«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаратылыстану әлеміне саяхат»

26.04.2018

Тақырыбы : «Жаратылыстану әлеміне саяхат»

1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі химия, биология апталығының «Жаратылыстану әлеміне саяхат» деп аталатын ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушыларға бұл пәндерді тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру.  1 - жүргізуші: уа, халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық!

Бүгінгі кеш төрінде,

жаратылыстану елінде,

орыс, қазақ тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

жұмбақ шешіп аңдысып…

Шабыттанып, шалқысып,

көңілді ән салысып.

қызықты кеш жасайық.

2– жүргізуші :         Бүгін біз биология, химия елдеріне саяхат жасаймыз. Алғашқы ат басын тірейтін еліміз – биология елі 1– жүргізуші : ендеше кезекті бізді қоршаған тірі табиғаттың қыр – сырын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін меңгертетін биология ғылымы жөнінде айтары бар жас өрендерге берейік .

1-оқушы: Табиғатың құпиясы тұңғиық,

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,

Білген сайын сырын оның жүреміз

Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

Табиғаттың қадірлеп қасиетін

Әділдікке әрқашан бас иетін

Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп

Халқың айтқан орынды өсиетін

2-оқушы: Ей,замандас ең алдымен досыңды ұқ,

Досың жер,су мөлдір ауа,өсімдік.

Ала жүріп осылардың сыйлығын,

Осыларды қорлау деген не сұмдық? Жер ешкімге жазбайды деп арызды,

Барын сарқып ала беру парыз ба?

Жоқ, замандас әр ұрпаққа туған жер. Не берсе де,береді ол қарызға.

2– жүргізуші : Сұрақ менен жауап сенен! 1. Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді:

Қабықша

2. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат: Цитоплазма

3. Жасушаның көбеюіне қатысады: Ядро

4. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер: Пластид

5. Жасушаларды энергиямен қамтамасыз етеді: Митохондрия

6. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді: Лизосома

7. Жасушадағы көпіршік, түтікше тәрізді органоид: Гольджи жиынтығы

8. Плаастидтер болады: Өсімдіктерде

9. Жасушадағы органикалық қосылыстар: Нәруыздар, май

10. Нәруызды түзетін аминқышқылдардың саны: 20

1 – жүргізуші : Ендеше

химия қандай ғылым екенін оқушылардан естиік Қадыр Мырзалиев «Менделеев

кестесі» Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын,

Менделеев кестесіне

қарап кеше таң қалдым.

Таң қалдым да ойға

шомдым, жасырамын несіне,

Химия емес, осы кесте

салды өмірді есіме.

Кім ойлаған формулалар

қозғайды деп шеріңді,

Ұядағы әр элемент бір

тағдыр боп көрінді.

Анау емес, мынау емес –

Титан болу сырың ба?

О, жасаған! Титан неге

жиырма екінші орында?

Темірдей деп мақтаушы

едік,

Темірдің де кезі өткен

Просмотров: 418


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст