«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

География, биология апталығының мәліметі

26.04.2021

Апталықтың 1-ші күні.

12.04 күні апталықтың ашылу күні  2-5 сынып оқушылары арасында «Көктемгі табиғат» тақырып аясында «Суреттер көрмесі» өткізілді. Мақсаты : балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру,туған жерге сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Апталықтың 2-ші күні.

13.04 күні «Митоз бен меиоздың биологиялық маңызы» тақырып аясында 8-9 сынып оқушылары аралығында Құрметқызы М. Ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз мен мейоздың маңызын түсіндіру. Көбею түрлерін ажырату.

Апталықтың 3-ші күні.

14.04 күні «Ол кім?» «Бұл не?» атты география пәнінен интеллектуалды сайыс сабақ 7 сынып оқушылары аралығында Құрбанбекқызы К. өткізді. Мақсаты: оқушылардың география пәнінен алған білімдерін тексеру. Сайысқа оқушылар  2 топқа бөлініп «Мұхит» және «Материк» топтары қатысты.Сайыстың соңында 24/21 баллмен «Материк» тобы жеңімпаз атанды.Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

14.04 күні «Құстар біздің досымыз!»тәрбие сағаты7,8,9 сыныптар аралығында биология пәнінің мұғалімі Құрметқызы М өткізді. Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы мағұлмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиыспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.

Апталықтың 4-ші күні.

 15.04 күні «Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуеті» атты география пәнінен 8-9 сынып оқушылары арасында ашық сабақты Құрбанбекқызы К. өткізді. Мақсаты: Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтау,география пәнінен білімдерін арттыру. Сабақ барысында оқушылар 3 топқа бөлініп тапсырмалар  орындады.Үй тапсырмасын: «Өрмекші әдісі». Сұрақ-жауап арқылы сұрады. Сабақ барысында постер қорғау.

Апталықтың 5-ші күні.

16.04 күні апталықтың соңғы күнінде оқушылар жасаған құстың ұяларын ағашқа ілді.Биология пәні мұғалімі  Құрметқызы М.7-10 сынып оқушылар аралығында «Ең үздік дәптер» сайысын ұйымдастырды.Сайыс шарты бойынша оқушылардың дәптер тазалығын тексеріп,сол бойынша марапаттады.  Бес күнге жоспарланған апталық өз дәрежесінде өтіп,қойған мақсаттарға жеттік деген ойдамыз.

Просмотров: 268


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст