«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жамбыл орта мектебінде 07-11 желтоқсан аралығында өткен тарих апталығы бойынша мәлімет

09.02.2021

Тарих адамзат  баласының өткенін зерттейтін ғылым. Оның негізгі кейіпкері ол  - адам. Тарих адамдардың қалай өмір сүргенін , пайда болғанын , түрлі ұлттардың тұрмыс – тіршілігін , сонымен қоса сол кездерде қандай оқиғалар болғанын зерттейді .Бұрынғыны біле отыра , біз уақыттар бойы адамдардың қиыңшылықтарын , неден айырылғандарын көреміз.Ол көптеген күрестерге , шешімдер мен өмірлерге толы құбылыстар жинағы.

2020 жылдың 7-11 желтоқсан аралығында Жамбыл орта мектебінде «Ұлт-азаттық көтерілістер» атты тарих апталығы өткізілді. Алдын ала апталықтың жоспары ӘБ отырысында қарастырылып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бекітілді. Апталықтың жоспары бөлімдерге таратылып, хабарланды.

Апталықтың мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту, өткен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.

Тарих пәнінің құрылған жоспары бойынша апталықтың салтанатты ашылуы, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

1 күн:  07.12.2020ж. апталықтың ашылу салтанаты болды, апталықтың жоспары хабарланып,  апталыққа арналған банер, қабырға газеттері ілінді.

2 күн: 08.12.2020ж 5-10 сынып оқушыларымен  «XXI ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс өтті. Сайыстың мақсаты өткен тақырыптарды пысықтау, қайталау. Сайыс өте қызықты, мазмұнды өтті.

Бұл сайыста 10cынып оқушысы Сағынбек Мейрам жеңіске жеті. Мен сайысты өте мәнді жоспарлап, мақсатыма жеттім. Сабаққа қатысқан мұғалімдер сайыстың жақсы дәрежеде өткенін білдірді.

 

         

    

 

3 күн: Апталықтың үшінші күні 8-9 сыныппен «Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының (Қаз АКСР) құрылуы» тақырыбында ашық сабақ өтті.  Сабақта оқушылар топпен жұмыс жасады, интерактивті тақтамен тапсырмалар орындап, жаңа технологиялық әдістер пайдаланылды. Әріптестер тарапынан жас маманның өткізген ашық сабағы жоғары бағаланды.

     

 

    

4 күн: Жоспарға сай төртінші күні «Қазақ топонимдерінің шежіресі» атты тақырыппен 7-сыныпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты, Қазақстандағы жер-су атауларының шығу тарихына мән беру. Дөңгелек үстелге қатысқан оқушылар өз еліміз бен жеріміздің тарихын білді. Еліміздегі жер-су атауларының қалай пайда болғанын біліп ғана қоймай, сонымен қатар оны ұмытпай, есте сақтап, өскелең ұрпаққа дарытады деген ойдамын!

     

   

5 күн: Апталықтың соңғы күнінде сайыстарға, сыныптан тыс іс-шараларға белсене қатысқан, жүлделі орын алған сыныптар, оқушылар мадақтау грамоталармен марапаталды. Тарих пәні апталығына жоспарланған шаралар мезгілінде әрі жоғары деңгейде өтіп, оқушылар апталықтан жақсы әсер алды.

 

Просмотров: 292


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст