Сабақтың мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу;
Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгіұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу; Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
Көрнекілік: слайд-шоу
Сабақтың барысы: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, Өткенін ескермеген өшеді, Өткенін қастерлеген өседі,- демекші, «Ауғанстан - жүректегі жара» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Өйткені, бұл соғыста өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар сол кездегі жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген мақсатпен жыл сайын түрлі деңгейдегі көз көргендермен кездесулер өткізіледі. Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толып отыр. Ауған соғысының қанды қырғынынан аман –есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған Қазақстандық орден-медалдармен марапатталды. Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет: 1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. Ауғанстан соғысы (1979 -1989 ж.) Кеңес үкіметінің Қарулы күштері үшін, соның ішінде қазақстандық жауынгерлер үшін КОКП ОК Саяси бюросының Ю.Андропов, Д.Устинов, А.Громыко, Л.Брежнев сияқты санаулы ғана мүшелерінің аяқ астынан құпия түрде қабылдаған шұғыл шешімінен басталды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалсын.
1979 жылы 25 желтоқсанда басталып 110 айға созылған соғысқа Қазақстаннан 22000 адам қатысты. Оның 780 – і соғыста құрбан болды, 22 – cі із – түссіз жоғалады. Қаза тапқандар түгелімен дерлік Қазақстанға әкелініп жерленді. Ауған соғысына Жамбыл ауылынан 2 адам қатысты .
Адина: Құлмағанбетов Шаймұрат Шаймерденұлы 1960 жылы 20 мамырда Целиноград облысы Астрахан ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Жамбыл орта мектебінің 8 – сыныбын бітірген соң, Целиноград қаласының транспорт құрылыс техникумына оқуға түседі. Техникумды жақсы бағамен бітіріп, диплом алып, 1979 жылдың мамыр айында КСРО Қарулы Күштерінің қатарына шақырылды. Жамбыл облысы Гвардейск қаласында кіші командирлер даярлайтын курсында 6 ай оқып, кіші сержант әскери атағын алады. 1979 жылы желтоқсан айында алғашқылардың қатарында болып, Ауғанстан жеріне интернационалдық борышын атқаруға жіберілді.1980 жылғы 15 наурызда дұшмандармен кескілескен ұрыста ерлікпен қаза табады. Ерлігі үшін жауынгерлік «Қызыл Жұлдыз» орденімен және «Ауғанстан Республикасының медалімен» марапатталды. Жамбыл ауылында жерленген.
Санел: Молдашев Даулет Ибрагимұлы 1960 жылы 25 қазанда Целиноград облысы, Астрахан ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Жамбыл орта мектебін бітіргеннен кейін 1979 жылы мамыр айында КСРО Қарулы Күштерінің қатарына шақырылады. Алматы қалысында 6 ай әскери оқу бөлімінде болды. Оқу бөлімін аяқтаған соң Кушка, Термез қалаларында қызмет атқарып жүреді. Ауғаныстан жеріне колоннамен жүк тасуға қатысады. Бірінші рет қарулы қақтығыстарға қатысқан. Отан алдындағы берілген антын бұлжытпай сақтап, әскери міндетін абыройлы аяқтап ауылға 1981 жылы мамырда оралды. Автомабиль жүргізушісі болып жұмыс істеген. Үйленген, 3 баласы бар, екі ұл, бір қыз. 1988 жылы 19 сәуірде ауыр науқастан қайтыс болды. Жамбыл ауылында жерленген.
Жүргізуші: Ортасы ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер елімізде аман болсын.
Бір минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруағы ағалардың ырза болсын! – дей отырып 1минут үнсіздік жарияламын (Метронм жүріп тұрады).
Бекарыс: Ауыл баласы
Жол түсіп жазда ауылға барғанымда,
Гүл шоғы жаудыраған бар маңында
Ескеткіш жанарымды тартты бірден
Шеткері тұрған мектеп алаңында.
Емесін ескерткіштің, біліп тегін
Болғанын қорғау үшін нұрлы ертеңін
Жерінде Ауғанстан қаза тапқан,
Жауынгер жайлы сізге сыр шертемін.
Ғибрат: Жасынан еңбек қуған қауымы да,
Баршылық сән – салтанат сауығы да
Еңселі еңбегімен көрінген соң,
Жамбыл – деп аталыпты ауылы да.
Айтайын ескерткіштің түрі – сырын.
Білмесем айтпас едім мұның бірін
Жауынгер осы ауылдың түлегі екен
Мектебін тәмәмдаған үздік бұрын.
Айзере: Отан үмітін ақтап жүрген шақта,
Ұқсады өсіп тұрған гүлде бақта
Ерлігі өнеге боп жүргенінде,
Тап болды жалын жастық ұшқан оққа.
Қиылып қыршын жасы жиырма жаста,
Тек оның аты қалды құйма таста.
Болмайды шындық сөзге иланбасқа
Алмапты қысқа өмірде сыйдан басқа.
Сезім: Сыр шертсе, батыр жайлы дала дастан,
Атыңды жаттап өстік бала жастан
Өзіңді мен өмірде үлгі тұттым,
Босаңсып кейбір сәтте бара жатсам.
Секілді Арқадағы асыл киік
Рухы батыр ұлдың жатыр биік
Атанған Жамбылымның батыр ұлы,
Алдыңа келіп тұрмыз басым иіп.
Шаймұрат! Есіміңіз сақталады,
Жыр болып Жүректерде жатталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі – бақи мақтанады.
Санел: Боздақтардың соңғы хаты.
Жан – жағым таулар,
Алдымда Ауған
Хат жолдаймын еліме.
Қанша сұлу болғанымен таулар
Жетпейді туған жеріме.
Жауынгер елу, Әр ұлттан мұнда,
Алдымда қиын тапсырма.
Жиырмамыз бармыз ертең кетіп,
Жалындап жатқан Ауғанға,
Туыппын майда, көктемгі айда,
Жеңістің ұлы күнінде.
Әрқашан атап жүріңдер мені
Осы бір туған күнімде.
Осы бір хатым жетсе елге,
Анашым, сізден сұранам:
Ойлама мені, ойлама мені
Аман мен елге оралам.
Мархат: Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,
Сен құлаган көлбетіп таулы алыстан.
Елестейсің көзіме қасірет боп
Қайғам да сен мәңгілік- Ауғаныстан!
Дарын: О, олардың көз жасының татымын
Татып көрсен ойланар ең пақырым
Халық болып ешқашанда оңбайды
Жылатқан ел ақыны мен батырын
Адина: Ауғаныстан, сен үшін жасын ғайып
Ажал болдың арманға жасымайық Қос бүйірін таянып көнбіс күндер- Аңырайды Жер-Ана шашын жайып Мамыр тумай тасымас мейманасы Адамзаттың атар таң кейуанасы- Ауғаныстан, қаралы Ауғаныстан- жиырмасыншы ғасырдың бей дауасы Айткен: Мен қазақпын, ұланымын елімнің, Мен қазақпын, тірегімнін жерімнің. Ұланымын туын көкке көтерген, Болашаққа алға бастап жетелер. Қиындығын қазағымның әрқашан, Қайыспайтын қара нардай көтерер Дарын: Жастығыңмен жауға аталдық оқ болып,
Әндететің кезің еді төс керіп.
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.
Мархат: Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған , жаныңды емдер
Өлгендердің жәннатта болсын жаны
Тірілерің мың жаса дәуірлеңдер
Санел: Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан
Сен құлаған көлбетіп таулы алыстан
Елестейсің көзіме қасірет боп
Қайғым да сен мәңгілік- Ауғаныстан!
Сезім: Білеміз, жас өседі, туады ерлер,
Қастерлеп, әке жолын қуады ерлер.
Тумайды, сіздерден соң, тумасын-ақ,
Соғыс деген сұм тажалға куәгерлер!
Бекарыс: Қуанам адам болып туғаныма,
Ата жолын, дәстүрін қуғаныма,
Есімдері ескірмей жасай берер,
Ұрпақтары артында тұрғанында
Қорытынды.
1979-89 жылдарда, яғни 10 жылға жуық созылған бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Қайсыбір ана жалғыз боздағынан айырылды, кейбір әйел жесір, кейбір бала әкесіз, кейбір отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып әскер атанып әскер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетті. Аяқ-қолдан айырылып қан төгіп мүгедек болғандар қаншама! Ауған соғысы- жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер... Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы- Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отан сүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық деп отырып «Тауелсиз ел ураны» әнін тыңдап алайық
1. Қазақстаным Отаным
Шалқыған шаттық ордасы
Тәуілсіздіктің ұраны
Шатттық ән жырдын арнасы
Елім де тыныш, жерім де тыныш
Бейбіттің ән шырқалсын
Бақытты жерім, жақұтты жерім
Тіл-көзден сені сақтасын.
2. Тәуелсіз елдің ұраны
Қырандай көкке самғасын
Көк туым менің желбіреп
Тұғыры мәңгі таймасын
Бүлдіршіндердің әні қабыл болып, ендігі балалар соғыс сөзін естімесін, көрмесін деп «Ауғаныстан - жүректегі жара» атты тәрбие сағатын аяқтап, сөз кезегін қонақтарға береміз.
Ән: «Катюша» Төлеубай Сезімнің орындауында
Сахналық көрініс би : «Ауғанда болған ағалардың ерлігіне»