Жамбыл орта мектебінде «Менің денсаулығым – менің болашағым» айдарымен денсаулық күніне орай өткізілген жұмыстардың мәліметі
Елбасы Н. Назарбаев «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында жас ұрпақтың денсаулығының мықты, өмір жасының ұзақ болуы үшін бұқаралық спорттық дамыту қажеттігіне баса назар аударғаны тегін емес. Сондықтан өскелең ұрпақты спортқа баулу - ел ертеңінің жарқын болуына септігін тигізбек.
Келешегіміздің мақсаты: еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттер ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты іске асыру барысында мектебімізде «Менің денсаулығым – менің болашағым» айдарымен денсаулық күніне орай жоспар құрылып, жұмыстар жүргізілді. Күннің райының бұзылуына байланысты далада өтетін іс – шаралар жүргізілмесе де, спорт залда спорттық ойындар өткізу арқылы жалғасын тапты. Бастауыш сыныптарда сынып сағаттары, тәрбие сағаты, флешмобтар ұйымдастырылып жоғары дәрежеде өткізілді. Орта буындар мен жоғары сыныптар сурет салып, постер құрып денсаулықты қолдауға байланысты өз пікірлерін білдірді. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы екенін түсініп, салауатты өмір салтын жандарына серік ететіндерін айтты.