«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жылу құбылыстары

26.01.2017

Күз:

1. Күзде дымқыл тұман жиі болады. Физикалық тұрғыда тұман деген не? (Тұман ұсақ су тамшылары)

2. Күзде жылауық сұрт бұлт аспанды қаптайды. Бұлт дегеніміз не? (Жылы ауа жоғары

көтеріліп, өзімен бірге су буларын әкеледі. Жоғары көтерілген сайын температура

төмендейді де, бу конденсацияланады. Осы су тамшыларынан бұлт түзіледі)

3. Күзде қара суық болады, үйге от жағу керек. Ал неге темір мұржалы пеш кірпіш

мұржалы пешке қарағанда түтінді нашар тартады? (Металдың жылу

өткізгіштігі артық сондықтан ондағы газдар тез суиды, екіншіден қысымдар

айырмасы азаяды да, тартылу нашар болады)

4. Күзде суға шомылмаймыз себебі күн суытады. Неліктен температурасы 16 градус бөлмедегі

суықты аса сезе бермейміз, ал температурасы 20 градус суға түссек, онда едәуір

суықтығын сеземіз. (Адам мен ауаның жылу алмасуына қарағанда,

адам мен судың жылу алмасуы жақсырақ)

5. Күзде жауын көп жауады. Жауыннан кейін неге жолдың шаны көтерілмейді? (Шаң сумен

жабысып, өзінің массасын және өлшемдерін үлкейтеді. Сондықтан ауаға көтерілуі

қиынырақ болады)

6. Неге жаңбыр жауғанда күн лезде суытады? (Жаңюыр жауғанда

атмосфералық ауа энергиясының кемуі жүреді және оның алып жатқан булану ауданы ұлғаяды)

Қыс:

1.Мұздың бетімен коньки оңай сырғанайды, ал беті осылай тегістелген шынының үстінде

коньки тебу тіпті мүмкін емес неге? (сырғанағанда үйкеліс әсерінен

коньки мен мұздың ішкі энергиясы артады да екеуінің арасында су қабаты пайда

болады, осы су қабаты үйкеліс күшін азайтады)

2.Қыстыкүні

металды қолымен ұстасақ ол ағашқа қарағанда суықтау болып сезіледі. Ал 30

градус ыстықта ағаш пен металдың температуралары қандай болып сезілер еді.

Неліктен? (Жазда металл ағаштан да жылы сезіледі,

себебі металдың жылуөткізгіштігі артық)

3.

Қыстыкүні аузымыздан дем шығарсақ ақ бұлт тәрізді көрінеді, оны кейде бу

дейміз. Осы дұрыс па? (Жоқ, бұлт-тұман яғни салқын ауамен жылы

ауаның араласуы. Температура төмендегенде будың конденсациялануы)

4.

Аяздан бөлмеге кірген адамның көзілдірігі неге терлейді? (Көзілдіріктің

әйнегі салқындайды да, будың конденсациялануынан көзілдірік терлейді)

5.

Көктайғақта жолға неге құм себеді? (үйкеліс коэффицентін арттыру

үшін)

6.

Қыстыгүні  қандай аяқ киімде адамның аяғы

тез тоңады: кең немесе тар аяқ киімде ме? (тар

аяқ киім)

 

 

 

 

Көктем:

1.Ашық күндері ақша қарға қарағанда лас қар неге тез

ериді? (Лас қар күн сәулесін тез жұтады)

2.Күннің шуағымен қандай топырақ тез қызады: қара топырақ

па әлде ашық түсті сортан топырақ па? (қара топырақ)

3.Құрғақ ағашқа қарағанда су ағаш неліктен нашар жанады (су

ағаштың нашар жанатын себебі, оған булануға қосымша уақыт және жылу  керек болды)

4.Қандай ауада су молекуласы көп (ылғал ауада)

5.Көктемде не себепті жапырақ жасыл түске боялады? (хлорофил

құбылысының әсерінен)

6.Күндіз көл бетіндегі мұз ериді. Мұз ерігенде бөлінетін

жылу атмосферадағы ауаға беріле ме әлде одан алына ма? (ауа арқылы

алынады)

Жаз:

1.Жазда найзағай жарқылдап тұрғанда суға шомылуға немесе

су жағасында жүруге болама? (болмайды, себебі су және ылғалды зат электр

тоғын жақсы өткізеді)

2.Жазда көлге немесе өзенге суға шомылғанда оның беткі

қабаты жылы, ал түбі салқын болатыны неліктен? (су жылуды нашар

өткізеді)

3.Күннің ішкі беті мен сыртқы бетінің температурасын

білесін бе? (15000000 градус ішкі беті, 6000 градус

сыртқы беті)

4.Жазда не себепті рельс жолдары ұзарады? (қатты денелер

қызғанда ұлғаяды, сондықтан рельстерде саңылау болады)

5.Жаз айларында ыстық кезде неліктен киіз үйдің туырдығын

орта белден түріп тастайды? (конвекция құбылысы)

6.Жаздыгүні қандай көйлек киген дұрыс ақ түсті немесе

қара түсті (ақ түсті)

 

Мақал-мәтелдер

Аузы күйген үрлеп ішеді                            (булану құбылысы)

Шоқ қайдан болса, жылу сонда болады   (жылу берілу құбылысы)

Қол жұмылмай жылнбайды                      (жылу өтімділік)

Күн шыққан соң суарған суды күн жұтар,

Күн батқан соң суарған суды жер жұтар.  (булану құбылысы)

Қазан отпен адам әрекетпен қызады           (ішкі энергия)

Көсеу ұзын болса, қол күймейді                  (жылуөткізгіштік)

 

 

 

 

Просмотров: 1775


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст