамы жайлы ұғым қалыптастыру, оның маңызын ашу, халқымыздың салт- дәстүр, әдет – ғұрпын сыйлайтын болашақ иелерін тәрбиелеу мақсатында мектебімізде «Наурыз – думан » атты іс – шараны Жамбыл орта мектебінің мұғалімдері  ұйымдастырды. Адамдарға дәулет беріп, бақ қондыратын, жүзіне шуақ ұялататын, жанарына жылулық сыйлайтын мерекеге мектептің барлық оқушылары еліміздің ұлттық киімдерін киіп, ауыл тұрғындарын құттықтайтын өнерлерін ортаға салды. Мерекеге шашу еткен сазды әндері, тал шыбықтай бұрала билеген назды билері келген қонақтарға тамаша көңіл – күй сыйлады. Жамандықтың бәрі ескі жылмен кетсін деп аластау рәсімін көрсетті, тауық жылындағы ырыс – берекелері тарыдай мол болсын деген тілекпен шашу шашылып, келген қонақтарға наурыз – көже, бауырсақ таратылып, баталарын алды. Ауылдың ардақты азаматы Дюсекеев Байдаулет Айтмұханұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап,  халқымызға ырыс, ынтымақ, береке мен татулық тілеп, науырызға деген ақ батасын берді. Сондай – ақ, елімізге күн мен түнді теңелтіп, жерді шуаққа кенелткен, малын төлдетіп, қойын қоздатқан, молшылықтың бастауы болған бұл мерекеде –  «Наурыз»

жәрмеңкесі де  ұйымдастырылды. Тойда жүрген адамдарға тегін бір қазан палау пісіріліп, бауырсақ, наурыз – көже таратылды. Осындай істер арқылы наурыздың бірлік пен қайырымдылық, татулық пен молшылық мерекесі екендігін дәріптелді. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген

мақалдың дұрыстығы дәлелденді.  Мереке соңы  «Кұштілер мен ептілер» айдарымен ұйымдастырылған ұлттық ойындар сайысымен жалғасын тапты,  «Тай жарыс» 3 км, «Құнан жарыс» 6 км, «Аламан бәйге» 8км ұзақтыққа шапты. Өтілген іс – шаралар көтеріңкі көңіл, ақжарқын пейіл қалыптастырады.

Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст