Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редактордың интерфейсі
Сабақтың мақсаты: WordPad мәтіндік редактормен таныстыруды жалғастыру.
Оқушылар білуі тиіс: мәтіндік редактордың ортақ мүмкіндіктерін, мәтін элементтерін.
Оқушылар үйренуі тиіс: компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
III Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімді өзектендіру
Сендер Блокнот программасын қолдандыңдар. WordPad пен Блокнотты ашып,экранда терезелерді қатар қойыңдар. Екі терезенің
айырмашылықтары қандай?
Блокнот үшін шрифт таңдауға бола ма? « Мен Блокнотты оқып-үйренемін» сөйлемін теріңдер, 24 пт шрифтін
орнатыңдар, сөйлемді қою курсивпен ерекшелеңдер. Файлды өз бумасында « сынақ» атауымен сақтаңдар. Мәтін қандай форматта
сақталады?Файлды WordPad-та ашыңдар.
Қорытынды жасаңдар: редактордың WordPad мәтіндік редактордан айырмашылығы
қандай?
Оқушылар WordPad мәтіндік
редактордың кейбір тәсілдерімен танысты.Сабақты сұрақтар қою арқылы бастауға
болады.
1.
Мәтіндік
редактордың қандай мүмкіндіктері бар?
2. Мәтінді енгізудің қандай мүмкіндіктерін білесіңдер?
3. Мәтіннің минималды
элементіне не жатады?
4. Меңзер дегеніміз
не, компьютер экранындағы қандай меңзерді білесіңдер?
5.
Мәтінді
енгізудің қандай құрылғылары бар? ( пернетақта, сканер, планшет)
Пернетақтада пернелердің
қызметін қайталау.
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Мәтіннің әртүрін көрсету ( программалық, гипер мәтін). Тақырып
бойынша тапсырманы орындауда, құжатта бос символдар болуы мүмкін, бұл ретте бос
орындар көрінбейді. Мәтіннің қандай элементтерден тұратындығын анықтау.
VI Сабақты бекіту
Компьютерде тәжірибелік жұмысты
орындау. Тәжірибелерді орындау нәтижесі дәптерде көрсетіледі. 2-тәжірибе
қорытындысы бойынша жауаптар: мәтінді әр форматта сақтағанда файл мөлшемі
өзгере ме, мәтіннің сырт пішіні мәтінді форматтағанда сақтала ма?
VII Сабақты қорытындылау
Жұмыс нәтижелерін дәріптеу.
Құжатты қандай форматта сақтау керек, дұрыстығын талдау.
Сабақтағы жұмыстарды бағалау.
VIII Үй тапсырмасы
§20, бақылау сұрақтарына жауап
беру.