Сабақтың тақырыбы: «Математикалық марафон»
Сабақтың түрі: Интеллектуалдық ойын сабақ
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 3 сыныптар арасында өтетін «Математикалық марафон» атты интеллектуалдық сайыс сағатымызға қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айту керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға, бір гулден беріп отырамыз.
2. Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
1. «Алғырлар тобы» Нұрсауле
Ұраны: - Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
2.«Тапқырлар» тобы Нұрасыл
Ұраны: -«Мақтанбаймыз «тапқырмыз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Тапқыр» бала атанып,
Бізде ғалым боламыз.
Мұғалім: Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады
1 - бөлім «Бәйге»
2 - бөлім «Ағаш отырғызу»
3 - бөлім «Гүл отырғызу»
4.- бөлім «Құстардың тапсырмасы»
5 - бөлім «Қызықты тапсырмалар"
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік. (Әуен ойнайды) «Жасыл дала, құлпырған қып - қызыл гүлдер, сарқырап аққан мөп - мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген күн сәулесі». Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық. – Мұғалім:- Қандай көрініс елестеттіңдер?
- Оқушылар: Әсем табиғат
Мұғалім: Ендеше мен сендерге проблемалық ой тастағым келіп тұр. Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат ата - анасымен бірге көлдің жағасына дем алуға барады. Асқар мен Болат суға шомылып, күнге қыздырынып болған соң, анасы оларды тамақтануға шақырады. Тамақтанған соң ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді. Қарбызға тойған соң, олар қабықтарын көлге лақтырып ойнады. Анасы тамақ ішкен ыдыстарын салып алды да, тамақтың қалдықтарын көлге, лақтырып қалған қоқыстарын жинамастан балаларына:
- Тез машинаға отырыңдар, үйге қайтамыз - деді. Сөйтіп олар машинаға отырып кете берді. Табиғатымыз қоқыстанған, ластанған. Соны тазалау үшін, өз үлестеріңді қосуларыңды сұраймын. Ол «Бәйге» бөлімінің тапсырмасын шешулерің қажет.
Сонда әсем табиғатымыз қоқыстан тазартылады.
І. Бәйге бөлімі
Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Бәйгедегі тапсырманы
Лезде шешіп тастайық.
«Тапқырлар» тобы Нұрасыл
1. Ең кіші үш таңбалы сан. (Жүз)
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. (Шаршы)
3. 8 онд. 4 бірл
4. 3 дециметрде неше сантиметр бар?
5. 2 сағ неше минут бар
6.Бірдей екі костюм 1400тг тұрады, осындай 4костюм қанша тұрады?
«Алғырлар» тобы» Нұрсауле
1. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
2.Қандай фигураның қарама қарсы қабырғалары тең?
3. 4 тәулікте неше сағат бар? (96)
4. Бір аптада неше күн бар? (7күн)
5. Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз.( Шеңбер)
6.Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағ ойнады, әрқайсысы неше сағат ойнады?
Мұғалім: Оқушылар өте жақсы тапсырманы орындадыңдар.
Әсем табиғатымызды, суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады. Таза ауамен дем алсақ, денсаулығымыз да мықты болады.
- Балалар, біз даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса аламыз?
Оқушылар:- Қоқыстан тазалаймыз, ағаш отырғызамыз, гүл егеміз.
Ендеше, балалар, табиғатымызды таза ұстап, қамқорлыққа алу, гүлдер егіп, даламызды жасыл желекке айналдыру - болашақ ұрпақ сендерге байланысты.
Сондықтан өз үлесімізді қосайық...
2 бөлім:«Ағаш отырғызу»
Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ, ол дұрыс өспей қалады. Ал сендердің ағашты дұрыс отырғызғандарың, тапсырманы дұрыс орындағандарың болып саналады.
« Тапқырлар» тобы»
Ертеде 1 ағаштың 12 бұтағы бар екен.
Әр бұтағында 30 - дан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара, кәнеки ойлан тап?
(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
«Тапқырлар тобы»
«Білгірлер тобы»
Енді әсем табиғатымызға көрік беретін құстар жетіспейді, қане құстарымызды шақырайық.
Математикалық өлең есеп
«Аққу» тапсырмасы..
«Тапқырлар тобы»
1. Көлден ұшты 50 қаз, Қайтып қонды 15 қаз
Қонбады оның нешеуі, Қане кім тез шешеді?(35қаз)
2. 60 алманың 19 – ынДосың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады. (41 алма)
3. 300 асықтың 30 - ын, Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі Өз қолымда қалады. (270асық)
«Алғырлар» тобы
«Қарлығаш» тапсырмасы
1). Аулада 60 үйрек, Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды 10 үйрек жығылды, Қалғаны неше үйрек?
(70 үйрек)
2). 11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы?
(24 жануары)
3) Табақта 105 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
(110 алма)
5 - бөлім: Қызықты тапсырмалар.
« Тапқырлар тобы»
1. Далада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны – он төрт. Далада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
«Алғырлар» тобы
1. Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2кг болады. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?
2. Егер 1 килограмм алманың бағасы 500 теңге болса, 3кг килограмм алма қанша тг болады?
Қорытынды: Оқушылар сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Енді қай топта қанша гүл жинағанын санаймыз. Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып, табиғатымызды қорғай білейік, оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді. - Осымен, балалар «Математикалық марафон» атты сайыс сағатын аяқтай отырып. Жеңімпаз топты анықтап, қатысып өз білімдерін көрсеткен барлық оқушыларға рахмет айтамын. Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!
Бастауыш сынып мұғалімі:
Құлмағамбетова Перизат Орынбайқызы
Математика сабактан тыс 3 сынып