Сабақтың тақырыбы: «Тіл білгірі»
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың әдісі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті , шет тілі , өнер , халық педагогикасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
- Әділқазылар алқасын сайлау.
- Сайыстың мақсатымен таныстыру.
- Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.
Құрметті жиналған мұғалімдер мен оқушылар тіл білгірі сайысысына Қош келдіңіздер!
Армысыздар,алқалы жұрт көз көрген,
Құралсыншы ойларыңыз інжу-маржан сөздерден.
Тіліміздің тереңдігін,байлығын да көрсетер
Алдыңызда тіл сайысы –«Қызықты қазақ тілі әлемі»!
Бүгінгі –«Қызықты қазақ тілі әлемі» сайысына екі топ қатысады.
Беташарын додамыздың бастайық,
Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.
Ортамызды сайыскермен толтырып,
Қошеметпен шақырайық қол соғып.
Ал енді осы екі топтың қайсысы оза шабатынын , қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ - қазыларымызбен танысайық.
І кезең : «Тіл өнері»
Ана тілім,өзгелерден бөлексің,
Бала жүрек саған арнап жыр төксін.
Қай асылға теңесем де жарасар,
Ана тілім баға жетпес өнерсің деп сайысымыздың«Тіл өнері» атты бірінші кезенің бастайық .
Бұл сайыста әр топқа 6 сұрақтан қойылады , сендер қойылған сұрақтарға жай емес мақал – мәтелмен жауап айтуларын керек . Түсініктіме ? Ендеше бастайық .
Бірінші «Тапқырлар» тобының сұрақтары
Жылы-жылы сөйлесең жыланда інінен шығады.
Қалауын тапса қар жанады
Оқу инемен құдық қазғандай.
Ананың сүті тәтті,баланың тілі тәтті
Көз қорқақ,қол батыр.
Олақтан салақ жаман.
Жақсы . Енді ІІ «Алгырлар» тобының сұрақтары
Отан оттан да ыстық.
Ит жоқта шошқа үреді.
Ер қаруы бес қару.
Отан үшін отқа түс күймейсің.
Жаман жігіт жасында шал болар.
Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен
Жақсы . Ендеше келесі «Мықты болсаң тауып көр» кезенің бастаймыз .
ІІ кезең «Мықты болсаң тауып көр»
Бұл кезеңде балалар сендер мықтылықтырынды көрсетесіңдер. Қазір мен сендерге мынандай парақшаларды таратамын .
Сендер осы парақшаларда жазылған тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашасыңдар.
Дайынсындар ма ? Ендеше жауаптарынды тыңдайық .
1)Құлын,ат,тай,жылқы.(таңба басқандай) алыс
2)Жылқы,қой,түйе,сиыр.(аузынан шөп алмас) момын
3.Сүйек, қаңқа, ит,ет.(терісін басына қаптау) ұрысу
4.Ит,төбет, күшік, қасқыр ( өлген жер) алыс
5.Жақ, құлақ,тіл, айыз (алғыш) қарамақарсы сөз тіл азар
6.Колқа, көмекей, өңіш, тамақ (созды) өңешін созды ұрысу
7.Аймақ, жер, таяқ, күн (тепсінді) қатты ұрысты
8. Тас, су, жер, ет (бауыр) мейірімсіз
9. Ұлдың, қыздың,ананың, әкенің (жиған жүгіндей) әсем, көрікті
10. Көз,сөз, қол, аяқ (ілмеді) ұйықтамады.
ІІІ кезең «Бәйге»
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға, сол алда. Ендеше келесі «Бәйге» кезенің бастайық. кезен ережелері : Әр топқа 20 сұрақтан жасырамын .Әр топ қатысушылары қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде жауап берулері тиіс . Әр дұрыс жауап 1 ұпайға бағаланады .Түсініктіме ?
Онда І «Сұнқар» тобының сұрақтары :
І топ «Сұнқар» тобына сұрақтар
Керемет . Сұнқар тобы жасырынған 20 сұрақтан дұрыс жауап берді .
Келесі кезек «Тұлпар» тобына беріледі . Бастайық .
ІІ топ «Тұлпар» тобына сұрақтар
Жарайсындар балалар . Бұл тапсырманы барлығын жақсы орындадындар.
ІҮ тур «Алтын жұмбақ»
Енді келесі «Алтын жұмбақ» атты кезеңімізді бастаймыз . Бұл кезеңде мен сендерге әдеби шығармалардан алынған үзінділер жасырынған мына парақшаларды таратамын .
Сендер берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт –дәстүрдің бар екенін анықтауларын керек. Әр дұрыс жауап 5-ұпайға бағаланады
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аяз би» ертегісі, енші беру).
Кім деп ол баланың несін қойды?
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Алпамыс батыр»жыры, азан шақырып ат қою, шілдехана жасау, бауырына салу.
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры, қоштасу.
Ү кезең “Полиглот”
ҮІ кезең «Полиглот» кезеңімізді бастайық . Кезең ережелері : Мен сендерге бір сөзі жасырынған мақал – мәтелдер жазылған парақшалар таратамын . Сендер сол сөзді тауып , орыс және ағылшын тілдеріне аударуларын керек . Өзге тілде айтылған әр бір жауап 5 ұпайға бағаланады .
Таяқ еттен өтеді. (сөз,слово, )
ҮІ кезең «Тапқырлық»
Бұл кезеңде сендер оқылған мақал- мәтелді жалғастыруларын керек .
Дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланады .
І топ
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Бал тамған тілден ... (у тамған).
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар).
4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар)
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер).
8. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).
9. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
10.Тіл қылыштан ... (өткір).
ІІ топ
Ал енді қатысушылардың ұпай санын анықтап,жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Міне,осымен тіл апталығына арналған «Қызықты қазақ тілі әлемі» сайысыда өз мәресіне жетті. Ата - бабаларымыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын мына жаһандау заманында жоғалтпай,құндылығын арттыра берейік!