Тақырыбы: Ауғанның асуында от кешкендер!
Әнұран.
Мақсаты:
Күтілетін нәтиже:
Көрнекілігі: презентация, бейнеролик, қабырға газеттері, суреттер.
Формасы: тәрбие сағаты
Жоспары:
І. Ерлік сабағының ашылуы
ІІ. «Ауғанстан соғысы-жарияланбаған соғыс»
ІІІ. Кеңес әскерінің Ауғаныстандағы қызметі
ІҮ. Ауған соғысындағы Қазақстандықтардың адам шығынына байланысты архивтік деректер
Ү. Ауғанстан тарихынан дерек
YІ. Ардагерлерге арнаулар
YІІ. Концерттік бағдарлама
YІІІ Қорытынды
Барысы: Кіріспе сөз:
Құрметті қонақтар, Ұстаздар мен оқушылар! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер!
32 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған бұл соғыстан елге қайтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 – жуық адамы құрбан болды. «Ерлік қашан да елге мүра, ұрпаққа - ұран» болатыны белгілі.
Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. 14 мыңға жуық кеңес жауынгерлері бұл соғыста үйлеріне оралмады. Олардың ішінде қазастандықтар да бар еді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, мәңгілік алаулар жағылады. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян.
Ақерке: Бұл соғыстан қанша боздақтар оралмады, сол боздақтардың аналары әлі күнге дейін қара жабылып қасірет шегуде. Әр ана баласының кеміс те болса тірі келгенін құдайдан тілемей ме? Сол үмітінің ақталмай, баласының өлі денесін алудан артық анаға бұл дүниеде тең келер қандай қасірет бар?
Айым: Ауғанстан туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті. Бірақ, бұл ел бізге ұмтылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің жүрек жарар ұлын, біреудің бауырын бұл жалғанда жұлып әкетерін кім білген.
Мейрам: Ауған соғысы туралы статистикалық мәліметтер
1976 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Тарих жылнамасының өзінің қаралы,нәубет жылдарымен орын алған зұламаттардың бірі-Ауған соғысы.
Қазақстандықтар саны – 22 мың 269 жауынгер
Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды
Жар ұшып ,бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралды
Хабарсыз кеткендер – 21
Кеңес Одағының батыры атағын алғандар – 86
Бейбіт күн кешіп жүргендер – 600
Әли: Әлем бесігі қай уақытта да болмасын,дүрбелеңде ,жер адамзаттың алтын бесігі, сонда да адам баласы дүниенің қай түкпірінде жүрмесін,қандай ұлт ,ұлыс болмасын,тыныштықты ,бейбітшілікті аңсайды. Ауған жерінде саясат шытырманы шайқалтқан соғыс өртін басуға қатысқан ,қиямет атыс пен шабысты көзімен көріп,ерлік туын жықпай елге аман-есен оралып,жастарға патриоттық тәрбие беруде және батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыз арамызда.
Мұғалім сөзі: Бұл соғыста көптеген жас жауынгерлер қаза тапты, жараланып бір өмірге мүгедек болып қалды. Хабар- ошарсыз кеткендері де болды. Біздің Отанда бейбітшілік болса, Ауғанстанда көптеген біздің жас жігіттер интернационалдық борышын өтеу үстінде қаза тапты, жараланды. Сондай от шарпыған қанды жат жерлік майданнан ауылдас ағамыз Ержан Сұлтанбаев аман-есен оралды. Соғыстың аты соғыс. Соғыста көп жан түршігерлік оқиғалар болады. Ержан Сұлтанбаев ағамыз Отан алдындағы борышын адал, абыройлы атқарды. Оның дәлелі «Ауған халқы атынан алғыс» медалі мен СССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы.
Дина:
Жұлдыз:
Кеңес әскерінің Ауғаныстандағы қызметі
Ауғанстан тарихынан дерек (бейнеролик)
Мұғалім сөзі: «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызды біз қашан да мақтан тұтамыз.
Есенғали:
Ауғанда сонау жылдар хат келетін,
Қанармен хаттар тола қап келетін.
Тыншымай тыпыршыған тола солдат,
Хатты көрсе, топырлап тап беретін.
Ауғанда сонау жылдар хат келетін,
Ауылдың ақ сәлемін ап келетін.
Күткенде жақсы хабар жолдасының,
Қуантып құлағынан шап беретін.
Аңсартып алты айда шақ келетін.
Бексұлтан:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң.
Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезінде әр ауылдан, әр қаладан.
Аттанып қан майданға сендерсің ғой
Соғыстың бар азабын арқалаған.
Индира:
Жетпесем де шегіне шын арманның,
Қырқылғанша қанатымнан самғармын.
Жалынжастан зарын тартқан Ауғанның,
Тар жол тайғақ кешіп өткен тарланмын.
Айтқан сөзін екі етпеген сардардың,
Дайын тұрар сайыпқыран сарбазбын.
Өмір үшін өлімге де, сан бардым,
Ал бармауға намыстандым, арландым.
Бұл күндері ортасында жанжалдың,
Ойым дал боп жауап қатпай сандалдым.
Отанымды от кешсемде қорғармын.
Мирам:
Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер?
Жырым бар жараланған жаңыңды емдер.
Өлгендердің жаннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.
Ерлік қылған аталарым аспан асты, ер үсті,
Біз сәндікке кимейміз деп, - шалбар менен бөрікті.
Отан – ана алдындағы өтеймін деп, - борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
Әли:
Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,
Әндететін кездеріңде ауылында төс керіп.
Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттіңмүлде жоқ болып.
Жау дейміз ау, қолдан жасап жауыңды,
Саясаттың сайқалдағы ай уаландарған тамырды.
Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар».
Есенғали:
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерер,
Болашаққа, алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан,
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
Дина:
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін
Достым, білгің келе ме?
Отан – сенің ата – анаң
Отан – досың, бауырың,
Отан - өлкең, астанаң,
Отан – аудан,ауылың
Отан – тарих, Отан-тіл,
Жасаған елің, өз халқың!
Отан - өлең, Отан – жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан-осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өсіп жан – жағың,
Оны ардақтап, сүйе біл!
Бексұлтан:
Әуелің Отан – ана алды
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Индира:
Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата – ана, бала – шағасы, жары, дос – жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
Айым:
Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын.
Шайқасты олар қасық қаны қалғанша,
Бермек еді бейбіт елге қол ұшын.
Жұлдыз:
Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.
Ардагерлер – естелігі ерліктің,
Ұрпақтары ұмытпайды мәңгі естен.
Ақерке:
Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,
Оған әркез көңіліңнің толмайтыны – ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат.
Ән: «Жаса Қазақстан!».
Қорытынды сөз:
Ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін – бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір – түкпірінде еңбек етуде.
Қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен ерен еңбегінің арқасында еліміз тыныш, бейбіт күн кешуде.
Барша елімізді қорғаған ер азаматтарымыз, күндіз – түні шекарада кірпік қақпай тұрған сарбаздарымызға мың алғыс айтамыз.
Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
Міне, құрметті қонақтар, «Ауғанның асуында от кешкендер» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.