«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жыр алыбы Жамбыл»

01.03.2017

Ақтоты:

Менің Өмірім

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей-көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын

Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

Ел үркіп жүрген кезде күні түні,

Сары аяз көш жөнекей боран күні

Қар қауып, мұзға түскен Жамбыл екем,

Жұтынып суық ауа, шыққан үні.

Жамбыл:

Cүйінбайдан бата алсам ба екен?

Автор:

Сөйтіп Жамбыл Алатау атырабына атағы әйгелі Сүйінбай

ақынға жолығып, одан бата алуды армандады. Ол нағашысы Қанадан берген домбыраны

(алып) ұстап, жиын-тойда өлең айтып жүрді. Бір күні кешқұрым жайлаудағы

Сүйінбай үйінің тұсына барды.

Жамбыл: Ей-й, өлеңім келді жол шегіп,

Осынау елге алыстан.

Түн болды, үйге ен дейтін

Табылмай тұр таныс жан

Сүйінбай : Ақын болсаң

,үйге кір ,жасқанба!

Автор : Жамбыл

табалдырықтан аттай беріп,жыр тарланына сәлем берді.

Сүйінбай :Қай тұған боласың?

Жамбыл:Шапырашты Жабай баласымын.

Cүйінбай :Атың кім ?

Жамбыл :Жамбыл .

Сүйінбай:Е-е-е,Шапыраштыда бір жыршы бала бар

деуші еді ,сол екенсің ғой .Жақынырақ отыр.

 

Жамбыл : Ақын болдым –он үште

Алатын құстай тарандым!

Алды –артыма қарандым .

Шарықтадым әр жерде.

Автор :Бала шәкірттің аяқ алысына Сүйінбай да, оның зайыбы Еңлік те дән риза болысады.

Еңлік :Отғасы –ау ,жас ақынға мына сый лайық болар.

Автор :Еңлік оның алдына жібек шапан қояды

.

Жамбыл :Маған сіздің батаңызда жетеді.

Автор :Деп шапанды қайырып береді.Қарт жырау шәкірт балаға ақылын айтады.

Сүйінбай :Осы шабысыңнан тайма ,өлең –жырды дауылдата бер! Бірақ байқа ,балам, ақындық жолы –қиын жол. Домбыра садақ, өлең –сол садақтың оғы, оны шебер пайдалана біл. Ең басты шыншыл, әділ бол , халықтың ойындағысын таба сөйле, дұшпаныңа батыл, досыңа асыл бол.

Автор : Осылай деді де, ұстаз сәл ойланып, іштей толғанды.

Сүйінбай : О,Жамбыл ,бата дедің –бердім саған,

Бақытты ,өмірлі бол, жүргін аман!

Батасын ат орнына берді ғой деп,

Қоймағын былай шығып кінә маған

Соңынан Сүйінбайдың орнын басып, Тіліңнен

балың тамсын сорғалаған.

«Шағым».  Айдана

Оқымаймын молдадан,

Не оқытпақшы ол маған.

Бала келсе сабаққа

Жем дәметкен дорбадан.

Ақ сәлдесін төңкеріп

Көзін жұмып теңселіп,

Оқығанша мен одан

Домбыраны қолға алам...

«Кавказға сәлем»  Балауса

Ақсақал Жамбыл келед жанаттанып,

Қиялы қиярға өрлеп қанаттанып,

Жазылып бүкіш белі қуаттанып,

Туған ел сәулетімен санаттанып!

Қолға алып домбырасын жаны жайнап,

Советтік дәуірінде талаптанып,

Ән шырқап шарықтағаған сағатында

Жыр арнап, шың Кавказға қанат қағып

Ж.Жабаев “Ленинградтық өренім”   Аян

Мақтанышым сен едің.

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін

Жабықпағын, Ленинград!

Отан әмір берген шақ.

Сап-сап болып қол барап,

Қорғап сені ол қалар...

  Ленинградтық өренім” өлеңін орыс тілінде Сағынбекова Жібек оқиды.  

         Ленинградцы, дети мои!

Ленинградцы, гордость моя!

Мне в струе степного ручья

Виден отблеск невской струи.

Если вдоль снеговых хребтов

Взором старческим я скользну,

Вижу своды вашых мостов

Взорь балтийскую голобизну,

Фонарей вечерних рой,

Золоченных крыш острия...

Ленинградцы, дети мои!

Ленинградцы, гордость моя!

Айкуміс пен Жамбыл айтысынан үзінді

Реймова Нұрай.

Қабдулкәкім Медет

Жамбыл:

Әдейі ат терлетіп келдім тойға,

Айкүміс әуелден – ақ болдық ойда.

Желігі басылмаған албырт едім,

Асығып айтқаныма кінә қойма.

Айкүміс:

Аптығып ә дегеннен амандаспай,

Әдепті үйренбепсің,был жастай,

Асылға аспандағы қол жетпей ме?

Ақылмен қимылдасаң асып- саспай.

Жамбыл:

Айкүміс, асықпауға шамам бар ма?

Жасшылық ұрындырды талай жолға.

Сен үшін жатсам, тұрсам арманым көп,

Жем болып кете ме деп жамандарға.

Айкүміс:

Біле ме, пенде шіркін өз кемісін,

Ел кезіп, есер мінез сенде жүрсің.

Жаралған жат жұрттыққа қыз болған соң.

Жарқыным өкінбеші сен мен үшін.

Жамбыл:

Барарсың бір жаманға өзің қор боп,

Отырсың қарқарадай әзір зар боп.

Көзіңе көк шыбынды үймелетер,  

Көргенің өле – өлгенше ылғи қор боп.

 

 

Просмотров: 378


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст