Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, үзінділер,интерактивті тақта, слайд,.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда - дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 9-10 сыныптар арасынан 2 топ қатысады. Ойын 6 айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.
1 айналым «Авторын тап»
2 айналым «Дода»
3 айналым «Ұшқыр ой»
4 айналым «Сандар сөйлейді»
5 айналым «Айшықты сөздер»
6 айналым «Қас - қағым сәтте» пазл құрастыру. 3 мин
Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
І-топ. Топтың аты – «Бірлік»
ІІ-топ. Топтың аты – «Достық»
Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.
1 - айналым «Авторын тап» Әр топқа өлең жолдарын оқып, авторын табу.
Бірлік тобы:
1.Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет шапқан кімде бар,
Сол жарасар туғанға (Абай “Әсемпаз болма әрнеге”)
2.Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты
Серт етіп өз-өзіме еткем егес. (С. Торайғыров “Шығамын тірі болсам адам болып”)
3. Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім. –
- Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім. (М.Мақатаев Махаббат диологы
«Достық »тобы
1. Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп-сұр көр.
Тасбиқ санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсінер,
Менің бір қарт анам бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол анамды сүйемін! М.Жұмабаев Сүйемін
2. Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн,
Бұлықсып жүрген ерлерден
Бұрынғы бақыт тайған күн, М.Өтемісұлы «Мұңар күн»
3. Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған. Ы.Алтынсарин «Өзен»
II кезең “Дода”
М: «Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.» Келесі кезең- «Дода»
Әр топқа мақал оқу, сендер жалғасын табу. «Бірлік» тобы
1.Тіл — адам ойының … (айнасы)
2.Аңдамай сөйлеген … (ауырмай өледі)
3.Ойнап сөйлесең де… (ойлап сөйле)
4.Тисе терекке, тимесе … (бұтаққа)
5.Айтылған сөз, … (атылған) оқпен тең
6.Бал тамған тілден … (у) тамар
7.Көп сөз — … (бос сөз)
8.Көп сөз — күміс, аз сөз — … (алтын)
9.Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде …(мылжың) боласың.
10.Таза сөйлеу – биік … (мәдениеттілік
«Достық» тобы
1.Жолдасы жақсы жолды болар, (жолдасы жаман қолды болар).
2.Ұсталы ел озар, (ұстасыз ел тозар).
3.Дос жылатып айтаты (Дұшпан күлдіріп айтады).
4.Ерлік білекте емес, (жүректе).
5.Талапты ерге (нұр жауар).
6.Ақылды қария – (ағып жатқан дария)
7.Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды).
8.Жігіт бір сырлы. (Сегіз қырлы болсын).
9.Туған жердей жер болмас (Туған елдей ел болмас)
10.Ел үмітін (ер ақтар).
ІІІ кезең «Ұшқыр ой» әр топқа логикалық сұрақтар берілерді
І-топ. «Бірлік»
1. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе,
Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен? (Данияр 3 жас)
2. Әкесі , шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін
үшеуінің жастары нешеге жетеді? ( 82жас )
3. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар
ағашта қалуы мүмкін. (3 ұзақ қалды)
4. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылған. Әрбір екі үйеңкінің ортасына
екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу?
(20 жөке ағашы)
5. Ажем , анам және мен –үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр.Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.
(Әжесі анасы баласы)
6.Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2есе қымбат. Енді 8 метр сәтенге көп ақша кете ме,
әлде 4 метр жібекке көп ақша кете ме? (Тең)
7. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?
12 құс. (Тордан ұша алмайды)
«Достық» тобы
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса,
бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
3. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем,әрқайсының жасы нешеде? Жауабы: 36;12
4. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
5. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Жауабы: екі сағат
IV кезең “Сандар сөйлейді”
М:«Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. » — деп келесі кезеңді бастаймыз.
«Бірлік» тобы
4000:2-127= 1873 ж. Ахмет Байтұрсынұлы)
1000*2-106= 1894 ж. Сәкен Сейфуллин)
2000+125-228= (1897 ж. Мұхтар Әуезов)
«Достық» тобы
750:2+1103=1853 Шәкәрім
455*2+983=1893ж
2400:3+1085=1885ж Міржақып
Ү кезең -"Айшықты сөздер" бұл айналымда бірнеше сөз тіркесі беріледі оқушылар бір сөзбен айтуы керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.
1-топ.
1. Төбе шашы тік тұрды. (қорықты)
2. Қолды болды (Ұрланды)
3. Жүрек жұтқан
(батыр)
4. Қоян жүрек (қорқақ)
5. Көз ілінбеді (ұйықтамады)
6. Бетінен оты шықты (ұялды)
7. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
8. Төбесі көкке жетті (қуанды)
2-топ.
1. Күлін көкке ұшыру (құрту)
2. Жүрек жалғап алды (тамақтанды)
3. Көзін-ашып жұмғанша (лезде)
4. Беті бүлк етпеді (ұялмады)
5. Ит терісін басына қаптады (ұрысты)
6. Тісіңнен шығармау (айтпау)
7. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
8. Ит өлген жер (алыс)
6 - айналым «Қас - қағым сәтте» пазл құрастыру.
Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. –
деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады. .