«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мұқағали-жыр алыбы"

15.02.2021

Тақырыбы: "Мұқағали-жыр алыбы"

Мақсаты: М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізу. Ақынның шығармаларыан өзінше ой түюге, шығармашылыққа баулу. Елжандылыққа, туған жердің қадірін ұғынуға, өлең құдіретін сезінуге тәрбиелеу.

Түрі: Әдеби кеш

                              "Мұқағали-жыр алыбы" әдеби кеш

 

1 – жүргізуші: Кеш жарық, құрметті ,ұстаздар мен оқушылар! Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген "Мұқағали-жыр алыбы" атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты халық!

2 – жүргізуші: Құрметті бүгінгі өнер кешіне,өлең кешіне жиналған қауым, бүгін біз қазақ поэзиясының өткір де тұщымды тіл құралының құндылығы мен өзектілігіне мән бере отырып, қалам шеберінің туындыларының «Менің жүрегімдегі орны мен тұлғалық болмысының қалыптасуындағы ықпалы қандай?» деген сұрақтарға бүгінгі кеш жауап табуға мүмкіндік жасайды. М.Мақатаев ең алдымен халық ақыны, қазақ жырының шоқ жұлдызы, сұлулық сарайының шебер тасқалаушысы.

Сырым да – осы,

Жырым да – осы

Алдыңда

Байқалып бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

... Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты –

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

1-жүршізуші: Ендеше, ақынның өз даусымен оқылған өлеңдері мен өмірінен сыр шертетін слайдты назарларығызға ұсынамыз!

1 – жүргізуші: Жалғасы бар

Жырымның жалғасы бар.

Жырларым жылдарменен

Жалғасыңдар – деп Мұқағали

айтқандай оның үні мәңгілік жалғасуда. Олай болса, "Поэзия-жүрек кілті" Мұқағали өлеңдерін оқушылар  мәнерлеп айтып берсін.

  1. Дарын « Анау аспан, мынау бақ»

2 Балжан «Шеше сен бақыттысың»

3 Адина «                                   »

4 Дарын «                                   »

5 Фариза « Фариза қыз»

 

 

 

2 – жүргізуші: Домбырам жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң

Өнердің не екенін білмес едім-

 

деп ақын өзі айтқандай келесі кезекте орындауындағы"  Сенің көзің" әніне кезек берсек.

 

 

1-жүргізуші:

Ақынмын деп мен қалай айта аламын.

Халқымының өз айтқанын қайталадым

Күпі күйген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын,-тағы да Мұқағали жырлармен сусындау үшін өлең оқушыларға кезек берсек.

1. Жасұлан

2.Кәусар  "Шыда,шыда"

3. Айқын «Қайран, Қарасазым-ай»

 

Мұғалім:

Айналайын атамекен ақ мекен,

Қандай қазақ сені іздеп тапты екен.

Айналайын,атамекен ақ мекен,

Туған өлке тәтті екен ғой, тәтті екен!

Олай болса, ақын сөзіне жазылған "Саржайлау"әнін  тыңдаңыздар

 

1Назар «Дос болам, десең»

2. Балжан «Отан туралы»

3. Қаламқас «Сәби болғым келеді»

4. Дильназ «Сәби болғым келеді»

5.Бекзат «Асығып алыс күндерден»

 

 Азамат ағайларыңның орындауында ән «Отыздан асып барамын»

 

 

2-жүргізуші:

«Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса М.Мақатаевта көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе-күн қасымызда. Әне ол мұзбалық қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды бір өзі толтырып, жазық маңдайы жарқырап, жалтырап жыр оқып тұр!...»деп Әбіш Кекілбаев айтқандай Мұқағали өлмек емес.

1-жүргізуші:

"Мұқағали-жыр алыбы" атты әдеби кешімізді аяқтаймыз

 

 

Просмотров: 249


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст