«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Даярлығым-балбұлағым»

26.01.2021

Тақырыбы: «Даярлығым-балбұлағым»

Мақсаты: Балалардың сөздік

қорының тілін, ой өрісін кеңейту, бауырмалдыққа,

ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке, білімге қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, гүлдер.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:   : Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі балаларымыздың мерекесіне жиналып, «Даярлығым - балбұлағым» атты

тілашар тойының куәгері болып отырсыздар. Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі мерекелік іс шарамызды бастауға рұқсат етініздер!Ал ендеше балалар өздерінің мерекеге дайындаған тақпақтарымен ортаға шықсын!

 

Рамазан: Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып, ән жаттап,

Оқып, жазып үйрендік.

 

Нүргүл : Бірге болсын ойымыз,

Құтты болсын тойымыз.

Балалар біздің шаттана,

Ән айтады мақтана.

 

Мақпал: Үлкендердей тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

 

Мейірбан : Көз салып қарасаңшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар.

«Тілашар» тойымызға.

 

Жүргізуші: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет, желбіреген көк байрағы, айбынды елтаңбасы, асқақтаған әнұраны бар.

  • Мемлекеттік рәміздер туралы не білеміз? (Балалардың жауабы)
  • Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы)
  • Қазақстан Республикасының  алғашқы
  • Президенті кім? (Назарбаев)
  • Біздің облысымыз қалай аталады? Ақмола облысы)
  • Ауданымыз қалай аталады? (Астрахан ауданы)
  • Ауылымыз қалай аталады? (Жамбыл ауылы)

 

Айару: Ана - дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана - дейміз жас сәбидей жарқылдап.

Ана – дейміз бәйтерегі өмірдің,

Ана – дейміз алтын қазық, алтын бақ

 

Раяна: Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз, бағамыз.

Сіздер үшін аналар

Шырқап әнге саламыз

  • Ән: «Ақ мамам».

Жүргізуші: Бақытты болып жүргенім,

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің – тірегім,

Құшағында гүл атам.

 

НүрисламОтан ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.

Отан – ана, Отан-үлкен.

Қазақстан туған ел.

 

Мұхаммед  Міне, мен де,

Үлкен болдым.

Жасым толды 6-ға,

Кітаптағы ертектерді,

Енді оқимын шетінен.

 

Жүргізуші: Балалар бүгін біз сендермен бірге «Даярлық» атты кемеге отырып, «Білім» атты теңізге саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз онды, сапарымыз мәнді болу үшін бізге үйренген білімдеріміз қажет болады. Жолға шықпас бұрын бір – бірімізге тілектер тілейік.

Математика аралы (математика плакаты көрсетіледі)

  • Балалар, математика аралында нелер тұрады? (сандар,цифрлар,) Ал кәнекей санап көрейік

Ойын: «Көршісін тап» Санның құрамын табу. ....2...., ....5..., ...9..., ...12..

(Жұмбақ өлең бойынша есеп шығару)

Табақта төрт  алма,

Қолымда екі алма.

Қосқанда барлығын,

Болады неше алма? (алты)

Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (Екі)

Оң қолымда – бес саусақ,

Сол қолымда – бес саусақ,

Бесті беске қосамыз.

Кел, санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы? (Он)

Геометриялық қандай фигураларды білеміз? Дөңгелек, төртбұрыш,үшбұрыш

 

  • Балалар, сапарымызды әрі қарай жалғастырайық.

Сауат ашу аралы. (сауат ашу плакаты көрсетіледі)

  • Балалар сауат ашу аралында нелер тұрады? (Әріптер, дыбыстар)

Әріптерді қайталаймыз, айтамыз

-Қане, жыл мезгілдерін 2 тілде айтайықшы.

-Күз,Қыс,Көктем,Жаз

-Осень,Зима,Весна,Лето

 

- Ал қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс

Әріптерді тақтаға жазамыз

Мұғалім: Ал, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)


Мұғалім: Болуға тырыс талпынып,
Асылдардың көзіндей.
Кездейсоқпен достаспа,
Адалдығын сезінбей.
Күтуде сені келешек,
Қоғамға өзің берешек.
Аларыңды алып өс,
Болғанша әлі ересек.
Құлынтайдай болып өс,
Ата- анаңа болып ес.
Еліңнің қамын ойлайтын,
Азаматы болып өс!

Ән: «Топ-топ балақан»

 

Құрметті ата – аналар, қонақтар,сүйкімді бүлдіршіндер! Біздің «Даярлығым- балбұлағым» атты мерекеміз осымен өз мәресіне жетті.Біздің осы уақытқа дейін меңгерген сабақтарымыздан азғантай ғана мағмұлматтар бере алдық деген сенімдеміз.Алдағы уақытта бұданда жақсы етіп өнерімізді шыңдаймыз. Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар!

Просмотров: 255


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст