12 ақпан күні «Жамбыл ауылының ЖОББМ» ККМ-де «Оқытудың инновациялық тәсілі арқылы оқушылардың білімін тереңдетуді зерттеу үрдісі атты Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде» аудандық семинар өтті. Мақсаты: Семинар барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері арқылы логикалық ойлау деңгейін дамыта отырып, инновациялық тәсілмен ойлау қабілетін көрсету мақсатына сәйкес Психолог Әлжанова Ш.Ш Семинар қонақтарын қарсы алып,танысу, амандасу мақсатында тренинг өткізді .2 сынып оқушыларымен бастауыш сынып мұғалімі Дюсекеева М.О. «Ғаламшарлар қандай болады?» атты жаратылыстану сабағынан ашық сабақ өткізді. Сабақта балалар планеталардың аттарымен танысты. Мұғалім сабақта балалармен бірге ғарышқа саяхат жасады. Екінші «Калашников автоматын ( қол пулеметін) жартылай бөлшектеу және жинақтау» атты АӘТД пәнінен ашық өтті. Өткізген АӘТД мұғалімі Смаилов М.С. 9-10 сынып оқушыларының барлығы сабаққа белсенді қатысты. Автоматты құрастыру және бөлшектеу дағдыларын біледі. Үшінші сабақты қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Қуанышова Д.О. өткізді. Сабақтың тақырыбы «Бос уақытты тиімді пайдалану». 5-сыныптың барлық оқушылары сабаққа белсенді қатысты, интерактивті панельмен жұмыс істеді, сабақтың тақырыбын толық түсініп, аша алды. Төртінші ашық сабақты мектептің кішкентай даярлық тобымен бастауыш сынып Рахимжанова Н.Г. өткізді. Сабақтың тақырыбы «Артық, кем, тең» математика сабағынан өтті. Ең кішкентай тәрбиеленушілер өз қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Бесінші сабақ информатика пәнінен өтті. Тақырыбы «Шартты пішімдеу» 7 сынып. Сабақты өткізген математика және информатика жас мұғалімі Смаилова А.Х. Сабақ жоғары инновациялық деңгейде өтті. Мұғалім балалармен түрлі платформаларда жұмыс істеді. Панельмен жұмысын көрсетті. Алтыншы сабағын «Саптық жаттығу» атты дене шынықтыру мұғалімі Аубакиров А.Д. көрсетті. Мұғалім қонақтарға спорттық жарыстардың әртүрлі түрлерін көрсете алды. Тәрбие ісінің орынбасары: Жакупова Л.Қ.аға тәлімгер Смагулова Ж.А. семинар соңынан концерт өткізілді.Тәрбие ісінің орынбасары Даналық мектебі бойынша жасалған жұмыстардан көрме ұйымдасырып,жоспарымен таныстырды.5-10 сынып оқушларының қатысуымен өтілген бұл іс –шара жоғары деңгейде өтті.