«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023-2024 оку жылы Жамбыл ауылының ЖОББМ І жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстар

 

Жамбыл ауылының ЖОББМ

І жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстар

2023-2024 оқу жылы

Оқу жылының басында Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде 17 мұғалім жұмысқа кірісті. Олар: мектеп директоры М.О.Дюсекеева, оқу ісінің меңгерушісі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ш.А.Ахметова, тәрбие ісінің меңгерушісі физика, математика мұғалімі Л.Қ.Жакупова, тәлімгер, бастауыш сынып мұғалімі Н.Ғ.Рахимжанова - даярлық тобының сынып жетекшісі, Ғ.А.Қабылтаева  - 1;3 сынып жетекшісі және бастауыш сынып пен музыка мұғалімі, бастауыш сынып мұғалімі П.О.Құлмағамбетова – 2 сынып жетекшісі, 4 сынып жетекшісі А.С.Смағұлова бастауыш сынып мұғалімі. Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Д.О.Куанышова – 5 сынып жетекшісі, кітапханашісі жіне информатика мұғалімі А.Х.Смаилова – 6  сынып жетекшісі, дене шынықтыру мұғалімі Аубакиров А.Д. - 7 сынып жетекшісі, биология мұғалімі Н.Т.Сундетова – 8 сынып жетекшісі, педагог-психолог және қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Ш.Ш.Альжанова - 9 сынып жетекшісі, тарих мұғалімі Б.Ж.Байманов – 11 сынып жетекшісі.

Сонымен қатар мектепте 17 баласымен Айгөлек шағын-орталық жұмыс істейді. Тәрбиеші Н.Т.Қабылтай. Тәрбиеші көмекшілері Будылина А.К. және Ахметова Г.К.

Оқу жылының басында мектепте барлығы 69 оқушы бар. Оның ішінде даярлық тобында 5 оқушы, 1 сыныпта – 6 оқушы, 2 сыныпта – 6 оқушы, 3 сыныпта – 7 оқушы, 4 сыныпта – 11 оқушы, 5 сыныпта – 5 оқушы, 6 сыныпта – 8 оқушы, 7 сыныпта – 10 оқушы, 8 сыныпта – 5 оқушы, 9 сыныпта – 3 оқушы, 11 сыныпта – 4 оқушы. Осыдан 1 – 4 сыныпта 31 оқушы, 5 – 9 сыныпта – 32 оқушы, 11 сыныпта – 3 оқушы. 1 – 11 дейін 64 оқушы бар. Осы барлығы бойынша ұлттық білім беру деректерінің қорына кіргізілді. ҰББД қыркүйек айында толық толтырылды.

Тамыздан бастап барлық оқушыларға оқулықтар таратылды, жетпеген оқулықтар басқа жақын мектептерден алынды. Биыл біздің мектеп 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап  №264, 365, 412 бұйрық бойынша жаңартылған бағдарлама бойынша үлгілік оқу жоспарын қабылдады (1-4 сынып 1 қосымша, 5-9 сынып 6 қосымша, 10-11 сынып 86 қосымша). Қазіргі кезде жаңартылған бағдарлама бойынша 1-11 дейін сыныптар оқиды.

2023-2024 оқу жылының басында бірінші жартыжылдыққа сабақ кестесі бекітілді, содан кейін электрондық күнделікке енгізілді. І ауысым бойынша 5, 6, 7, 8, 9, 11 сыныптар сабақтарын оқиды, ал ІІ ауысымда даярлық тобы және 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары оқиды. Қосымша білім беру бойынша 8 пәні бар екен. Сол пәндер бойынша да мектеп күнделікке жеке бетке толтырылды. Сабақ кестесі толтырылды. Күн сайын мектеп мұғалімдері электрондық түрде күнделігін толтырады. Қосымша білім беруге биыл 5 үйірме мен 5 секция қосылды. Сабақ кестесі толтырылды. Барлық ата-аналарының аккаунттар толтырылды. Сонымен қатар оқушылар да күн сайын күнделікті ашып үй тапсырмаларды, мұғалімдерінің жазған пікірлерді оқиды.  

Ы. Алтынсарин атындағы КЕАҚ әзірлеген 2023-2024 оқу жылына арналған нұсқаулық – әдістемелік хат негізінде

2.2 т. тәрбие жұмысының ерекшеліктері, 32-36 б. білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңестің шешімімен біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру үшін аптасына бір рет сабақ кестесіне (БББ) сынып сағаттарын енгізу қажет. Осы хат бойынша сынып сағаттарды ҚББ кестеге толтырылды.

І тоқсан бойынша оқу сапасы 57%, үлгерімі 100% құрайды. Барлық мектеп бойынша 12 үздік және 23 екпінді оқушы бар. Барлық пәндер І тоқсан бойынша оқу сапасының мониторингі жасалды.

ІІ тоқсан бойынша оқу сапасы 67%, үлгерімі 100% құрайды. Барлық мектеп бойынша 14 үздік және 25 екпінді оқушы бар. Барлық пәндер ІІ тоқсан бойынша оқу сапасының мониторингі жасалды.

 

 

Оқу жылында толық жылдық бойынша апталықтар жоспары бекітілді.

Бекітілген жоспар бойынша апталықтар өтті

 

«Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»

КММ-нің дене шынықтыру сабағы бойынша бес күндік

 апталық туралы мәлімет

09.10-13.10.2023ж

      Жоспар бойынша апталықтың алғашқы күнінде , яғни 9 қазанда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аубакиров А.Д. жауапткершілігімен «Президенттік сынық 30-60м жүгіру»  өтті. Оған 5-6-9 сынып оқушылары ат салысты. Сынақ өз дәрежесінде өтілді.

 

 

1

 

 

 

 

 

 

10 қазан күні оқушылар арасында баскетболдан жарыс ұйымдастырылды. Баскетбол ойынының мақсаты - допты сақинаға лақтыру, қай команда көп ұпай жинайды, жеңімпаз деп жарияланады.

   

 

  

 

 

Апталықтың үшінші күнінде 11 қазан орта буын оқушыларымен теннистан жарыс өтті. Жарысқа оқушылар белсене қатысты. Жарыс соңында жеңімпаз оқушылар марапатталды.

         

 

 

 

 

 

Жоспарға сай апталықтың төртінші күнінде 12 қазан жоғарғы сынып оқушыларымен волейболдан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты оқушыларды ептілікке, шапшандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу. Жарыс өте қызықты және көңілді болды.

 

 

 

 

 

Апталықтың соңғы 13 қазан күнінде 9-10-11 сынып оқушылар арасында мини футбол ұйымдастырылды және жеңімпаз оқушылар марапатталды. Жоспарға сай барлық іс-шаралар өз дәрежесінде өтті және оқушылар белсене ат салысты.

 

 

 

                  Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:  Аубакиров А.Ж

«Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»

КММ-нің тарих сабағы бойынша бес күндік

 апталық туралы мәлімет

23.10-27.10.2023ж

      Жоспар бойынша апталықтың алғашқы күнінде , яғни 23 қазанда тарих пәнінің мұғалімі Байманов Б.Ж. жауапткершілігімен "Тарих әлеміне саяхат" апталықтың ашылуы өтті. Салтанатты жиынға 5-11 сынып оқушылар қатысты.

 

  

 

24 қазан күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде тарих апталығының жоспарына сәйкес "Ұлы даланың тарихы" дөңгелек үстел өтті. Қатысқан оқушылар - 9 сынып. Өткізген тарих мұғалім Байманов Б.Ж.   

 

      

 

Апталықтың үшінші күнінде 26 қазан «Жас тарихшы» жарыс сабағы өтті. Қатысқан оқушылар 7-8 сынып. Мақсаты: Тарих пәнін таңдаған оқушылардың білімін саралау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас тарихшы» атағын алатын оқушыны анықтау.

  

 

Жоспарға сай апталықтың үшінші күнінде 26 қазан 7-8 сынып оқушыларына Байманов Б.Ж. «Ауыл тарихы» слайд шоу көрсетті. Мақсаты: Оқушылардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жердің тарихы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

 

 

 27 қазан күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде жоспарына сәйкес апталықтың қортындылау бойынша марапаттау өтті. Қатысқан оқушылар – 5-11 сынып. Барлық сайыс сабақтарынан орын алған оқушылар мадақтама қағазбен марапатталды. Өткізген тарих мұғалім Байманов Б.Ж.   

 

                  Тарих пәнінің мұғалімі:  Байманов Б.Ж

 

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде

13-17 қараша аралығында өткен ағылшын тілі

апталығы бойынша мәлімет

Ағылшын тілі –  қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет.

 

2023 жылдың 13-17 қараша аралығында ағылшын тілінің қолданыс аясын кеңейту, тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде ағылшын тілі бірлестігінің « English opens doors» атты ағылшын апталығы өткізілді. Алдын ала апталықтың жоспары ӘБ отырысында қарастырылып директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бекітілді. Апталықтың жоспары бөлімдерге таратылып, хабарланды.

 

Апталықтың мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шет тілі мәдениетін, салт-дәстүрін, әдеп- ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.

Ағылшын тілі бірлестігінің құрылған жоспары бойынша апталықтың салтанатты ашылуы, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

 

1 күн: 13.11.23 Аптаның алғашқы күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Апталықтың ашылу салтанатында екі жүргізуші болып , біреуі ағылшын тілінде, екінші оқушы ана тілімізде жүргізді. Ашылу салтанатында ұстаздар  сайысқа қатысып белсенділік танытты. 4-5 сыныптың қыздары “Dance monkey ” ағылшынша әнін өз әуендерімен айтып біздерді қуантты.

 

   

 2-күн  14.11.23 Жоспарға сай апталықтың 2ші күнінде 4-6сынып оқушылары “Great Britain” тақырыбына сурет салды. Мақсаты: Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау және шығармашылығын арттыру.

 

         

      

3-күн  Жоспарға сай үшінші күніThe leader of the XXI Century”атты интеллектуалды сайысы. Мақсаты: пәнге қызығушылықты ояту; тапсырмалар арқылы білімдерін тексеру. Сайысқа 5-7сынып оқушылары қатысты. Әділ-қазылар: мектеп директоры-Дюсекеева М.О. Пән мұғалімі- Смаилова А.Х. Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтіп, әділ бағаланды. Жеңімпаз - Дүйсенбай Нұрсауле; II орын иегері-Құлке Айзере; III орын - Реймова Гулдана.

 

         

4-күн Апталықтың төртінші  күні “Wonderful reading”.          

Мақсаты —  ағылшын тілінде кітаптар мен шағын әңгімелерді оқуға құштарлығын арттыру.

           

       Апталықтың соңғы күнінде жеңімпаз атанған оқушылар мақтау қағаздармен марапатталды.  Апталық аясында сайыс-сабақ пен сыныптан тыс іс-шара және сайыстар өткізілді. Жоспарланған жұмыстар толық орындалды.

   

 

Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Джалилова М.С.

Орыс тілі мен әдебиеті апталығын өткізу туралы есебі

"Жамбыл ауылының ЖОББМ" КММ 2023-2024 оқу жылында

4-8 желтоқсан аралығында

        

       4 желтоқсан күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде "Язык мой - друг мой" орыс тілі және әдебиет апталығы басталды. Апталығының ашылу салтанатын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ш.А. Ахметова өткізді. Сондай-ақ оқушыларға жұмбақтар, ребустар және қызықты грамматика бойынша сұрақтар қойды. Мектеп фойесінде оқушыларға арналған стенд жасалды.

 

  

 

5 желтоқсан күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде орыс тілі және әдебиет жоспарына сәйкес қашықтықтан "100 слов на русском языке" челлендж өтті. Челленджге қатысқан 7 сынып оқушылары. Өткізген орыс тілі және әдебиет мұғалімі Ахметова Ш.А.

 

 

 

6 желтоқсан күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде орыс тілі және әдебиет жоспарына сәйкес қашықтықтан "Синий трактор" өлеңді 4 сынып оқушылар әндетіп билеп орысша айтты. Өткізген орыс тілі және әдебиет мұғалімі Ахметова Ш.А.

 

          

           

 

          

 

7 желтоқсан күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде орыс тілі және әдебиет жоспарына сәйкес "В мире русской сказки" сурет көрмесі өтті. 1 орын – Төлеубай Жадыра, 2 орпын – Төлеубай Сезім, 3 орын – Самат Нарқыз. Құттықтаймыз! Өткізген орыс тілі және әдебиет мұғалімі Ахметова Ш.А.

 

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 желтоқсан күні Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде орыс тілі және әдебиет жоспарына сәйкес "Моя Родина Казахстан" тәуелсіздік күніне орай 8,9,11 сынып оқушылары екі тілде лэпбук жасады. Өткізген орыс тілі және әдебиет мұғалімі Ахметова Ш.А.

 

 

 

 

 

 

 

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:                   Ахметова Ш. А.

 

БЖБ және ТЖБ өткізілуі бойынша мониторингісі

2023-2024 оқу жылының басында «Сапалы білім беру үшін сабақтарда бағалау мақсатында оқушылардың критериалды ойлауын дамыту» тақырыбында әдістемелік жиналыс өткізілді. Мектеп мұғалімдеріне бақылау жұмыстарын интернеттен емес, мұғалімдердің өздері жасау керек деп айтылды. Дәл жасалған бақылау жұмыстарын тексеру үшін ерте және болашақ жазбаша жұмыстар салыстырылды. Жаңадан келген ағылшын тілі, тарих, география және биология мұғалімдеріне БЖБ және ТЖБ жұмыстарының құрастырылуын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді. Жанартылған білім бағдарлама бойынша бейімдік пәндерінен оқытатын мұғалімдерге бағалау шкаласы көрсетілді. Сонымен қатар мектеп мұғалімдері І жартыжылдыққа арналған бақылау жұмыстарын жүргізу кестесін жасады. Әр бақылау жұмыстарын жүргізгеннен кейін мектеп мұғалімдері білім сапасы бойынша мониторинг жүргізеді. Содан кейін мұғалімдер анализдерін жазады. БЖБ және ТЖБ оқушыларының жұмыстары мектепте бір жыл сақталады.

 

Конкурстарға және олимпиадаларға қатысу бойынша есеп.

 

Олимпиадалар мен конкурстардың атаулары

Қатысушылар

Пән

өткізу уақыты

нәтижесі

1

«Кенгуру - математика для всех» республикалық «Дарын» орталығы

Ержанов Гибрат 6 сынып

математика

30.09.2023

І орын

2

Құлке Данагүл 5 сынып

математика

30.09.2023

І орын

3

Асхат Нұрәлі 4 сынып

математика

30.09.2023

І орын

4

Бақыт Айдын 4 сынып

математика

30.09.2023

І орын

5

Жүніс Балнүр 7 сынып

математика

30.09.2023

І орын

6

Дүйсенбай Нұрсауле 6 сынып

математика

30.09.2023

ІІ орын

7

Ахметбекова Адина 8 сынып

математика

30.09.2023

ІІ орын

8

Серік Мейірбан 3 сынып

математика

30.09.2023

ІІ орын

9

Серік  Төреәлі  2 сынып

математика

30.09.2023

ІІІ орын

10

Шахмашова  Аянат  2 сынып

математика

30.09.2023

ІІІ орын

11

Назарбекұлы Әлишер 2 сынып

математика

30.09.2023

ІІІ орын

12

Қызыл жебе конкурс чтения

Ахметбекова Адина 8 сынып

қазақ әдебиет

12.09.2023

ІІІ орын

13

Ауыл жастар арасындағы футбол жарысы

7-9 сынып

дене шын

05.09.2023

І орын

14

11 сынып

дене шын

05.09.2023

ІІ орын

15

1994-1995

дене шын

05.09.2023

ІІІ орын

16

Дебаты аудан

Ахметбекова Адина 8 сынып

қазақ әдебиет

30.10.2023

І орын

17

Дебаты аудан

Шахмашова Жансая 11 сынып

қазақ әдебиет

30.10.2023

І орын

18

Алтын сақа олимпиада

Дүйсенбай Нұрсәуле 6 сынып

математика

17.11.2023

ІІІ орын

19

Алтын сақа олимпиада

Бақыт Еңлік 6 сынып

математика

17.11.2023

ІІІ орын

20

Айқанат

Ахметбекова Адина 8 сынып

жаратылыстану-математика бағыт

20.10.2023

ІІ турға өтті

21

Дюсекеев Мархат 8 сынып

жаратылыстану-математика бағыт

20.10.2023

ІІ турға өтті

22

Ибрагим Санел 8 сынып

жаратылыстану-математика бағыт

20.10.2023

ІІ турға өтті

23

Әлибек Архат 8 сынып

жаратылыстану-математика бағыт

20.10.2023

ІІ турға өтті

24

Төлеубай Дарын 8 сынып

жаратылыстану-математика бағыт

20.10.2023

ІІ турға өтті

25

Алтын түлек

Амантаев Айбек 11 сынып

жаратылыстану-математика бағыт

23.10.2023

ІІ турға өтті

26

Шаймерденов Расул 11 сынып

жаратылыстану-математика бағыт

23.10.2023

ІІ турға өтті

27

Шахмашова Жансая 11 сынып

жаратылыстану-математика бағыт

23.10.2023

ІІ турға өтті

28

Республикалық пән олимпиада

Амантаев Айбек 11 сынып

Биология

28.11.2023

 

29

 

Шаймерденов Расул 11 сынып

Информатика

21.11.2023

 

30

 

Шахмашова Жансая 11 сынып

География

24.11.2023

 

31

Айқанат

Ахметбекова Адина 8 сынып

жаратылыстану-математика бағыт

02.12.2023

ІІІ турға өтті

32

 

Дюсекеев Мархат 8 сынып

жаратылыстану-математика бағыт

02.12.2023

ІІІ турға өтті

33

Жұлдызды сәт

Аубакиров А.Д. Джайқ Жансезім, Джайқ Зере

өлең

24.11.2023

ІІ орын

34

«Менің еліме менің жобам» респуб-ликалық конкурс

Құлке Нұрсулу 7 сынып

табиғат

07.11.2023

сертификат

35

«Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты

фестивалінің аудандық кезеңіне

Құлке Айсұлу, Құлке Күнсұлу

өнер

28.12.2023

ІІ орын

36

Рүстембек Мұхаметжан

өнер

28.12.2023

ІІ орын

 

Мектеп директоры                   Дюсекеева М.О.

 

Семинар қатысушыларымен және семинарды ұйымдастыру бойынша есеп.

13 желтоқсан «Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы» тақырыбындағы  «Өндіріс ауылының ЖОББМ»  КММ Жакупова Л.Қ., Қабылтаева Ғ.А., Альжанова Ш.Ш., Смағұлова Ж.А., Рахимжанова Н.Ғ. семинарына қатысты.

 

Сондай-ақ, мұғалімдер өзін-өзі тәрбиелеуді және мұғалімнің жеке өсуін дамыту үшін әртүрлі білім беру бағдарламаларының онлайн семинарларына қатысуға тырысады, онда оларға сертификаттар беріледі.

 

Аттестатталушы мұғалімдермен жасалған жұмыстар бойынша есеп.

Оқу жылының басында мектеп директорының бұйрық бойынша аттестациялық комиссия құрылды. Олар Дюсекеева М.О. - мектеп директоры, Ахметова Ш.А. - оқу ісінің меңгерушісі, Смағұлова Б.Ғ. – математика және физика мұңалімі, Құлмағамбетова П.О. - бастауыш сынып мұғалімі.

Жоспар бойынша оқу жылының басында қыркүйекте мектепте сегіз мұғалім аттестатталуға өтініш жазды. Олар:

 

мұғалімнің

аты-жөні

мамандығы

жұмыс өтілі

санаты, бұйрықтың күні, нөмері

қандай санатқа үміткер

1

Қабылтай

Назгүл Турлыбекқызы

тәрбиешісі

11

санаты жоқ

педагог-модератор санатын тағайындау

2

Аубакиров

Азамат

Джаикович

дене шынықтыру мұғалімі

10

санаты жоқ

педагог-сарапшы санатын тағайындау

3

Байманов

Бухар Жаксылыкович

тарих

3

санаты жоқ

педагог-модератор санатын тағайындау

4

Жакупова

Ляззат Каиргельдиновна

бастауыш сынып

25

педагог-эксперт

28.12.2018г

№385

педагог-сарапшы санатын тағайындау

5

Смаилов

Мирас

Серикович

 

АӘТД

3

санаты жоқ

педагог-модератор санатын тағайындау

6

Смагулова

Жанаргуль

Аубакировна

 

тәлімгер

6

санаты жоқ

педагог-модератор санатын тағайындау

7

Сундетова

Нурай

Талаповна

 

биология

0

санаты жоқ

педагог-модератор санатын тағайындау

8

Рахимжанова Назым Госмановна

 

бастауыш сынып

6

санаты жоқ

педагог-модератор санатын тағайындау

9

Смагулова Балшекер Госмановна

 

физика

24

педагог-модератор

30.06.2023

Пр№98

педагог-модератор санатын тағайындау

 

 

Барлық аттестациядан өтетіндер оқу ісінің меңгерушісіне жылдық жоспарларды бекітіп тапсырды. Жоспарлаған ашық сабақтар, ашық тәрбие жұмыстар, апталықтар, сабақтан тыс жұмыстарды өткізіп ақпараттарды тапсырып жүр.

 

Дарынды балалармен жасалған жұмыстар бойынша есеп.

Қыркүйек айында оқушылардың ой-өрісін зерттеу және жас ақындармен жұмыс жасау арқылы дарынды оқушыларды анықтау жоспарланған болатын. Қыркүйектен бастап біз дарынды оқушыны анықтап, оқушылардың көкжиегін зерттедік.

Қазан айында 5-6 сынып оқушылары арасында мектепаралық пәндік олимпиада өтті. Математика пәнінен «Кенгуру - математика для всех» республикалық «Дарын» орталығы өткізетін олимпиадаға қатысып 11 оқушы І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды. 29 қыркүйек «Айқанат» байқауының I туры өтті. Байқауға 8 сынып оқушылары белсенді қатысты. 20 қазан «Айқанат» байқауының ІI туры өтті. ІІ турға екі оқушы өтті Ахметбекова Адина және Дюсекеев Мархат.

11 сынып оқушылары биыл «Алтын түлек» олимпиадаға қатысып жақсы нәтижелерін алды.

2023 жылдың 5 қыркүйекте Ауыл жастар арасындағы футбол жарысы өтіп 7-9 сынып оқушылары І, ІІ, ІІІ орынға ие болды. Ауданда өткен пікір сайыстан Ахметбекова Адина және Шахмашова Жансая І орын алды.

Алтын сақа 5-6-сынып математика пәні бойынша Дүйсенбай Нұрсәуле және Бақыт Еңлік үшінші орынға ие болды.

Республикалық онлайн пән олимпиададан 11 сынып оқушысы Амантаев Айбек ІІ орын биология сабағынан алды.

24 қараша Астрахан ауданда «Жұлдызды сәт» конкурқа Аубакиров А.Д., Джайқ Жансезім және Джайқ Зере ІІ орын алып келді.

«Менің еліме менің жобам» республикалық конкурсқа 7 сынып оқушы Құлке Нұрсулу қатысып сертификат алды.

Менің талантты оқушылармен 2023-2024 оқу жылына арналған жарты жылдық жоспарларым өз деңгейіне жетті, өйткені олар өздеріне жүктелген жүктемені жақсы сезініп, жақсы орындады, өздерінің жауапкершілігін түсінді және шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалады.

 

Біліктілікті арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша есеп.

Қыркүйек айында 04-16 аралығында педагог-психолог «Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағартудың ғылыми әдістемелік негіздері» Көкшетау қаласында біліктікті арттыру курс өтті.

Физика мұғалімі Смағұлова Балшекер Ғосманқызы Астана қаласында 14-25 тамыз айдын аралығында «Пәндерді оқытуға цифрлық ресурстарды пайдалану» біліктілік курстан өтті.

Бастауыш сынып мұғалімі және мектеп директоры Дюсекеева Меруерт Оразалиевна Астана қаласында 14-25 тамыз айдын аралығында «Шағын жинақталған мектепті басқарудағы цифрлық шешімдер» біліктілік курстан өтті.

1 шілдеде Дюсекеева М.О. "Профилактика суицида среди несовершеннолетних в организациях образования" Астана қаласында курс өтті.

5-14 маусым аралығында бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Ляззат Қайыркельдіқызы «Бастауыш мектептегі сабақ: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өтті.

АӘТД мұғалімі Смаилов Мирас Серикович 17-18 тамыз аралығында Көкшетау қаласында «Азаматтық қорғаныс саласында біліктілікті арттыру» курс өтті.

30 қазаннан 03 қараша аралығында тәрбие ісінің меңгерушісі Жакупова Ляззат Қайыркельдіқызы «Білім беру ұйымдарында жағымды тәрбие ортасын қамтамасыз ету» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өтті.

 

 

Жамбыл орта мектебіндегі педагогтардың өзара сабаққа қатысуы туралы ақпарат бойынша есеп.

2023-2024 оқу жылының басында әдістемелік бірлестік бойынша барлық педагогтар өзара сабаққа қатысуы жоспарларды бекітіп жасады. Мұғалімнің кәсіби біліктілігін артыру мақсатында өз білімін көтеру жоспарын құрады. Сабақтарға өзара қатысу мұғалімнің оқыту әдістерімен алмасуын береді. Орта буын оқытатың мұғалімдер бастауыш сыныптарының мұғалімдерінің сабақтарына қатысып жүріп ақпараттарды жазып тапсырды. Бастауыш сынып мұғалімдер бір-бірінің сабақтарына қатысып және орта буын сыныптарының мұғалімдерінің сабақтарына қатысып есептерін жазды.

 

Жамбыл орта мектебіндегі ата-аналармен жүргізілетін іс-шаралар бойынша есеп.

Оқу жылының басында мектепте қамқоршылық кеңесі сайланды. Олар Кулькенова А.Т., Сағынбекова К.М., Сағынбекова З.И., Бұршақбай А.К., Ахметова Г.К., Қамза Б.Ж., Ахметова Б.Е., Тәукелова М.С., Канапиянова М.Ж.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Құлкенова Айнұр Төлеубайқызы.

Сонымен қатар оқу жылының басында әр сыныпта жауапты ата-аналар таңдалды:

Даярлық сыныпта – Ахметова Бақытгүл

1 сыныпта – Абильтаева Гүлнұр

2 сыныпта – Белялова Гүлнар

3 сыныпта – Құлкенова Айнұр

4 сыныпта – Қамза Баян

5 сыныпта – Ахметова Гүлзат

6 сыныпта – Қабылтай Назгүл

7 сыныпта – Реймова Назира

8 сыныпта – Жакупова Ляззат

9 сыныпта – Қуанышова Дария

11 сыныпта – Дюсекеева Самал

Бірінші жартыжылдықта мектепте 3 ата-аналар жиналысы өткізілді. Олардың екеуі ата-аналар жиналысы 9, 11 сынып оқушыларымен және ата-аналарымен бөлек болды. 9, 11 сынып ата-аналарымен қорытынды аттестациясын өткізу туралы айтылды. 9, 11 сыныптарда 2024 жылы қорытынды аттестаттау (қорытынды бітіру мемлекеттік емтихандары) өткен кезде, 9, 11 сыныптан кейін қандай пәндер мемлекеттік емтихандарға тапсырылады, 9-11 -сыныпта бітіру емтихандары қандай нысанда өтеді, бітіру емтиханын тапсыруға кім жіберіледі, егер емтихан алдында ауырып қалса, егер мемлекеттік емтихан бойынша екілік алса, қорытынды аттестаттауды мерзімінен бұрын және т. б. қандай жағдайларда тапсыруға болады. Қазақстандағы 9 - 11 сыныптарда оқуды аяқтау – бұл негізгі орта білім беру бағдарламасын аяқтау. Қазақстандағы негізгі орта білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеру оқушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады және 9, 11 сынып оқушылары үшін қорытынды мемлекеттік бітіру емтихандары түрінде өткізіледі. 9(10) және 11(12) сыныптарды аяқтағаннан кейін қорытынды аттестаттау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы).

Таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз), неміс), информатика).

Орыс, өзбек, ұйғыр мектептерінде қазақ тілі және мектептерде орыс тілі Оқыту қазақ тілінде.

Шығарма – мектептер үшін тереңдетілген гуманитарлық цикл пәндерін оқыту, диктант-қалғандары үшін. Шығарма - 4 сағат, егер диктант болса-2 сағат.

Жазбаша емтихан. Бөлінеді 3 сағат (мамандандырылған мектептер физика-математикалық бағыттағы 4 сағат).

Биылғы жылда 11 сыныпта 3 оқушы бар, бір қыз, екі ұл бала. Барлық оқушылар ҰБТ тестке қатысатын болды. ҰБТ-ға дайындалу мақсатында, биыл 11-сынып ата-аналарының жиналысында оқушылар Юстади және Дарын сайттармен ҰБТ ға дайындық жасайтынын шешім қабылданды. Балалар ертең ҰБТ-да қандай сұрақтар кездесетінін алдын ала білуі үшін ҰБТ-ға дайындық Дарын және Юстади сайтында жүргізіледі.

  • Қазақ тілі бойынша емтихан қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні және орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша білім алушылардың оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім беру деңгейлерінде академиялық жыл аяқталған кезде МЖМБС-қа (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша және ауызша нысанда өткізіледі.
  • Емтиханды өткізу уақытын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі айқындайды, тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып педагогтер әзірлейді және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді.
  • Қорытынды баға «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша емтихан (бес балдық шкала бойынша) және жылдық бағалау (бес балдық шкала бойынша) нәтижелері негізінде 30/70 пайыздық қатынаста қойылады. Қорытынды баға ең жақын бүтінге қарай дөңгелектеледі.

          Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 жылғы №96 бұйрығына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларының 35-тармағы 01.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар ата-аналармен электронды күнделікті қалай пайдалану керек екен түсіндірілді. Оқу жылының басынан бастап дайындық сыныбынан 11 сыныпқа дейін мектептің барлық оқушылары мен ата-аналарына электрондық күнделікте логиндер мен парольдер ашылды. Барлық логин мен пароль ата аналарға таратылды. 

Қорытындылай келе жатса жарты жылда Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде біраз атқарған шығармашылық жұмыс жүргізілді.

 

Оқу ісінің меңгерушісі Ахметова Ш.А.

 

Жаңартылған күні: 31.01.2022 10:36
Құрылған күні: 13.02.2024 11:10

Текст