«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас шеберлер»

05.03.2020

Сайыстың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімін, жан-жақты ойлау қабілеттері мен ой ұшқырлығын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды кәсіби біліктілікке, өз бетімен еңбектенуге, алғырлыққа, тапқырлыққа және жан-жақты дамыған азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, көрнекіліктер, сайысқа арналған қажетті материалдар мен құрал-саймандар.

 «Жас шеберлер» сайысы

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және бүгінгі кешке қатысушы сайыскерлер!«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, бүгінгі білім, шеберлік және өнер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Білімменен шеберлікпен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки, кім шығады сайысуға.

Бүгінгі сайысымызға мектебіміздің оқушылары білімдерін, шеберліктерін және өнерлерін ортаға салады.

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің әр нәрсеге ебі бар

Бәрінің де жеңіске деген үміті бар,-деп ортамызға сайыскерлерді шақырамыз.

  1. _____________________
  2.  ______________________
  3.  _______________________
  4.  ________________________
  5. ________________________

Жол сілтеген биікке ұстаздарым

Ішімізден шығар әлі талай дарын.

Әділдікті ең алға мақсат еткен,

Таныстырайын әділқазы алқаларын, - демекші сайыскерлердің өнерлерін, білімдеріне және шеберліктеріне баға беруші әділқазылар мүшелерін таныстырып өтейін.

Мүшелері:

Сайысқа қатысушылар өздерінің реттік нөмірлерін таңдап алады.

Сайысқа қатысушылар сайыс шарттарымен танысады.

Сайыстың шарттары:

І кезең «Сәлемдесу, өзін таныстыру»

ІІ кезең «Жарнама» сайысы

ІІІ кезең «Ою ойғанның ойы озық»

ІV кезең шебердің қолы ортақ (қыздар түйме қадау) 1 минутта неше түйме қадайды

V кезең  «Бой сергіту» сайысы сұрақ жауап

 

І кезең «Сәлемдесу,өзін таныстыру»

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін

Бір басына өнері жетсе деймін,

Бәске түске сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін, - деп сөз кезегін сайыскерлерге береміз.

Сайыскерлер реттік нөмірі бойынша өздерін таныстырып шығады.

«Таныстыру» бөлімі 1-5 ұпай жүйесімен бағаланады.

ІІ кезең «Жарнама» сайысы

Сайыс шарты бойынша әр сайыскер  өзі дайындаған б ұ й ы м ға жарнама жасау қажет.

«Жарнама» бөлімі де 1-5 ұпай жүйесімен бағаланады.

Жүргізуші:  

Ою керек қарасаң,
Өңкей мүйіз тізілген.
Қайсысын қаласаң,
Қиып ал сызған ізіңмен.
Қию оңай демеңдер,
Оған да өнер, ой керек.
Бос мақтанып жүрмеңдер,
Қиюға пысық қол керек.

Сайысымыздың  III – кезеңі. «Ою – ойғанның ойы озық»  (ою ойып шығару)

Бұл бөлімде әр сайыскер өздерінің шеберліктерімен қоса шапшаңдықтарын көрсетеді. Қажетті аспаптар мен материалдарды пайдалана отырып, ою ояды. (уақыт және сапа ескеріледі). (Сайыскерлерге қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау ескертіледі).

Сайыстың бұл бөлімі де 1-5 ұпаймен бағаланады.

Жүргізуші: 

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін қырандарға берелік.

Арамызда тапқыр достар көп екен

Солардың енді жарыстарын көрейік – деп  «Шебердің қолы ортақ» деген ІV  кезеңін бастайық. (шарт бойынша 2 мин уақыт ішінде бұл жерде қыздарымыз түйме қадайды

 Жүргізуші: 

Ақылдылық аруға жарасады,
Көзі ашық кім бүгін санасады.
Келесі сұрақ–жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты дей отырып, келесі «Бой сергіту» кезеңінде ілулі тұрған шарды дәлдеп, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

Сұрақ–жауаптар.
1. Ұлттық ет тағамдарының түрлерін атаңыздар. (қазы, қарта, жал–жая, ет, шұжық)
2. Ұлттық сүт өнімдерін атаңыздар. (қымыз, шұбат, сүт, айран, құрт, сүзбе)
3. Ұлттық киімдер түрлері (көйлек, бешпент, қамзол, шапан, сәукеле, тақия)
4. Ұлттық ұн тағамдарын атаңыздар. (бауырсақ, шелпек, кеспе нан)
5. Тігін машина тігіс түрлері (сырып тігу,қосып тігу, көмкеру, қондыру, бастыру, айыра қайып тігу)
6. Зергерлік бұйымдарды атаңыздар (алқа, білезік, сақина, сырға, шолпы)
7. Қол тігіс түрлері (көктеу, көшіру, көмкеру, қиғаш көмкеру, қайшы тігіс, тор тігіс, қайып тігу)
8. Қалдық маталарды құрастырып жасалатын бұйымды атаңыз (құрақ)
9. Белдемелі бұйымдар деп қандай киімдерді атайды? (шалбар, белдемше, шорты)
10. Қазақтар киім тігуге өздері өндірген қандай материалды жиі пайдаланған? (жүн, тері)

«Марапаттау» (Қорытындылау)

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Мінеки, біздің бүгінгі өнер, білім және шеберлік сайысымызда өз мәресіне жетті. Енді осы кештің көркін келтірген сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпазды анықтауға әділқазылар алқасына сөз береміз. Жеңімпаз анықталып, білімімен, өнерімен, шеберлігімен көзге түскен сайыскерлер марапатталады.Бүгінгі «Жас шеберлер» сайысына қатысқан жастарды барлық көпшілік қауым атынан, мектеп атынан шын жүректен құттықтай отырып, биіктен көріне берулеріне тілек білдіреміз! Келесі кездескенше аман-сау болып тұрыңыздар!

 

Просмотров: 485


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст